Талдықорған: -2°C
$ 494.63
€ 583.22
₽ 6.42
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ОН САУСАҚ

Жетісуда былтыр 7700-ге жуық жас жұмысқа орналастырылды

10.02.2025
ОН САУСАҚ
Жетісуда былтыр 7700-ге жуық жас жұмысқа орналастырылды
WhatsAppTelegramFacebook

Өткен жылы Жетісу облысының жұмыспен қамту органдарының қолдауымен 35 жасқа дейінгі 7 695 жас жұмысқа орналастырылды. Солардың арасында қысқа мерзімдік кәсіптік оқытудан өтіп, жұмысқа тұрған, грант алып, кәсіп ашқан жастар да бар.

Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының мәліметіне сүйенсек, былтыр жастар арасынан қоғамдық жұмыстарға 1 322 адам, жастар практикасына 1 150 түлек, әлеуметтік жұмыс орындарына 125 адам, «Алғашқы жұмыс орны» бойынша 575 адам, «Ұрпақтар келісім-шартымен» 31 адам жұмысқа тұрғызылған. Бұдан бөлек, грант алғандар да, «Бастау бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқытылғандар да бар.

Мәселен, қысқа мерзімді кәсіптік оқуға жіберілген облыстағы 318 жастың бірі – талдықорғандық Айгерім Төребаева. Бала күтімі демалысынан кейін Айгерім журналистік дипломын ысырып қойып, өзін басқа салада сынап көргісі келді. Сөйтіп Талдықорған қаласының Мансап орталығы арқылы қысқа мерзімдік кәсіптік оқуға жолдама алып, «Ташенова» ЖК оқу орталығында кірпік өсірудің қыр-сырын меңгерді. Үш айлық курстың мерзімі аяқталған соң аталған шағын кәсіпкерлік нысанына жұмысқа қабылданды. 

— Өзім көп балалы анамын. Балаларым жас болғандықтан,  солардың күтімімен біршама уақыт үйде отырдым. Кейін сұлулық әліміне бет бұрып, жаңа кәсіп үйренсем деп жұмыспен қамту органына жүгіндім. Соның арқасында өткен жылдың тамыз айында отқыту курсынан өтіп, сертификатымды алдым. Маған жоғары білікті мамандар кірпік өсу ісін егжей-тегжейлі үйретті. Сұлулық салонында аз ғана уақыттың ішінде өзімнің жақсы маман екенімді көрсете алдым, қазір  өзімнің тұрақты келушілерім бар. Кез келген уақытта адам өзі қалаған жаңа кәсіпті меңгере алады екен, оған ешқашан кеш емес. Соған көзім жетті. Осындай мүмкіндіктерге жол ашып отырған мемлекеттік бағдарламалардың бар болғаны қуантады, — дейді көп балалы ана Айгерім Төребаева.

Облыстық қоғамдық даму басқармасының мәліметіне қарағанда, өткен жылы жастарға арналған мемлекеттік бағдарламалар мен жобалар туралы ақпараттандыру бағытында өңірде өткізілген кездесулер мен түсіндіру жұмыстарына 3 мыңнан астам жас тартылған. Осы орайда түрлі гранттарға қатысып, өз ісін ашуға талпынған жастар да аз емес. Мысалы, психолог және логопед-дефектолог мамандықтары бойынша жоғары білім алған Айым Сайлаубекова мамандығына сай жұмыс іздеп жүрген кезінде жастарға арналған гранттар бар екенін естіп-білген.

— Бір күні әлеуметтік желіден жастарға конкурс негізінде гранттар  берілетіні туралы ақпаратты көзім шалды. Осы конкурсқа халыққа пайдасы тиетін жоба ұсынып, бақ сынап көрсем деген ой келді. Сөйтіп ерекше білім беруді қажет ететін балаларға арналған коррекциялық орталық ашу жобасын ұсынып, 3 млн. теңге грант ұтып алдым. Бірден Талдықорған қаласынан осындай орталық аштым. Орталыққа керек жабдықтардың бәрін гранттың қаржысына сатып алдым. Қазір орталықта бейімделген дене шынықтыру, сенсорлық интеграция, логомассаж қызмет түрлері жасалып, логопед, дефектолог, психолог, нейропсихолог мамандар сабақ жүргізеді. Қазір орталықта 12 адам жұмыс істейді, — дейді «Сана» орталығының жетекшісі Айым Сайлаубекова.

