Талдықорған: +4°C
$ 498.65
€ 589.06
₽ 6.49
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ЭКОНОМИКА

Мал азығы жеткілікті

Қыс – ауыл шаруашылығы, әсіресе мал шаруашылығы үшін ең жауапты кезең.

05.02.2026
ЭКОНОМИКА
Мал азығы жеткілікті

Ашық дереккөз

WhatsAppTelegramFacebook

Малдың қыстан шығынсыз шығуы тікелей азық қорының жеткіліктілігі мен сапасына тікелей байланысты. Сондықтан мал азығын дайындау мәселесі өзектілігін еш жоймайды. Мал азығына негізінен шөп, пішендеме, сүрлем, сабан және құрамажем жатады. Жаз айларында шабындық пен егістік алқаптарында жиналған өнім қыста малдың негізгі қорегі болады. Мамандардың айтуынша, бір ірі қара малды қыстан шығару үшін орта есеппен 20-25 центнер шөп қажет. Ал ұсақ малға бұл көлем 4-6 центнерді құрайды.

Ауыл шаруашылығы саласының мамандары қысқы мал азығын ерте кезден жоспарлап, шөп дайындау науқанының қарқынын арттыру және жемшөп өндірісін әртараптандыру қажет екенін алға тартады. Қыстың қамын жаз ойлау – қазақ үшін ежелден келе жатқан қағида. Сондықтан, мал азығы мәселесі тек бір маусымның ғана емес, тұтас ауыл шаруашылығының тұрақтылығына әсер ететін іс. Бұл бағыттағы жүйелі жоспарлау, тиімді қолдау және шаруалардың жауапкершілігі мал шаруашылығының дамуына негіз қалайды.

Осы тұрғыда Көксу ауданының аграршылары да қыстан қысылмай шығудың қамын ойлап, бұл іске ерте кіріскен. Аудан әкімдігінің мәліметінше, бүгінде науқан жоспарлы түрде жүзеге асырылып, айтарлықтай нәтиже берген. Өңірде тіркелген 1 862 шаруа қожалығы оның 265-і мал шаруашылығымен айналысады. Мал саны тұрақты өсіп, 43 151 Зеңгібаба, 189 121 Шопаната, 25 437 Қамбарата және 214 Ойсылқара түлігі бағылып жатыр. Сонымен бірге құс шаруашылығы да белсенді дамып келеді. Құс саны – 26 250 басты құрайды.

Көксу ауданы әкімдігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, мал қыстату кезеңіне азық дақылдарының көлемі бойынша нақты жоспар бекітілген. Оған сәйкес аудан шаруашылықтары 115,5 мың тонна шөп, 12,5 мың тонна пішен, 19 мың тонна сүрлем, 21,1 мың тонна сабан және 23,5 мың тонна құнарлы жемшөп дайындады. Жалпы жоспарланған көлем 191,6 мың тонна.

Жемшөп дайындау және сақтау жұмыстары жүйелі ұйымдастырылған тәртіпте жүргізіледі. Ауданның ауыл шаруашылығы құрылымдары барлық кезеңге қорды жеткілікті көлемде қамтамасыз ету үшін науқанға белсенді қатысады. Мал азығын жинап, әзірлеу шаруашылықтың тұрақты дамуына тікелей әсер етеді. Өйткені, бұл өңір үшін негізгі сала. Бұл тұрақты мал басын қамтамасыз етіп қана қоймай, өнімділіктің одан әрі өсуіне негіз жасайды. Сондықтан, шаруалар науқанның маңыздылығын ерте түсініп, оған жоғары жауапкершілікпен қарап, ерекше белсенділік танытады.

 

Айгүл БАЙБОСЫНОВА
Көксу ауданы

Қатысты жаңалықтар

«Яндекс такси» жүргізушілерінің табысы туралы ақпарат прокуратураға жіберіледі

«Яндекс такси» жүргізушілерінің табысы туралы ақпарат прокуратураға жіберіледі

05.02.2026
Менің атам – майдангер

Менің атам – майдангер

05.02.2026
Адамдар жақыннан дрон ұшырып, ережелерді бұзған: қар барысына спутниктік қарғыбау тағылды

Адамдар жақыннан дрон ұшырып, ережелерді бұзған: қар барысына спутниктік қарғыбау тағылды

05.02.2026
Келешек инвестициясы

Келешек инвестициясы

05.02.2026
Жәнібек Әлімханұлы WBO рейтингіндегі орнын сақтап қалды

Жәнібек Әлімханұлы WBO рейтингіндегі орнын сақтап қалды

05.02.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.