Талдықорған: +15°C
$ 443.96
€ 487.73
₽ 5.38
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Сыбайлас жемқорлық рейтингі: Қазақстан 96-орынға төмендеді

11 ақпан 2026
КҮНДЕРЕК
Сыбайлас жемқорлық рейтингі: Қазақстан 96-орынға төмендеді

depositphotos.com

WhatsAppTelegramFacebook

Қазақстан 2025 жылы халықаралық Сыбайлас жемқорлықты қабылдау индексі (CPI) бойынша 182 елдің ішінде 96-орынға ие болды.

Бұл туралы Transparency International Kazakhstan қоғамдық қоры мәлімдеді.

Қазақстан жалпы 100 балдың ішінен 38 балл жинаған, бұл 2024 жылмен салыстырғанда екі балға төмен. 2024 жылғы рейтингте Қазақстан 40 баллға ие болып, 180 елдің ішінде 88-орында тұрған еді.

Қазақстанмен бірдей нәтиже көрсетіп, 38 балл алған елдер қатарында Эфиопия мен Суринам мемлекеттері бар.

Фото: transparency.kz

2025 жылғы рейтингінің көшбасшылары – Дания (89 балл), Финляндия (88) және Сингапур (84). Рейтингтің ең төменгі сатысында Оңтүстік Судан (9 балл), Сомали (9) және Венесуэла (10) тұр.

Қор өкілдерінің айтуынша, бұл индекс мемлекеттік сектордағы сыбайлас жемқорлықтың қабылдану деңгейін сарапшылар мен бизнес қауымдастығының бағалары негізінде өлшейді. Есепке қарапайым азаматтардың пікірі енгізілмейді. Бағалау шкаласы 0-ден (сыбайлас жемқорлық деңгейі өте жоғары) 100-ге дейін (өте төмен деңгей) аралығында есептеледі.

Transparency International өкілдері жағдайды бағалауда рейтингтегі орыннан гөрі жиналған балл саны маңызды екенін айтады. 50 балдан төмен нәтиже көрсеткен елдер сыбайлас жемқорлық деңгейі жоғары мемлекеттер қатарына жатады.

Қазақстанмен көршілес елдер арасындағы көрсеткіштер мынадай:

  • Өзбекстан – 31 балл (124-орын);
  • Қырғызстан – 26 балл (142-орын);
  • Ресей – 22 балл (157-орын);
  • Түрікменстан – 17 балл (167-орын).

Transparency International Kazakhstan ұйымы Қазақстанға жағдайды жақсарту үшін мынадай ұсыныстар берді:

  • сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат пен тергеулердің институционалдық тәуелсіздігін қамтамасыз ету;
  • мемлекеттік шешімдердің ашықтығын арттырып, мемлекеттік бағдарламалар, сатып алулар және квазимемлекеттік сектор бойынша деректердің қолжетімділігін кеңейту;
  • сөз бостандығына кепілдік беріп, журналистер мен зерттеушілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
  • азаматтық кеңістікті қорғап, үкіметтік емес ұйымдардың жұмысына шектеу қоятын нормалардан бас тарту;
  • активтерді қайтару үдерісін барынша ашық ету.

Қор сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты мониторингтеуді жалғастыратынын мәлімдеп, мемлекеттік органдарды, азаматтық қоғамды және халықаралық серіктестерді сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендету бағытында бірлесіп жұмыс істеуге шақырды.

Дереккөз: Stan.kz

Қатысты жаңалықтар

Талдықорғанда қала әкімі тұрғындарды қабылдады

Талдықорғанда қала әкімі тұрғындарды қабылдады

Бүгін, 14:01
Текеліде оқушыларға буллинг пен кибербуллингтің зияны түсіндірілді

Текеліде оқушыларға буллинг пен кибербуллингтің зияны түсіндірілді

Бүгін, 13:30
Еліміз цифрлық қоғамдық игіліктерді дамытуға үлес қосады

Еліміз цифрлық қоғамдық игіліктерді дамытуға үлес қосады

Бүгін, 13:06
Ресей мен Қазақстан арасындағы тауар айналымы 18,3 млрд долларға жетті

Ресей мен Қазақстан арасындағы тауар айналымы 18,3 млрд долларға жетті

Бүгін, 12:30
Шетелдік сарапшылар Қазақстанның цифрлық серпілісіне баға берді

Қуатты қала – қуатты мемлекет

Бүгін, 12:05

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.