Талдықорған: +21°C
$ 470.46
€ 543.10
₽ 5.86
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ӘЛЕУМЕТ

Жасанды интеллект: құрал ма, құндылық па?

26.01.2026
ӘЛЕУМЕТ, ЖАҢАЛЫҚТАР
Жасанды интеллект: құрал ма, құндылық па?

ЖИ

WhatsAppTelegramFacebook

«Жасанды интеллект өмірімізге енді» деп қуаныштан бөркін аспанға атып жатқандар аз емес. Соның алдыңғы шебінде жүргендердің бірі – бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері. Шынында да, бүгінгі медиакеңістікте жасанды интеллект күнделікті жұмыс құралына айналып үлгерді. Себебі қазіргі оқырман кешегідей том-том қалың кітапты немесе ұзақ мәтінді парақтауға құлықсыз. Уақыт тығыз, ақпарат көп. Сондықтан бүгінгі заман деректі ықшам, көзге тартымды әрі жылдам қабылданатын формада ұсынуды талап етіп отыр.

Осы сұраныс жасанды интеллектінің кеңінен қолданылуына жол ашты. Бүгінде бір бетке сыйған, әртүрлі визуалды суреттермен көмкерілген шағын мәтін, қысқа өлең немесе инфографика – жаңа оқырманның таңдауы. Жалпы бұл үрдіс әдебиет пен журналистикаға да әсер етпей қоймады. Терең ой мен ұзақ толғаныс біртіндеп қысқа формаға, жедел әсерге ауысып бара жатқандай.

Бірақ. жасанды интеллектінің мүмкіндігі тек мәтінмен шектелмейді. Ол бүгінде композиторлық қызметті де атқарып отыр. ТикТок пен өзге де әлеуметтік желілерді ашсаңыз, бірнеше секундта құрастырылған әуендер мен әндер өріп жүр. Кешегі Нұрғисадай толғанып, Ақан серідей жоқтап, ішкі жан әлемін сүзгіден өткізіп, уақытпен арпалысып жүріп жазылатын шығармалар енді бір сәтте-ақ «дүниеге келе» береді. Жасанды интеллект тез әрі жылдам, тыңдарман талғамына бейімделіп, дайын өнімді ұсынады.

Бір кездері тағдыр тауқыметін тартып, маңдайы тасқа тиіп, жүрек сүзгісінен өткен мұңлы әндер халықтың жанын тербейтін. Ал бүгінде сол әндердің жасанды интеллект жасаған кавер-нұсқалары түпнұсқадан асып түсіп, миллиондаған қаралым жинап жатыр. Бұл – тыңдарман талғамының өзгеруі ме, әлде цифрлық дәуірдің бұлтартпас заңдылығы ма? Миллиондап қаралым жинайтын «жасанды» өнімнің құдіреті неде деген сұрақ осы тұста еріксіз туындайды.

Бұл «құдіреттің» тағы бір ерекшелігі – оның үлкен көлемдегі деректерді жылдам сараптай алуы. Ол қоғамдық пікірді талдайды, трендті анықтайды, оқырман мен көрерменнің нені қалайтынын алдын ала болжайды. Журналистикада ол тақырып ұсынушы, мәтін құрылымдаушы, тіпті тақырыпат ойлап табушы құралға айналып келеді. Ал баспагер мен редакция үшін бұл уақыт пен шығынды үнемдейтін таптырмас мүмкіндік.

Алайда жасанды интеллектінің көлеңкелі тұстары да жоқ емес. Соның ең қауіптісі – алаяқтықтың жаңа деңгейге көтерілуі. Қазіргі таңда әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде депутаттардың, министрлердің, танымал тұлғалардың түрі мен дауысын айнытпай келтірген жалған жарнамалар қаптап жүр. Жасанды интеллект арқылы жасалған мұндай бейнероликтер халықты адастырып, қаржылай шығынға ұшыратуда. Көзбен көріп, құлақпен естіген ақпараттың өзіне сену қиындады. Яғни, бұл технология дамуының жауапкершілікпен қатар жүрмесе, қоғамға қаншалықты қатер төндіретінінің айқын көрінісі.

Мәселенің тағы бір жағы – жасанды интеллектінің сезімсіз жүйе екендігі. Ол адамның жан күйзелісін, тағдырдың тауқыметін, өмірдің ащы-тұщысын шынайы бастан өткермейді. Ол тек бұрынғы деректерді саралап, соған ұқсас дүние ұсынады. Демек, мұнда рух бар ма, жүрек бар ма деген сауал заңды түрде туындайды. Өнер мен әдебиеттің басты құндылығы – адам жаны емес пе?!

Жаңа дәуір, жаңа ғасыр деп жиі айтамыз. Расында да, жасанды интеллект – заман талабы. Оны жоққа шығару мүмкін емес. Бірақ оны абсолют құндылыққа айналдыру да қауіпті. Егер біз бар жауапкершілікті машинаға жүктеп, ойлау, толғану, іздену қабілетімізді әлсіретсек, рухани жұтаңдыққа ұрынуымыз әбден мүмкін.

Қорыта айтқанда, жасанды интеллект – құрал. Ол адамға қызмет етуі тиіс, адам оның қызметшісіне айналмауы керек. Технология дамыған сайын адамдық болмыс, ұлттық рух, шығармашылық еркіндік қатар дамымаса, жаңа ғасырдың жетістігінен бұрын жоғалтатынымыз көп болмақ. Таңдау – бүгінгі қоғамның, бүгінгі оқырман мен тыңдарманның өз қолында.

Санжар СҰЛТАНҒАЗЫ

 

Қатысты жаңалықтар

Жеңіспен оралды

Жеңіспен оралды

06.04.2026
Елде өмір сүру ұзақтығы рекордтық 75,97 жасқа жетті

Елде өмір сүру ұзақтығы рекордтық 75,97 жасқа жетті

06.04.2026
Жоғалған балықшы аман табылды

Жоғалған балықшы аман табылды

06.04.2026
4 гектар аумақ, 2 мың шаршы метр үй: Алагөзовтер вилласы жұртты таңғалдырды

4 гектар аумақ, 2 мың шаршы метр үй: Алагөзовтер вилласы жұртты таңғалдырды

06.04.2026
Зейнетақы мөлшері артады: 2026 жылы төлемдер қалай өзгереді?

IT мен қаржы саласы көш бастап тұр: Қай мамандықтар ең жоғары ақы алады?

06.04.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.