Талдықорған: -2°C
$ 495.10
€ 583.72
₽ 6.46
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Алты елдің парапланшылары Жетісу көгінде самғады

05.02.2026
КҮНДЕРЕК
Алты елдің парапланшылары Жетісу көгінде самғады

Жеңіс Ысқабай

WhatsAppTelegramFacebook

Жетісу облысында туризмді дамыту аясында дәл қону бойынша парапланеризмнен халықаралық турнир басталды. Аталған жарысқа 6 елден 50-ден астам спортшы қатысуда. Өңірде қысқы кезеңде осындай деңгейдегі жарыс алғаш рет ұйымдастырылып отыр, — деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Жарыс ұйымдастырушыларының мәліметінше, ұшулар жеке форматта өтеді, ал турнир 8 ақпанға дейін жалғасады.

– Қысқы кезеңде біз дәстүрлі түрде жарыстар өткіземіз, алайда халықаралық деңгейде алғаш рет ұйымдастырылып отыр. Бұл форматтағы турнир «Ice game», яғни «Қысқы ойындар» деп аталады. Қатысушылардың барлығы – кәсіби деңгейдегі спортшылар. Олар Біріккен Араб Әмірліктерінен, Малайзиядан, Сириядан, Индонезиядан және Ресейдің әр өңірінен келген. Барлығы – 54 адам. Турнир ережесіне сәйкес, қатысушылар 220 метр биіктікке көтеріліп, төменде орналасқан диаметрі небәрі 22 сантиметр болатын нысанаға дәл қонуы тиіс. Бұл үлкен шеберлікті, жоғары дәлдікті және мол тәжірибені талап етеді. Сондықтан жарыстардың тартысты өтетініне күмән жоқ, – деді ҚР Парапланеризм федерациясының вице-президенті Давид Виршки.

Турнирге қатысушылар да өз пікірлерімен бөлісті. Солардың бірі – Малайзиядан келген қонақ Амин Исмайыл.

– Қазақстанға екінші рет келіп отырмын. Алғашында жарыстар туралы таныстарымнан естідім, ал жазда сәтті қатысу мүмкіндігі туды. Биыл да турнирге қатысып отырмын. Парапланеризм – менің хоббиім, жаныма жақын спорт түрі. Келесі жолы достарымды да бірге алып келгім келеді, – деді ол.

Оған парапланеризммен көп жылдан бері айналысып келе жатқан Біріккен Араб Әмірліктерінің спортшысы да қосылды.

– Ең алдымен, Қазақстанның табиғаты таңғалдырмай қоймайды, мұнда өте көп әсем орындар бар. Сіздің елде жарыс өтетіні туралы білген бойда алғашқылардың бірі болып тіркеліп, Дубайдан қуана келдім. Менімен бірге 8 жерлесім де келді, – деді Абдулла Насыр.

Айта кету керек, турнир аясында «Visit Zhetysu» ақпараттық-туристік орталығы Жетісу облысының туристік әлеуетін таныстыратын көрме ұйымдастырды. Бұл қатысушыларға жарыстан бос уақыттарында өңірдің туристік нысандарын аралауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, қатысушылар үшін Текелі қаласы мен оның маңындағы тарихи орындар мен көрікті жерлерді қамтитын таныстыру туры ұйымдастырылмақ.

Сондай-ақ, 2025 жыл қорытындысы бойынша жүргізілген мониторинг нәтижесінде өңірге келген туристер саны 11%-ға артқан, оның ішінде шетелдік туристер саны 60%-ға өскен. Көрсетілген қызмет көлемі 17%-ға ұлғайып, орналастыру орындарының сыйымдылығы 23 мың төсек-орынға жеткен.

Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Қатысты жаңалықтар

Алты елдің парапланшылары Жетісу көгінде самғады

Алты елдің парапланшылары Жетісу көгінде самғады

05.02.2026
 Негізгі заңға әйелдер көзқарасы: «AMANAT» партиясының Әйелдер қанаты жаңа Конституция жобасын әзірлеуге атсалысуда

 Негізгі заңға әйелдер көзқарасы: «AMANAT» партиясының Әйелдер қанаты жаңа Конституция жобасын әзірлеуге атсалысуда

05.02.2026
Жаңа Конституция жобасы: Бас Прокуратура 18-бапты нақтылауды ұсынды

Жаңа Конституция жобасы: Бас Прокуратура 18-бапты нақтылауды ұсынды

05.02.2026
Айдарбек Қожаназаров жаңа Конституцияда ұлттық валюта теңгені бекітуді ұсынды

Айдарбек Қожаназаров жаңа Конституцияда ұлттық валюта теңгені бекітуді ұсынды

05.02.2026
Жетісу облысында ауылдық жерде тағы бір медициналық нысан пайдалануға берілді

Жетісу облысында ауылдық жерде тағы бір медициналық нысан пайдалануға берілді

05.02.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.