Талдықорған: +8°C
$ 443.96
€ 487.73
₽ 5.38
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
29 қараша — Мәслихаттар депутаттарының сайлауы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

«Мұқағали» моноспектаклінің премьерасы өтті

30 қаңтар 2026
КҮНДЕРЕК
«Мұқағали» моноспектаклінің премьерасы өтті

Қанат Өмірәлинов

WhatsAppTelegramFacebook

Жетісу облысында Бикен Римова атындағы академиялық драма театры көрермендерге ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың 95 жылдығына арналған «Мұқағали» моноспектаклінің премьерасын ұсынды. Бұл – жетісулық театрдың «Академиялық» мәртебесін алғаннан кейінгі сахналаған алғашқы қойылымы, – деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Қойылым режиссерларының бірі Ұлан Ахметовтің айтуынша, моноспектакль – Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері мен поэмалары арқылы ақынмен сырласуға шақыратын эксперименттік жоба. Сахнада негізгі жалғыз кейіпкер ақынның жан айқайын, махаббат пен мұңға толы әлемін, өмір мен уақыт жайлы терең толғанысын поэзия тілімен өрнектейді. Сөз, үнсіздік, қимыл мен эмоция үйлескен қойылым көрерменді Мұқағалидың рухани кеңістігіне жетелейді. Бұл – өлеңмен өрілген сыр, жүректен жүрекке жол тартқан поэтикалық диалог.

Моноспектакльдің басты кейіпкерін қоюшы режиссері, актер, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Сафуан Рысбайұлы сомдады.

– 2018 жылы режиссер Сұлтан Сраиловтың идеясымен «Мұқағалимен сырласу» атауымен ең алғаш бұл қойылымды Астанада сахналадық. Кейін Көкшетауда да моноспектакль ретінде ұсындық. Ал бүгін Бикен Римова атындағы академиялық драма театрында 45 минутқа ықшамдалып берілді. Бұл поэтикалық қойылымда Мұқағалидың шығармашылығын бес кезеңге бөлдік: соғыс кезеңі, ақынның балалық шағы, махаббатты жырлары, жүрегін емдеткен кезеңі, патриоттық өлеңдері. Көрермен жақсы қабылдаса, қойылым ары қарай тұрақты репертуарға жалғасатын болады, – дейді С. Рысбайұлы.

Театр фойесінде шағын кеңістікте небары отыз шақты көрерменге ұсынылған бұл қойылымды өнерсүйер қауым жылы қабылдады.

– Бүгін Мұқағали туралы жаңа бір қойылымды тамашаладық. Мұнда ақынның ішкі толғаныстары түгелдей өзінің өлеңдерімен жеткізілді. Әсіресе осы моноспектакльдің соңында ақынның осы дүниемен қоштасатын тұсындағы режиссердің шешіміне тәнті болдым. Негізінен біздің театрларға мұндай эксперименттер керек, себебі сол арқылы көрермендер өзіне қажетін екшеп алады, талғамы қалыптасады деп ойлаймын, – деді көрермен Сымбат Елебекова.

Атап өтсек, қойылым режиссері – Ұлан Ахметов, Сафуан Рысбайұлы, композиторы – Тұрсынжан Шапай. Ақын рөлінде: Сафуан Рысбайұлы, сол сияқты рөлдерде Дархан Дүйсенов, Күнекей Мұхтархан, Ариза Асқарова, Қарақат Шындәулет, Әсем Мұратова ойнады.

Қатысты жаңалықтар

Елімізде 44 жаңа мектеп пен 37 балабақша пайдалануға берілді

Бүгін, 17:33
Қолжетімділік көтергіштен басталады

Қолжетімділік көтергіштен басталады

Бүгін, 15:46
Жетісуда бағаға бақылау күшейді

Жетісуда бағаға бақылау күшейді

Бүгін, 15:25
Жетісу облысына — 3 жыл: шамамен 1 млн. шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріліп, кезекте тұрған 5735 адам үйлі болды

Он айда 14,9 млн шаршы метр тұрғын үй салынды

Бүгін, 14:52
Талдықорғанда қала әкімі тұрғындарды қабылдады

Талдықорғанда қала әкімі тұрғындарды қабылдады

Бүгін, 14:01

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.