Талдықорған: +1°C
$ 503.17
€ 600.89
₽ 6.63
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР АНАЛИТИКА

Нөмірге байланған өмір

22.01.2026
АНАЛИТИКА, ӘЛЕУМЕТ, КҮНДЕРЕК, ЭКОНОМИКА
Нөмірге байланған өмір

kolesa.kz

WhatsAppTelegramFacebook

Өмірің нөмірге байланса, үш цифр киеге айналса, көлігіңе таққанда бақыттан басың айналса, бүкіл мәселең шешіліп, көңілің содан жайланса – бұл адам ақыл-парасатының ғаламат жемісі ме әлде?.. Бұған сәл кейінірек тоқталайын. Алдымен қазақ дүниетанымындағы сандар сырын сөйлетіп көрейік. Әрқайсысының тереңіне үңілсеңіз, бабаларымыз ойнап отырып, ойдан құрай салмағанына көз жеткізесіз.

Мәселен, 7 санына ерекше мән беретін жұртпыз. Бұл бабаларымыздың рухани көкжиегінің кең екенін білдірсе керек. 7 қат аспан, 7 қабат жер деуінің өзі де Жаратқанның тылсымына шүбәсіз сенгенін байқатпай ма? Ислам дінімен байланысты 7 күннің сұлтаны деп Жұманы қадірлеуінен шығар, өмірден өткен аруақтарға жасайтын құрметін де осы бесінші күнде көрсетуге тырысқан. Арнайы Құран бағыштап, дұға жасау үшін 7 шелпегін пісіріп, садақа ретінде көрші-қолаңға таратқан. Сонымен бірге жеті ата, жеті қазына, жеті жұт деп жалғаса беретін шежіре-таным, наным-сенімдер мен ырым-тыйымдар да аз емес.

Кейде бір үйге қайта-қайта бас сұқса, «тойған жерге тоғыз кел деген» бір-ақ ауыз сөзбен өзін ыңғайсыз жағдайдан еркін сезінуге жол тауып алады. «Білгенім – бір тоғыз, білмейтінім – тоқсан тоғыз» деп көргені мен көңілге түйгенінің деңгейін де білдіріп жатады. Ана құрсағындағы мерзімді «тоғыз ай, он күн көтерген» деп топшылайды. Тізе берсек, тоғыздың да төңірегінде біраз әңгіме айтуға болады.

Ал 40 санына не үшін ерекше мән берген? Әуелі ғылымға жүгінейік. Ана құрсағындағы кезеңді эмбрология ғылымына сүйенсек, шарана әр 40 күн сайын дамып отырады екен. Ал ата дәстүрімізде өмірге келген сәбиді қырқынан шығару да осы 40 санымен байланысты. Адам өмірден өткен соң араға 40 күн салып, қырқын беріп жатуымыз да бекер болмаса керек. Шариғатқа бойласақ, адамзаттың асылы болған Алла Елшісі Мұхаммедке (с.ғ.с) пайғамбарлық 40 жасында берілген. Ақын-жырауларымыздың біразынан кездесетін 10 жастан, 100 жасқа дейінгі аралыққа арнаған толғауларында әр санның яғни, әр он жылдың қадір-қасиеті бар екені терең айтылған. 7 санынан басталған сандар сыры бабаларымыздың өнегесі мен өсиетіндей болып өзегімізге нәр беріп келе жатқалы қашан?!

Ал енді, сөз басында қозғалған нөмір жайлы көңілге алған ойымызбен бөлісейік. «Келісейік, келіспейік» десеңіз өз еркіңізде. Қазақ даласында темір тұлпардың салтанат құрғанына да көп бола қойған жоқ қой. Кеңес одағы тұсында «Жигули», «Волга», «Москвич» дегендеріңіз екінің біріне емес, қолы жеткенге ғана бұйыратын еді. Бала кезімізде ауыл басшылары «УАЗ» көлігін мінетін. Кішкентай шағымдағы көзім көрген көліктерді тізіп отырғаным ғой. Балалық па білмеймін, сол тұлпарлардың нөміріне аса мән бермеппіз. Одан тәуелсіздік алдық, үшінші мыңжылдыққа қадам бастық, осы тұста түрін көрмек түгілі, түсімізге кірмеген шетелдік көліктер «жол сұлтанына» айнала бастады. Өмірімізге ерекше өзгеріс әкелген осы тұлпарлар нөмірімен де екершеленетін болды. Бүгінгі тілмен айтқанда «крутой нөмірді» көкесі барлар шекесінен шертіп жүріп таңдап тақты. Қатардан қалғысы келмеген қарапайым жұрт та қарманып, жол іздеп кетті. «Естіген құлақта жазық жоқ» осы тұста «бармақ басты, көз қыстымен», ашығын айтқанда пара беру жолымен қалтасы қалыңдау ағайын да ала алатын болды. Біраз жыл «көлеңкелі базардың» саудасын қыздырған бұл жолға тосқауыл қойылды. Әркімнің таңдауындағы «ерекше нөмір» ашық саудаға шықты. «Парақорлық, жемқорлық» деген жаманатқа ешкімді қалдырмайтын бұл ұстаным ашықтыққа жол ашты. Құптарлық-ақ! Жағдайың жетіп тұр ма, қалаған нөміріңді аласың да, тағып кете бересің.

