Талдықорған: +15°C
$ 443.96
€ 487.73
₽ 5.38
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР

Қар басу қаупі жоғары 157 шақырым. Жетісудағы жолдар бақылауда

2 ақпан 2026
ЖАҢАЛЫҚТАР, КҮНДЕРЕК
Қар басу қаупі жоғары 157 шақырым. Жетісудағы жолдар бақылауда

ЖИ/ 7-su.kz

WhatsAppTelegramFacebook

Облыстық маңызы бар автомобиль жолдарын қысқы күтіп-ұстауға 554,1 миллион теңге бөлінген. Оның 290,0 миллион теңгесі 2025 жылы жұмсалса, 264,1 миллион теңгесі 2026 жылға қарастырылған. Қысқы кезеңде жолдардың жұмысын және қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін 5 мердігер мекеме іске кіріскен,-деп хабарлайды 7-su.kz ақпараттық порталы.

Қысқы маусымға қажетті материалдардың жалпы көлемі 4 900 тонна, жанар-жағар май қоры 205 тонна. Қар тазалау және жолдарды күтіп ұстау жұмыстарына 150 арнайы техника жұмылдырылған. Оның ішінде 25 КДМ, 19 автогрейдер, 53 трактор, 21 погрузчик және 32 өзге арнайы техника бар.

Жетісу облысы бойынша автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы – 4 019 шақырым. Оның 1 034 шақырымы республикалық маңызы бар жолдарға тиесілі болса, 2 985 шақырымы жергілікті маңызы бар жол. Соның ішінде облыстық маңызы бар автомобиль жолдарының ұзындығы – 2 758 шақырым.

Бұл жөнінде Бейсен Құранбек атындағы Журналистер үйіне келіп, журналистермен жолыққан Жетісу облысы жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары Айдос Досжановпен «Қазавтожол» ҰК» АҚ  Жетісу облыстық филиалы директорының орынбасары Жасұлан Қалтаев мәлімдеді.

Басқарма қар басу және қауіп төнуі мүмкін 157 шақырым жол учаскесін анықтады. Ақсу ауданында Жансүгіров-Арасан бағытындағы 21 шақырым, Алакөл ауданында Қабанбай-Көктұма жолының 16 шақырымы және Жаланашкөл станциясына кіре берістегі 10 шақырым бақылауға алынған. Сарқан ауданында Қойлық-Қарғалы жолының 4 шақырымы қауіпті аймақ саналады. Қысқы кезеңде жол қозғалысы қауіпсіздігін күшейту мақсатында облыстық маңызы бар автомобиль жолдарына 460 дана уақытша жол белгісі орнатылған. Сонымен қатар қысқы күтіп-ұстау жұмыстарына жауапты басқарма және мердігер ұйымдардың инженерлік-техникалық қызметкерлері арнайы бұйрықтармен бекітілген.

Желтоқсанынан бастап облыс аумағында облыстық маңызы бар 2 автомобиль жолында бұрқасын жел мен дауылды боран салдарынан 4 рет қозғалыс шектелді. Бұл ретте жедел шаралар қабылданып, жол қозғалысы қысқа мерзім ішінде қайта қалпына келді. Бұдан бөлек, облыс орталығы мен елді мекендерде қысқы күтіп-ұстау жұмыстарына қосымша 291 техника жұмылдырылған. Облыстық маңызы бар автомобиль жолдарында қыс мезгілінде көлік қозғалысының үздіксіз әрі қауіпсіз қамтамасыз болуы басқарманың басты назарында.

Қатысты жаңалықтар

Ресей мен Қазақстан арасындағы тауар айналымы 18,3 млрд долларға жетті

Ресей мен Қазақстан арасындағы тауар айналымы 18,3 млрд долларға жетті

Бүгін, 12:30
Шетелдік сарапшылар Қазақстанның цифрлық серпілісіне баға берді

Қуатты қала – қуатты мемлекет

Бүгін, 12:05
Жұмыстан шыққанда демалыс ақысы қалай есептеледі?

Жұмыстан шыққанда демалыс ақысы қалай есептеледі?

Бүгін, 12:00
Сеулде Kazakh Tourism өкілдігі ашылуы мүмкін

Сеулде Kazakh Tourism өкілдігі ашылуы мүмкін

Бүгін, 11:30
«Заң мен тәртіп»: Көшеде ішімдік ішетіндерді камера арқылы анықтауда

«Заң мен тәртіп»: Көшеде ішімдік ішетіндерді камера арқылы анықтауда

Бүгін, 11:05

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.