Талдықорған: -3°C
$ 498.65
€ 589.06
₽ 6.49
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

Үкіметте Президенттің «Таза Қазақстан» бастамасын жүзеге асыру барысы қаралды

04.02.2026
КҮЛТӨБЕ, КҮНДЕРЕК
Үкіметте Президенттің «Таза Қазақстан» бастамасын жүзеге асыру барысы қаралды

primeminister.kz

WhatsAppTelegramFacebook

Премьер-министр Олжас Бектенов Президенттің «Таза Қазақстан» бастамасын жүзеге асыру барысына мониторинг жүргізу орталығының отырысын өткізді. Онда қоршаған ортаны қорғау және халықтың экологиялық мәдениетін қалыптастыруда цифрлық технологиялар қолдану мәселелері қаралды.

Премьер-министр жоғары экологиялық мәдениет қалыптастыру мен табиғатқа жанашырлықпен қарау жаңа Конституция жобасының түбегейлі принциптері қатарына енгізілуінің маңыздылығын атап өтті.

– Отаншылдықты жасампаз іспен көрсету, жоғары экологиялық мәдениетті қалыптастыру жаңа Конституция жобасының түбегейлі принциптері қатарына енгізілгенін ерекше атап өткім келеді. Бұл табиғатқа, туған елге деген жанашырлықты күшейтуге, әрбір азаматтың бойында тазалық мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді», – деп атап өтті Олжас Бектенов.

Экология және табиғи ресурстар министрлігінің деректеріне сәйкес, Президенттің «Таза Қазақстан» бастамасы аясында барлық кезеңде 1 294 іс-шара өткізіліп, 844 мың тонна қалдық жиналған, 1 млн гектар жер тазартылып, 2,9 млн ағаш отырғызылған. Аталған іс-шараларға 6,9 млн адам қатысты.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жариялаған Цифрландыру және жасанды интеллект жылы аясында қоршаған ортаны қорғауда цифрлық технологияларды қолдануға ерекше назар аударылды. Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев «Қоршаған орта және табиғи ресурстардың жай-күйі туралы Ұлттық деректер банкі» жобасы жүзеге асырылғанын баяндады. Онлайн-платформа эмиссияларға мониторинг жүргізу, өндірістік экологиялық бақылау, ластаушы заттардың шығарындылары мен тасымалдары тіркелімі, қалдықтардың мемлекеттік кадастры, көміртегі кадастры т.б. сияқты бірқатар басқа жүйелер көрсеткішін жинақтайды.

Қалдықтарды басқару саласында EcoQolday цифрлық платформасы жұмыс істейді. Сондай-ақ бүгінде орман өртін ерте анықтау жүйесі енгізілуде, су тасқыны жағдайын болжау үшін «Қазгидромет» деректерімен интеграцияланған Tasqyn жүйесі қолданылуда. Қазақстанның ерекше қорғалатын табиғи аумақтарындағы бақылау-өткізу пункттерін автоматтандыру бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Табиғи ресурстар саласында Tabigat.gov.kz. интерактивті карта іске қосылды. Жасанды интеллект және цифрлық даму бірінші вице-министрі Ростислав Коняшкин ғарыштық мониторинг арқылы 2025 жылы 3 828 заңсыз қалдықтар жиналатын орын және 1 мыңнан астам қоқыс полигоны тіркелгенін баяндады.

Жасанды интеллект пен қолда бар есептеу қуатын пайдалана отырып, кешенді тәсілдің қажеттігі атап өтілді. Цифрлық шешімдер енгізу «Таза Қазақстан» тұжырымдамасын жүзеге асырудың ашықтығын, бақылау тиімділігін арттырады.

Сондай-ақ отырыс барысында халықтың экологиялық мәдениетін қалыптастыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстардың нәтижелері қаралды. Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова «Таза Қазақстан» құндылығына баса назар аудара отырып, мектептерден бастап жоғары оқу орындарына дейінгі барлық деңгейлер үшін экологиялық ағартудың бірыңғай стандартын әзірлеудің басталғаны туралы баяндады. Өңірлерде «Жасыл ел» бағдарламасы, «Жасыл клубтар» жобасымен қатар мектеп және мектептен тыс форматтар дамуда.