Күнтізбеден аппақ парағы ашылған жаңа жылдың басы біраз дүбірмен басталды. Құдайға шүкір, ел аман, жұрт тыныш. Өмір өзені өз ағысымен ағып жатыр. Дөңгеленген дүниенің бір пұшпағындағы еліміздегі автакөлік бойынша қызмет ететін орталықта болған дүрбелең ғой айтып отырғаным. Әлгі қатты құмартқандар болмаса екінің бірі ала бермейтін, тек әмияны қалыңдаулардың еншісіне бұйырған «ерекше нөмірдің» саудасы қызды. Арзан бағаға азық-түлік пен киім-кешек алып жатқандай ағылды біраз жұрт. Мейлі ғой, талғамға талас жоқ. Дегенмен жұмыр басыма жұқпай тұрғаны – ерекше нөмір өзгеше өмірге жеткізе ме? Жолымыз ашылып, ісіміз алға басып, бақытымыз тасып, көш басында маңдайымыз жарқырап бара жатамыз ба? Санаға түскен сан сауалға тапқан жауабым – Абай атам айтқан «бес дұшпанның» ішіндегі «мақтаншақ» пен «бекер мал шашпақ» болды. Мақтанға келгенде мал шашудан алдымызға жан салмайтын ел екенімізді тағы бір көрсеттік. Нөмірімізді емес, өмірімізді өзгертейік. Елден ерекше көрсетеді деген үш санға кеткен қарабақырымызды айналамыздағы қарапайым ағайынға қарайласуға жұмсайық. Шындығын айтқанда, жұрттан қалмайын деп осы дүрмекке жұлқына кірген жандардың бәрі майманасы тасып, дәулеті асып жатпағандар екені де рас қой. Әсілі данышпан Абай атамның ақылын тыңдаған адам адаспайды. Менің де малтамды езі-і-і-п отырғанда айтқым келгенін хакім бабам қорғасын ойымен баяғыда-ақ түйіндеп қойған. Дала данышпаны 18-ші қара сөзінде: «Тегінде, адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озбақ. Онан басқа нәрсеменен оздым ғой демектің бәрі де – ақымақтық!» депті! Құнанбайдың ұлынан қалған құнды сөзге құлық танытып, әр істе ақымақ болмай, алғырлықпен ғана алға бассақ, айналасына пайдалы жанға айналатынымыз рас.

Жұматай ОСПАНҰЛЫ

Қатысты жаңалықтар

Талдықорғанда дрондар жарысы өтті

Талдықорғанда дрондар жарысы өтті

30.01.2026
Химия-биология пәндерінің жас мамандары кәсіби шеберліктерін шыңдады

Химия-биология пәндерінің жас мамандары кәсіби шеберліктерін шыңдады

30.01.2026
СЕНАТТА «ҰЛТТЫҚ МҮДДЕ» ДИАЛОГ АЛАҢЫНЫҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

СЕНАТТА «ҰЛТТЫҚ МҮДДЕ» ДИАЛОГ АЛАҢЫНЫҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

30.01.2026
Тоқаев: 2030 жылға дейін волонтерлікті дамытудың жаңа жоспары әзірленеді

Тоқаев: 2030 жылға дейін волонтерлікті дамытудың жаңа жоспары әзірленеді

30.01.2026
Аграрлы аймақ Жетісу «бай» өңірлер қатарына қалай қосылады?

Аграрлы аймақ Жетісу «бай» өңірлер қатарына қалай қосылады?

30.01.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.