Жиынды аудан әкімінің орынбасары Арман Қабаев ашып, алдағы маусымда қант қызылшасын өндіруді тиімді ұйымдастырудың маңыздылығына тоқталды, – деп хабарлайды 7-su.kz ақпараттық порталы.
Жиын барысында қант қызылшасының егіс алқаптарының жоспарланған көлемі, қант қызылшасын өндіру және өткізу бойынша екіжақты келісім-шарттар жасау тәртібі, келісім-шарт талаптары, тараптардың құқықтары мен міндеттері, шикізатты қабылдау және есеп айырысу тетіктері, тұқым түрлері, сорттары және олардың өнімділік көрсеткіштері, тұқым жеткізу тәртібі мен мерзімдері, қант қызылшасын Ақсу қант зауытына өткізу тәртібі, өнімді қабылдау кестесі, өнім сапасына байланысты талаптар және бағалау критерийлері кеңінен талқыланды.