Жалпы өткен жылы жастар бастамаларын қолдау мақсатында «Тәуелсіздік ұрпақтары» гранты бойынша 3 млн. теңгеден 10 грант берілген. Гранттар «Ғылым», «Мәдениет», «Ақпараттық технологиялар», «Бизнес», «Медиа» бағыттары бойынша ұсынылып, жастардың өз ісін ашуға жәрдем етті.

Осы ретте өңірде жастардың, әсіресе NEET санатындағы жастардың өмірден өз орындарын табуына ерекше көңіл бөлінеді. Облыстық қоғамдық даму басқармасының деректеріне сәйкес өткен жылы жастарды маусымдық жұмыспен қамту мақсатындағы «Жасыл ел» еңбек жасақтарында 635 адам жұмыс атқарды. Жоба аясында барлық аудан-қалаларда «Экодесант», «Тазалық тыңшысы», «Жайқалсын жас терек», «Жасыл бақ – таза қала» атты акциялар ұйымдастырып, тазалық шаралары жүргізілді.

Сонымен қатар 83 «Бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі» ұйымдастырылып, 4 081 адам тұрақты жұмысқа орналасты.

Бұған қоса, облыс мектептеріндегі әдеп-құқық жұмысы жөніндегі менторлар жоғары сынып оқушыларына мамандық таңдауға, алдағы үлкен өмірге дұрыс қадам жасауға жәрдемдесуде. Бұл да жастар саясатына өзінің оң ықпалын тигізіп отыр. Атап өтсек, бүгінде облыстағы менторлық жоба аясында 126 адам еңбек етеді. Олар балалар мен жасөспірімдердің құқықтары мен міндеттері, нашақорлық пен лудоманияның, суицидтің, буллинг пен кибербуллингтің, зорлық-зомбылықтың алдын алу, жыныстық қол сұғылмаушылықты қалыптастыру, салауатты өмір салты, мамандық таңдау және кәсіптік бағдарлау, креативті ойлау, қаржылық сауаттылық сияқты 9 бағытта жұмыс істейді.

Еске салсақ, жалпы өткен жылы Жетісу облысы бойынша 35 643 жұмыс орны құрылды, оның 22 719-ы – тұрақты жұмыс орны. Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларымен 27 794 адам қамтылды, 23 286 адам жұмысқа орналастырылды, оның 13 261-і тұрақты жұмыс орындарына тұрғызылды.

Фото: Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі

Қатысты жаңалықтар

Ғылым, инновация және мәдениет: Айгүл Сәдуақасова неге бұл құндылықтар Конституцияның негізін құрайтынын айтты

Ғылым, инновация және мәдениет: Айгүл Сәдуақасова неге бұл құндылықтар Конституцияның негізін құрайтынын айтты

07.02.2026
Жетісуда жылдық жоспар бекітілді

Жетісуда жылдық жоспар бекітілді

07.02.2026
Жаңа Конституция биліктің тұрақты және түсінікті моделін орнатады – Ольга Перепечина

Жаңа Конституция биліктің тұрақты және түсінікті моделін орнатады – Ольга Перепечина

07.02.2026
Волонтерліктің ұлттық желісінің басшысы жаңа Конституцияда волонтерлікті ынтыландыруды бекітуді ұсынды

Волонтерліктің ұлттық желісінің басшысы жаңа Конституцияда волонтерлікті ынтыландыруды бекітуді ұсынды

07.02.2026
Жаңа Конституцияда теңгені ұлттық валюта ретінде бекіту туралы ұсыныс қолдау тапты – Бақыт Нұрмұханов

Жаңа Конституцияда теңгені ұлттық валюта ретінде бекіту туралы ұсыныс қолдау тапты – Бақыт Нұрмұханов

07.02.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.