Талдықорған: +10°C
$ 458.57
€ 501.54
₽ 5.57
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
29 қараша — Мәслихаттар депутаттарының сайлауы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ЭКОНОМИКА

Биыл картоп пен сәбіз егістігі артады

27 қаңтар 2026
ЭКОНОМИКА
Биыл картоп пен сәбіз егістігі артады

Үкімет

WhatsAppTelegramFacebook

Қазақстанда ішкі нарықты отандық өніммен қамтамасыз ету және әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасын тұрақтандыру мақсатында 2026 жылы егіс алқаптарының құрылымына елеулі өзгерістер енгізіледі. Үкіметте өткен жедел штаб отырысында көктемгі егіс жұмыстарына дайындық барысы талқыланып, нақты міндеттер айқындалды, – деп хабарлайды 7-su.kz ақпараттық порталы Kazinform агенттігіне сілтеме жасап.

Ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтановтың айтуынша, биыл өңірлер картоп пен сәбіз секілді сұранысқа ие өнімдердің көлемін арттыруға басымдық беруі тиіс. Өткен жылы картоп алқаптары 12,5 мың га-ға ұлғайтылған болатын.

«Көлемнің артуы нарықтағы бағаның тұрақтылығына тікелей әсер етеді. Осыған байланысты өңірлер егіс құрылымын түпкілікті бекіту кезінде сәбіз алқаптарын көбейту міндетін ескеруі қажет», – деп атап өтті вице-министр Азат Сұлтанов.

Сондай-ақ биыл қарақұмық егістігін 101 мың га-ға дейін жеткізу жоспарланып отыр, бұл өткен жылғы 91 мың га көрсеткішінен айтарлықтай жоғары.

Биылғы стратегиялық бағыттың бірі – жүгері алқаптарын кеңейту. Бұл қадам еліміздегі жаңа өндіріс орындарын, атап айтқанда Жамбыл облысындағы «Fufeng Group» өндірістік паркін және Түркістан облысындағы «Казкрахмал» зауытын шикізатпен үздіксіз қамтамасыз ету үшін жасалуда. Жоспарға сәйкес, солтүстіктегі үш негізгі астықты өңірдің әрқайсысында жүгері егістігі орта есеппен 15 мың га-ға артуы тиіс.

Бұл бастаманы жүзеге асыру үшін халықаралық тәжірибе де қолданылмақ. Қытайлық компаниялар солтүстік аймақтардың топырағы мен климатына бейімделген жүгері сорттарын ұсынып, заманауи технологияларды енгізуге ниет білдіріп отыр. Мамандардың айтуынша, бұл тәжірибе өнімділікті бірнеше есе арттыруға мүмкіндік береді.

Егіс науқанының сәтті өтуі үшін мемлекет тарапынан қаржылық тетіктер іске қосылды. Қазіргі уақытта Аграрлық несие корпорациясы арқылы фермерлердің өтінімдері қабылданып, алғашқы 17 млрд теңге мақұлданды. Жалпы алғанда, 2025 жылғы науқанға 501,5 млрд теңге несие беріліп, 7 млн га жер қамтылған еді.

Сонымен қатар минералды тыңайтқыштар мәселесі де шешімін тапты. «Қазфосфат» компаниясымен жасалған меморандум аясында аммофостың бір тоннасы 254 мың теңге болып бекітілді. Айта кетерлігі, су тапшылығы жағдайында суды көп қажет ететін күріш пен мақта егістіктерін біртіндеп қысқарту жөнінде де шешім қабылданды.

Қатысты жаңалықтар

Мемлекеттік басқару жүйесін реформалау жөніндегі комиссия құрылды – Президент Жарлығы

Мемлекеттік басқару жүйесін реформалау жөніндегі комиссия құрылды – Президент Жарлығы

Бүгін, 10:32
Тоқаев пен Путин AI Journey форумы қарсаңында кездесті

Тоқаев пен Путин AI Journey форумы қарсаңында кездесті

Бүгін, 09:43
Қытай тәжірибесі Тоқаевтың көзқарасымен қалай үндеседі?

Қытай тәжірибесі Тоқаевтың көзқарасымен қалай үндеседі?

26 қараша 2026
Жылқыларды жалыннан құтқарды

Жылқыларды жалыннан құтқарды

25 қараша 2026
Түбі руға бөлінейік дегені емес пе?

Түбі руға бөлінейік дегені емес пе?

25 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.