Талдықорған: +15°C
$ 443.96
€ 487.73
₽ 5.38
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Жетісу облысында апатты көпірлердің мәселесі шешілуде

11 ақпан 2026
КҮНДЕРЕК
Жетісу облысында апатты көпірлердің мәселесі шешілуде
WhatsAppTelegramFacebook

Жетісу облысында апатты көпірлерді жаңғырту жұмыстары жүріп жатыр. Атап айтқанда, бес көпір күрделі жөндеуден соң пайдалануға берілсе, бүгінгі күні он көпірде қайта жаңғырту жүргізілуде. Бұл құрылыс жұмыстары Мемлекет басшысының Жетісуға келген сапарында берілген тапсырмасын орындау аясында атқарылуда, – деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының мәліметіне қарағанда, Ескелді ауданының Бақтыбай ауылына кіреберіс жолда, Қаратал ауданының Көкдала ауылына кіреберіс жолда, Көксу ауданының Жарлыөзек ауылына кіреберіс жолда, Кербұлақ ауданындағы «Сарыөзек – Көктал – Майтөбе» автомобиль жолында және Сарқан ауданының М. Төлебаев ауылына апаратын автомобиль жолында орналасқан 5 көпірге күрделі жөндеу жасалды.

Жарлыөзек ауылының тұрғындары бұл жұмыстарға қатысты өз пікірлерін білдірді.

Ауылымыздың аумағынан ағып өтетін Жарлыөзек өзеніндегі көпір 1970 – 1980 жылдары салынған болатын. Ол кезде көпірдің биіктігі төмен, көлемі шағын еді. Көктем мезгілінде қар суы еріп, өзен тасыған уақытта көпірден өту тұрғындарға қауіп туғызатын. Уақыт өте келе әбден тозып, пайдалануға жарамсыз күйге жетті. Соңғы жылдарда бұл көпір қайта жаңғыртылып, жаңадан салынды. Қазіргі таңда көпіріміз кең әрі биік. Жан-жағы қоршалған, су тасқынына төтеп беретіндей берік етіп жасалған. Бұл ауыл тұрғындарының қауіпсіздігі мен жол қатынасына үлкен жеңілдік әкелді, — деді ауыл тұрғыны Серікбай Жапабаев.

Апатты көпірлер мәселесін шешу биыл да жалғасуда.

Жетісу облысында 15 көпір апатты деп танылған, соның 5-еуі толық жөнделді. Қалған 10 көпірде қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде. Биылғы жылы олардың 8-ін пайдалануға беру жоспарланып отыр. Атап айтқанда,  Қаратал ауданында үш нысан — «Алматы – Өскемен – Молалы – Үштөбе» автомобиль жолында, Түгелбай жайылымы мен Тастөбе ауылына кіреберіс автомобиль жолдарында, Ескелді ауданында «Көксу – Балпық Би – Қарабұлақ – Қайнарлы» автомобиль жолында, Алакөл ауданында — «Қабанбай – Көктұма» автомобиль жолында, Сарқан ауданында — «Қойлық – Қарғалы» автомобиль жолында және Көктерек ауылына кіреберіс жолда, Көксу ауданында Айнабұлақ ауылына кіреберіс жолда орналасқан көпірлер бар. Қалған екі көпірдің құрылысы кезең-кезеңімен аяқталады, — деді облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Ғалымжан Дәрібаев.

Жалпы, Жетісу облысында жергілікті маңыздағы 118 көпір бар.

Қатысты жаңалықтар

Талдықорғанда қала әкімі тұрғындарды қабылдады

Талдықорғанда қала әкімі тұрғындарды қабылдады

Бүгін, 14:01
Текеліде оқушыларға буллинг пен кибербуллингтің зияны түсіндірілді

Текеліде оқушыларға буллинг пен кибербуллингтің зияны түсіндірілді

Бүгін, 13:30
Еліміз цифрлық қоғамдық игіліктерді дамытуға үлес қосады

Еліміз цифрлық қоғамдық игіліктерді дамытуға үлес қосады

Бүгін, 13:06
Ресей мен Қазақстан арасындағы тауар айналымы 18,3 млрд долларға жетті

Ресей мен Қазақстан арасындағы тауар айналымы 18,3 млрд долларға жетті

Бүгін, 12:30
Шетелдік сарапшылар Қазақстанның цифрлық серпілісіне баға берді

Қуатты қала – қуатты мемлекет

Бүгін, 12:05

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.