Талдықорған: +3°C
$ 498.65
€ 589.06
₽ 6.49
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР АЛТЫН ТҰҒЫР

ЛЕГИОНЕРСІЗ ҚАЗАҚ ФУТБОЛЫ

08.02.2025
АЛТЫН ТҰҒЫР
ЛЕГИОНЕРСІЗ ҚАЗАҚ ФУТБОЛЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Мәжілісте мақұлданған заңның бірі – футбол, волейбол, баскетбол, хоккей клубтарында ойнайтын легионерлерге (шет  елден келетін ойыншы) мемлекет тарапынан жалақы беру тоқталды. Олардың еңбекақысы енді демеушілерге жүктеледі. Одан басқа, спорттағы кейінгі өзгерістер де елді елең еткізгендігі жасырын емес. Әуелі легионерсіз командалық ойындарымыз жөнінде. Миллиардтың ойыны деп танылған аладоптағы бұл өзгеріс еліміз үшін қаншалықты дұрыс әлде бұрыс болатындығын уақыт таразылайды. Қызылорда облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы болып сайланған Олимпиада чемпионы Бақтияр Артаев бірден Премьер-лигадағы «Қайсардың» тізімінен легионерлерді сызды. Енді тек қазақстандық ойыншылармен жақсы нәтиже көрсетуге барын салмақ. Қалған командалар демеушінің көмегімен легионерлерді қатарға қоспақ.  

«Жетісу» футбол клубы дәл қазір Түркияда оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатыр. Әзірге кім келіп, кім кеткенін ашып айтып, әлеуметтік желіде ресми жарияламады. Командадағы басқарушы қызметтегі жандарға хабарласқанымызда жергілікті ойыншыларға басымдық берілетіндігі айтылды. Бас бапкер Самат Сымақов Премьер-лигадағы команданы алғаш рет жаттықтырады. Осыған дейін Бірінші лигада «Елім-айды» (Семей) баптап, жетістік жолында сүбелі үлес қосты. Талдықорғанға талаптанып келген талантты ойыншыны бапкер есебінде де биікті бағындырады деген ойдамыз. Әрине, келімсекті қатарға қосу үшін «Жетісу» демеуші жағалайтындығы анық. Сапалы легионер болса, онда жанкүйер де, қатарда жүрген жас ойыншы да риза. Бүгінде «Жетісуда» доп теуіп жүрген бір буын Талдықорған футболына сырттан келіп ойнаған Иван Цветкович, Арунас Климавичус, Ұлықбек Бақаев сынды футболшылардың үйреткені мол болғандығын айтады. Ал, керісінше, Мерсудин Ахметович, Шарлестон, Эливелтон сияқты қосалқы құрамда орындық қыздырып уыстап ақша алып кеткендер де бар. Олардың ойындағы уақытын есептеп, нәтижелі ісінің жоқтығына күйініп, әр статистикасын талдап «Jetisy» газетіне журналист Ришад Тұрғанбай 2015 жылы жазған болатын. Одан кейін де қанша легионер келіп-кетті, «Жетісу» чемпион болмақ түгілі үздік бестікке кіре алмады. Өткен маусымдағы ең қымбат легионерді  әйгілі transfermarkt.world сайты беларусь Антон Шрамченко ( жалпы құны 450 мың еуро), оны ТМД елдері саналатындықтан легионер қатарынан шығарсақ, онда жалпы нарықтағы құны 300 мың еуро болатын албаниялық Шкиприм Таипиді атай аламыз. Жыл санап легионерге бөлінетін қаражат мөлшері де өсіп, олардың да сұрайтыны көбейген.  

Белгілі спорт журналисі Бек Төлеу «Осы ретте оларға жалақыны кім төлейді? Ертең көлеңкелі экономиканың әрекеттері байқалмай ма, яғни легионерлерге ақша төлемей, олар отандық ойыншыларға көбірек ақша қойып, оны қағаз жүзінде ұсынып, басқаша әрекетке баруы мүмкін ғой. Осы жағын да ойластыру керек» дейді. Осыған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев шетелдік спортшылардың ел азаматтығын алуын тоқтату керектігін баса айтқан. Мемлекет басшысының пікірінше, келімсектер ұзақмерзімді дамуға кепіл бере алмайды. 

Тағы бір айтулы өзгеріс­ – бір спорт түрі бойынша бір ұлттық спорт федерация ғана аккредиттеледі. Бұрынғыдай бір федерацияның ішінде бірнеше спорт шоғырланып, қаржыны игермейді. Одан бөлек, «мемлекеттік дене шынықтыру – спорт ұйымдарының бірінші басшыларын ротациялау» ұғымы енгізілді, оның аясында балаларды спорттық бағытта оқытатын мекемелердің басшылары 5 жылдан артық бір лауазымда отырмауы керек. Тағы бір өзгеріс – бірінші топтағы мүгедектігі бар спортшыны алып жүруге бір көмекші бекітіліп, оның сапар барысындағы барлық шығыны өтелетін болды.    

Мәжілісте осы мәселені көтеріп, шешімін сұрағандардың алғашқысы Нартай Сәрсенғалиев. Ол «Жоғары жетістіктер спортына, яғни олимпиада, паралимпиада, сурдлимпиада, Азия, пара Азия және ұлттық спорт түрлері кіреді. Бұрын министрлік 180-нен астам спорт түрін тіркеп қойып, оның барлығына қаржы беріп келген болса енді олардың саны 3 есе қысқарады. Жоғары жетістіктер спортының ішінде жоғары жетістік көрсеткендері үшін басым спорт түрлері деген түсінік енгізіліп, оның басымдықтары да айқын көрсетілді» деген еді өз баяндамасында.

Серік ҚАНТАЙ

Қатысты жаңалықтар

Жетісу облысында жер сілкінді

Жетісу облысында жер сілкінді

05.02.2026
Орындалмаған арман

Орындалмаған арман

05.02.2026
Он сегізде от кешкен

Он сегізде от кешкен

05.02.2026
«Яндекс такси» жүргізушілерінің табысы туралы ақпарат прокуратураға жіберіледі

«Яндекс такси» жүргізушілерінің табысы туралы ақпарат прокуратураға жіберіледі

05.02.2026
Менің атам – майдангер

Менің атам – майдангер

05.02.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.