Талдықорған: 0°C
$ 494.28
€ 587.06
₽ 6.40
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Жетісуда туристер саны 2 млн адамға жетті

13.02.2026
КҮНДЕРЕК
Жетісуда туристер саны 2 млн адамға жетті
WhatsAppTelegramFacebook

Бейсен Құранбек атындағы Журналистер үйінде Жетісу облысы туризм басқармасының басшысы Сәкен Түктібаевтың қатысуымен брифинг өтті. Өңір экономикасының болашағына жаңа серпін берген аталмыш жиын жай ғана есеп беру кездесуі емес, өңірдің туристік әлеуетін әлемдік деңгейге көтерудің нақты жоспары талқыланған маңызды басқосу болды. Облыстың туристік индустриясы бүгінде нақты іске көшіп, экономиканың локомотивіне айнала бастағаны анық байқалады.

Жетісу басқа өңірлерден  табиғи ландшафтының сан алуандылығымен ерекшеленеді. Басқарма басшысы өз сөзінде өңір дамуының бес негізін атап өтті.

«Жетісу облысының туристік дамуының негізін 5 басым бағыттағы дестинациялар құрайды. Олар – Алакөл мен Балқаш көлдері, «Алтын-Емел» және «Жоңғар-Алатау» ұлттық парктері, сондай-ақ Жоңғар Алатау тау жотасы», – деді Сәкен Ғалымұлы.

Бұл салаға мемлекет тарапынан бөлініп жатқан қаржы көлемі де ауқымды. Соңғы үш жылда туризмді дамытуға 58,5 млрд теңге бағытталған. Қаржы тек қонақ үй салуға емес, ең алдымен халықтың жайлылығы мен туристердің қауіпсіздігіне жұмсалуда. Қаражат өңірдің даму бюджетінің шамамен 30%-ын құрап отыр.

Турист үшін жолдың жайы мен қызмет көрсету сапасы маңызды. Осы бағытта да облыста ауқымды жұмыс атқарылып жатыр. Сәкен Түктібаев:

«Автомобиль жолдары мен әуежайдың ұшу-қону жолағы қайта жаңғыртылды, бұл Boeing типті ірі ұшақтарды қабылдап, ірі қалалардан тікелей рейстер ашуға мүмкіндік береді», – деп атап өтті.

Сонымен қатар, жағалаудағы тазалық пен инженерлік мәселелерге де тоқталды. Арнайы «Алакөл Тазалық» және «Балқаш Тазалық» кәсіпорындары құрылып, оларға 41 бірлік жаңа техника сатып алынған. Алакөлдегі электр желілері мен кәріз жүйесінің мәселесі де кезең-кезеңімен шешілуде. Мәселен, 56,7 шақырымдық жоғары вольтты электр желісі 9,8 млрд теңгеге салынып, пайдалануға берілді. Кәріз-тазарту құрылғыларының екінші кезеңі де қарқынды жүріп жатыр.

Балқаш көлінің де тағдыры назардан тыс қалмаған. Басқарма басшысы:

«Балқаш көліне апаратын жол қайта жаңғыртудан кейін былтыр ашылды. Лепсі станциясында жаңа теміржол вокзалының құрылысы биыл тамыз айында аяқталады», – деп сүйіншіледі.

Жағалаудағы инженерлік-коммуникациялық желілердің дайындығы қазірдің өзінде 90%-ға жеткен. Болашақта көл жағасына қазақы нақыштағы демалыс орындарын ашу жоспарда бар.

Жетісу туризмінің басты байлығы – Бұрхан-Бұлақ сарқырамасы. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тікелей тапсырмасымен еліміздегі ең биік сарқырамаға апаратын 31 шақырымдық жолды қайта жаңарту жұмыстары жүргізілуде. Жобаның жалпы құны 13,8 млрд теңгені құрайды. Бәрі жоспардағыдай жүзеге асса, келесі жылдың аяғына дейін жол құрылысы аяқталады.

Өңірде экологиялық туризмге де ерекше көңіл бөлінуде. «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында Талдықорған, Текелі және Сарқан қалаларында жалпы аумағы 74 гектарды құрайтын үш эко-парк салынады. Сәкен Түктібаевтың айтуынша, жобалар өңірдің туристік әлеуетін арттыруға, экологиялық мәдениетті дамытуға және халық үшін жайлы демалыс ортасын қалыптастыруға бағытталған.

Аймақта туристер саны 11%-ға артып, 2 млн адамға жеткен. Әсіресе, шетелдік туристердің 60%-ға өсуі Жетісуға деген әлемдік қызығушылықтың артқанын көрсетеді.

Жетісуды тек жазда емес, жыл бойы тартымды ету үшін басқарма басшысы бірқатар іс-шараларды жоспарлаған. Олардың қатарында «Сиверс алмасының гүлдеуі», «Balkhash Fest», «Alakol Fest», «Tekeli Marathon» және «Құландар мекені» сияқты фестивальдер бар.

Қорыта айтқанда, Сәкен Түктібаевтың баспасөз мәслихатында айтқан әрбір сөзі мен келтірген деректері өңірдің туристік индустриясы жаңа деңгейге көтеріліп жатқанына сенім ұялатады.

Мәулен Әнербай

Қатысты жаңалықтар

«АПА, сен болмасаң…» кітабының тұсауы кесілді

«АПА, сен болмасаң…» кітабының тұсауы кесілді

13.02.2026
Мәулен Әшімбаев: Конституция бойынша референдум – саяси жүйені демократияландыру жолындағы маңызды қадам

Мәулен Әшімбаев: Конституция бойынша референдум – саяси жүйені демократияландыру жолындағы маңызды қадам

13.02.2026
Алланың ақ үйі ашылды

Алланың ақ үйі ашылды

13.02.2026
Бабалар дәстүрі – ұрпаққа аманат

Бабалар дәстүрі – ұрпаққа аманат

13.02.2026
Ашық диалог алаңы

Ашық диалог алаңы

13.02.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.