Талдықорған: +10°C
$ 458.57
€ 501.54
₽ 5.57
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
29 қараша — Мәслихаттар депутаттарының сайлауы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ДЕНСАУЛЫҚ

Үндістанда тарап жатқан қауіпті вирус: Денсаулық сақтау министрлігі мәлімдеме жасады

26 қаңтар 2026
ДЕНСАУЛЫҚ, ЖАҢАЛЫҚТАР
Үндістанда тарап жатқан қауіпті вирус: Денсаулық сақтау министрлігі мәлімдеме жасады

Pixabay

WhatsAppTelegramFacebook

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, 2026 жылдың қаңтар айындағы жағдай бойынша ел аумағында Нипах вирусын (NiV) жұқтыру немесе сырттан әкелу деректері тіркелген жоқ. Эпидемиологиялық ахуал толық бақылауда, – деп хабарлайды 7-su.kz ақпараттық порталы Massaget.kz сайтына сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, қазір елдегі эпидемиологиялық жағдай тұрақты және бақылауда.

«Денсаулық сақтау министрлігі профилактика мақсатында және Үндістандағы Нипах вирусы бойынша эпидемиологиялық жағдайға байланысты мемлекеттік шекара арқылы барлық өткізу бекетінде санитария-карантин бақылауын күшейтті. Үндістаннан және ауру тіркелген Оңтүстік-Шығыс Азияның басқа елдерінен келген адамдарға ерекше назар аударылады. Осы инфекция бойынша қолайсыз елдердің тізімі тұрақты түрде қайта қаралады және жаңартылады», – деп жазылған хабарламада.

Медициналық ұйымдар барлық жағдайға дайын екені айтылды.

«Шұғыл медициналық көмек және инфекциялық стационарлар бригадалары дайын, дәрілер, жеке қорғаныс, дезинфекциялау құралдарының қоры бар», – деп жазылған хабарламада.

Министрлік эндемиялық елдерге сапар шегуді жоспарлап отырған азаматтарға жеке профилактика шараларын сақтауды, елге келгеннен кейін ауру белгілері пайда болса, дереу медициналық көмекке жүгінуді ұсынды.

Нипах вирусы зооноз инфекцияға жатады. Ол адамға жануарлардан, соның ішінде жарқанаттар мен шошқалардан, ауру жұқтырған адаммен тығыз байланыстан жұғады. Ластанған тағамдар мен сусындар арқылы да берілуі мүмкін.

Ауру жоғары температура, бас ауруы, жалпы әлсіздік, ал ауыр жағдайларда орталық нерв жүйесі зақымдалуы және пневмония арқылы көрінеді. Бүгінде Нипах вирусына қарсы арнайы ем және мақұлданған вакцина жоқ. 

Қатысты жаңалықтар

Мемлекеттік басқару жүйесін реформалау жөніндегі комиссия құрылды – Президент Жарлығы

Мемлекеттік басқару жүйесін реформалау жөніндегі комиссия құрылды – Президент Жарлығы

Бүгін, 10:32
Тоқаев пен Путин AI Journey форумы қарсаңында кездесті

Тоқаев пен Путин AI Journey форумы қарсаңында кездесті

Бүгін, 09:43
Қытай тәжірибесі Тоқаевтың көзқарасымен қалай үндеседі?

Қытай тәжірибесі Тоқаевтың көзқарасымен қалай үндеседі?

26 қараша 2026
Жылқыларды жалыннан құтқарды

Жылқыларды жалыннан құтқарды

25 қараша 2026
Түбі руға бөлінейік дегені емес пе?

Түбі руға бөлінейік дегені емес пе?

25 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.