Ғылым және жоғары білім вице-министрі Гүлзат Көбенова қазіргі уақытта барлық жоғары оқу орындарында экологиялық клубтар, студенттік экожасақтар құрылып, «Велосипед күні» өткізіліп жатқанын баяндады. Қоқысты бөлек жинау жобасы аясында 26 университетте бокстар мен биг-бэгтер орнатылып, қайта өңдеуге 36 тоннадан астам пластик жиналды.

Президенттің «Таза Қазақстан» бастамасын ақпараттық сүйемелдеудің рөлі ерекше атап өтілді. Мәдениет және ақпарат вице-министрі Қанат Ысқақов 2025 жылы 1 млн-ға жуық жастардың қатысуымен 1 мыңнан астам іс-шара өткізілгенін баяндады. Қоғамдық кеңестермен және үкіметтік емес ұйымдармен бірлесіп аумақтардың тазалығы және тарихи-мәдени мұра нысандарындағы тәртіпті сақтау мәселелері бойынша қоғамдық бақылау жүргізіледі.

Премьер-министр бірқатар өңірде «Таза Қазақстан» тұжырымдамасындағы жоспарланған көрсеткіштер орындалмағанына назар аударды. Нақты айтқанда, Алматы облысында суару жүйелері мен су үнемдеу технологияларын енгізу, гранттар беру және үкіметтік емес ұйымдарды қаржыландыру бойынша жұмыстардың жеткіліксіздігі атап өтілді. Ұлытау облысында жасыл көшеттерге түгендеу жүргізілмеген, адамдар көп жиналатын жерлерге фандоматтар орнатылмаған. Бұдан бөлек, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін цифрландыру жүргізілмеген. Абай облысында «жасыл инфрақұрылым» құру жөніндегі жоспарланған көрсеткіштерге қол жеткізілмеген, қоршаған ортаны қорғауға арналған мәдени шаралар да өткізілмеген. Осы бағыттар бойынша Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев, Ұлытау облысының әкімі Дастан Рыспеков, Абай облысының әкімі Берік Уәли тыңдалды.

Отырыс қорытындысы бойынша Премьер-министр әкімдіктерге жоспарланған барлық іс-шараның жүзеге асырылуын қамтамасыз етуді тапсырды.

– Президенттің “Таза Қазақстан” бастамасын жүзеге асыру айтарлықтай нәтиже беріп, экологиялық өзгерістерге қоғамдық сұраныстың жоғары екенін айқын көрсетіп отыр. Сондықтан келесі деңгейге өту міндеті тұр бұл – заманауи цифрлық құралдарды қолдануға, тұрақты және объективті мониторинг пен процеске қатысушылардың бәрінің арасындағы жауапкершілікті дәл бөлуге негізделген жүйелік және басқарылатын тәсілді қалыптастыру. Бұл тәсіл ұзақмерзімді нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік береді», – деп атап өтті Олжас Бектенов.

Сондай-ақ министрліктерге экологиялық деректердің тұрақты берілуін және есептеу қуаттарына қол жеткізуді қамтамасыз ету, ғарыштық мониторингінің қамтылуы мен жүйелілігін кеңейту, сонымен қатар орман өрттерін ерте анықтау жүйесін кеңейтуді аяқтау жөнінде тапсырмалар берілді. Мәдениет және ақпарат министрлігіне «Таза Қазақстан» тұжырымдамасын тұрақты түрде ақпараттық қамтамасыз ету тапсырылды.

Қатысты жаңалықтар

Қазақстан Халық партиясы жаңа Конституцияның жобасын талқылауда

Қазақстан Халық партиясы жаңа Конституцияның жобасын талқылауда

04.02.2026
«Ақ жол» Демократиялық партиясы Ұлттық кеңесінің пленумы Жаңа Конституция жобасын қолдады

«Ақ жол» Демократиялық партиясы Ұлттық кеңесінің пленумы Жаңа Конституция жобасын қолдады

04.02.2026
Аида Балаева: Тек ресми ақпарат көздеріне ғана сенуге және жалған мәліметтерді таратпауға шақырамын

Аида Балаева: Тек ресми ақпарат көздеріне ғана сенуге және жалған мәліметтерді таратпауға шақырамын

04.02.2026
Жаңа Конституция – Ұлы Дала елін жаңа биікке жетелейтін негізгі жол

Жаңа Конституция – Ұлы Дала елін жаңа биікке жетелейтін негізгі жол

04.02.2026
Жаңа Ата Заң жобасы несімен ерекше?

Жаңа Ата Заң жобасы несімен ерекше?

04.02.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.