Талдықорған: +10°C
$ 458.85
€ 503.50
₽ 5.59
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
29 қараша — Мәслихаттар депутаттарының сайлауы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ЭКОНОМИКА

Жетісу облысына тартылған инвестициялар көлемі 1,4 есе өсті

17 ақпан 2025
ЭКОНОМИКА
Жетісу облысына тартылған инвестициялар көлемі 1,4 есе өсті
WhatsAppTelegramFacebook

2024 жылдың қорытындысы бойынша аймақ экономикасына 522 миллиард теңге инвестиция құйылған. Бұл 2023 жылғы көрсеткіштен 1,4 есеге артық. Оның ішінде жеке инвестицияның үлесі 394 миллиард теңгені құрады, бұл алдыңғы жылдан 1,7 есеге өсті. Жалпы өткен жылдың қорытындысында қысқа мерзімді экономикалық индикатор бойынша көрсеткіш облыста 114,8 % құрап, республикада 2-ші орыннан көрінді. Бұл туралы облыс әкімі Бейбіт Исабаев «Jetisy» телеарнасы студиясында облыстық БАҚ өкілдеріне берген кеңейтілген сұхбаты барысында айтты, — деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Өңір басшысының айтуынша, өткен жылы өнеркәсіп саласында 200 жұмыс орнын ашқан «Asma Industrial» өндірістік аккумуляторлар зауыты іске кірісті. Сонымен қатар біраз жыл бойы жұмысы тоқтап тұрған майлы дақылдар өңдейтін «Жетісу Мажико» агрокешені былтыр қайта іске қосылды.

– Ал биылғы жылдың жоспарына келсек, Талдықорғандағы «Қайнар АКБ» зауытының өнеркәсіптік аккумулятор батареяларын шығаратын жаңа жобасы іске асырылады. Жобаның құны 10 миллиард теңгеден асады, 150 жұмыс орнын ашу межеленген. Бұдан бөлек, биыл Кербұлақ ауданында ең ірі инвестициялық жоба тау-кен металлургия комбинаты іске қосылады. Құны 1,3 триллион теңге. Комбинатта 2000 жұмыс орны ашылып, жергілікті жұртшылықты жұмыспен қамтиды. Өткен жылы осы жоба бойынша теміржол желісі, қойма ғимараттары салынған болатын. Ал биыл құрылыс-монтаж жұмыстары басталады. Талдықорғандағы «Басқуат» жылыту қазандығының аумағында тұрмыстық қалдықты қайта өңдеуден өткізетін зауыттың құрылысы жүреді, келесі жылы құрылысты аяқтау жоспарда бар, –  деді Б. Исабаев.

Өңірдің көлік-логистикалық әлеуеті жайына тоқталған өңір басшысы  «Қорғас – Шығыс қақпасы» арнайы экономикалық аймағы облыстың экономикалық өсу нүктесі екенін атап өтті.

Мысалы, жыл басында жел генераторлары мен энергия жинақтау жүйелерін шығаратын заманауи зауыт салу жобасы іске асырыла басталды. Жобаның құны — 40 млн АҚШ доллары, 300-ден астам жұмыс орны ашылады.

Биылғы жылдың соңына қарай арнайы экономикалық аймақ аумағында «SKYHANSA» ЖШС-ның заманауи үлгідегі әуежайдың құрылысы басталады деп күтілуде. Жүк және жолаушылар терминалын қамтитын жоба қолға алынады. Оның құны 250 миллиард теңгеге тең.

Қысқаша айтқанда, 2025-2027 жылдары Жетісу облысында 120-дан астам инвестициялық жоба жүзеге асырылып, 10 мыңнан астам жұмыс орны ашылады.
Облыс әкімі атап өткендей, ел Президентінің тапсырмаларын ескере отырып,  өңірді дамытудың осы жылға арналған бірнеше негізгі бағыттары айқындалды. Олардың қатарында ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу, өнеркәсіп секторын дамыту, туризм, цифрландыру салалары бар.

Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Фото: Жеңіс Ысқабай

Қатысты жаңалықтар

Депутаттан есеп талап етуге болады: мәслихат сайлауы тұрғындарға қандай мүмкіндік береді?

Депутаттан есеп талап етуге болады: мәслихат сайлауы тұрғындарға қандай мүмкіндік береді?

26 қараша 2026
Қазақстанның жаңа Ата Заңы қандай өзгерістер әкелді?

Қазақстанның жаңа Ата Заңы қандай өзгерістер әкелді?

26 қараша 2026
Президент Жолдауы: Инфрақұрылым, экономика және әлеуметтік салаға басымдық берілді

Президент Жолдауы: Инфрақұрылым, экономика және әлеуметтік салаға басымдық берілді

26 қараша 2026
Тастаяқтан топ жарды

Тастаяқтан топ жарды

26 қараша 2026
Жансақтау бөліміндегі 1 минут – адамның тағдыры

Жансақтау бөліміндегі 1 минут – адамның тағдыры

26 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.