Талдықорған: +10°C
$ 458.57
€ 501.54
₽ 5.57
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
29 қараша — Мәслихаттар депутаттарының сайлауы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ДЕНСАУЛЫҚ

Жетісу облысында ауылдық жерде тағы бір медициналық нысан пайдалануға берілді

5 ақпан 2026
ДЕНСАУЛЫҚ
Жетісу облысында ауылдық жерде тағы бір медициналық нысан пайдалануға берілді

Сарқан ауданың әкімдігі ұсынды

WhatsAppTelegramFacebook

Жетісу облысында ауылдық жерде тағы бір заманауи денсаулық сақтау нысаны пайдалануға берілді. «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында салынған фельдшерлік-акушерлік пункт Сарқан ауданындағы бір ауылдың мыңнан астам тұрғынына қызмет көрсететін болады.

Қарғалы ауылында ашылған жаңа фельдшерлік-акушерлік пунктте жедел медициналық көмек, алғашқы медициналық-санитарлық және акушерлік көмек көрсетуге барлық жағдай жасалған. Нысан ана мен баланың денсаулығын қорғауға, аурулардың алдын алуға және халыққа сапалы медициналық қызмет көрсетуге бағытталған. Қарғалы ауылдық ФАП-та барлығы 5 адам жұмыс істейді, оның ішінде орта буынның 3 медицина қызметкері бар.

Ауыл тұрғындары жаңа медициналық нысанға және онда жасалған жағдайларға дән риза.

– Көп жыл бойы бізге медициналық көмек ескі ғимаратта көрсетіліп келді. Заманауи талаптарға сай келмейтін, бейімделмеген ғимаратта қызмет алу біз, ауыл тұрғындары үшін де, медицина қызметкерлері үшін де белгілі бір қиындықтар туғызды. Соған қарамастан, олар өз міндеттерін адал атқарды, өйткені денсаулық – адам өміріндегі ең басты байлық. Сондықтан жаңа медициналық нысан – бұл жай ғана ғимарат емес, ауыл тұрғындарының әл-ауқаты мен болашағына көрсетілген нақты қамқорлықтың белгісі. Жаңа медициналық пункт халық денсаулығын нығайтуға өз үлесін қосады деп сенемін, – деді жергілікті тұрғын Амангелді Сейсенұлы.

Қызыл лента қиылып, жаңа нысанның жұмысы ресми түрде басталды. Содан кейін барлық қонақтар ғимараттың ішкі жабдықтарымен танысу мүмкіндігіне ие болды.

Айта кету керек, бұл – жыл басынан бері Сарқан ауданында пайдалануға берілген осындай екінші нысан. Бұған дейін М. Төлебаев ауылында фельдшерлік-акушерлік пункт ашылған болатын.

Еске сала кетейік, Жетісу облысында «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында барлығы 59 нысан салынды. Атап айтқанда, 2023–2025 жылдар аралығында 15 дәрігерлік амбулатория, 39 фельдшерлік-акушерлік пункт және 5 медициналық пункттің құрылысы аяқталды.

Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі

Қатысты жаңалықтар

Президент Жолдауы: Инфрақұрылым, экономика және әлеуметтік салаға басымдық берілді

Президент Жолдауы: Инфрақұрылым, экономика және әлеуметтік салаға басымдық берілді

Бүгін, 13:49
Тастаяқтан топ жарды

Тастаяқтан топ жарды

Бүгін, 12:45
Жансақтау бөліміндегі 1 минут – адамның тағдыры

Жансақтау бөліміндегі 1 минут – адамның тағдыры

Бүгін, 12:43
Пайдалануға берілетін нысан көп

Пайдалануға берілетін нысан көп

Бүгін, 12:29
Уикипедияның қазақша қоры молаяды

Уикипедияның қазақша қоры молаяды

Бүгін, 12:27

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.