Талдықорған: 0°C
$ 496.00
€ 588.01
₽ 6.42
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ДЕНСАУЛЫҚ

Қандас ашқан емхана

14.02.2026
ДЕНСАУЛЫҚ
Қандас ашқан емхана
WhatsAppTelegramFacebook

Қазақтың ұл-қыздары мықты ғой. Тарыдай шашылған қандастарымыз дүниенің төрт бұрышында жүрсе де қазақтың зерек, білімді, еңбекқор екенін дәлелдеуде. Қиыр­дағы қан­дасымыздың бірі – Имантай Шәует. Ол Түркиядағы ең ірі жекеменшік медициналық желі – «Medical Park Hospitals Group» ауруханасында терапевт-дәрігер болып қызмет атқарады. Аталмыш аурухана халықаралық стандарттарға сай Joint Commission International (JCI) аккредитациясына ие. Медициналық мекемеде шамамен 1000 шақты қызметкер еңбек етеді. Дәрігер Имантайдың айтуынша, клиника Түркия ғана емес, шетелдік науқастар үшін де сенімді әрі қолжетімді. Шетелдегі қандасымыз ата жұртқа келіп, озық үлгідегі клиника ашқан. Мақсат – халықаралық стандарттарға сай сапалы әрі қолжетімді медициналық қызмет көрсету. Бүгінгі «Диагноз» бетінде Имантай Шәует бауырымызбен болған сұхбатты ұсынамыз.

– Имантай мырза, Түркияда медицина саласындағы қызметіңізді қашан бастадыңыз?

– Мен үшін Түркия – тек жұмыс істейтін ел ғана емес, өмірімнің үлкен бір кезеңімен тығыз байланысты мемлекет. Бұл жерде тұрып жатқаныма 24 жыл болды. Соның 15 жылы медицина саласында қызмет етуге арналды. Осы елде медицина факультетіне түсіп, дәрігерлік жолымды бастадым. Кейін резидентурадан өтіп, өз мамандығым бойынша қалыптастым. Бүгінгі таңда 15 жылдан бері дәрігер-маман ретінде халыққа қызмет етіп келемін. Осы жылдар ішінде мыңдаған нау­қастың үмітін үкілеп, олардың сауығуына үлесімді қостым. Дәрігерлік мен үшін үлкен жауапкершілік әрі зор мәртебе.
Түркия медицинасы заманауи технология, халықаралық стандарт және үздіксіз дамуымен ерекшеленеді. Мұндай орта дәрігер ретінде кәсіби тұрғыдан шыңдап қана қоймай, адам ретінде де тәрбиелейді. Мен әрқашан медицинаның басты мақсаты – ауруды емдеу емес, адамға жанашырлықпен қарап, өмір сапасын жақсарту деп есептеймін.

– Қазақ пен түріктің денсаулық сақтау саласына жүгінуінде өзгешелік бар ма? Қай елдің азаматтары денсаулыққа ерекше мән береді?

– Әрине, белгілі бір айырмашылықтар бар. Бұл – халықтың өмір сүру салты, медициналық мәдениет және алдын алу жүйесінің қалыптасуына байланысты. Түркияда адамдар денсаулыққа бала кезінен көңіл бөледі. Соған дағдыланған. Халық профилактикаға, яғни аурудың алдын алуға үлкен мән береді. Көпшілік жыл сайын жоспарлы тексерулерден өтіп тұрады. Дұрыс тамақтану мен тұрақты қозғалыс, таза ауада демалу мәдениеті өмір сүру қағидасына айналған. Олар мекемелер мен демалыс күндерін отбасына арнайды. Мойындарына артық жүктемелер алмайды. Жан рахатына ерекше көңіл бөледі. Қазақстанда да соңғы жылдары ағзаны қатты шаршатпауға баса мән берілуде. Халықтың денсаулыққа деген жауапкершілігі артып, профилактикалық тексерулерге қызығушылық көбеюде. Дегенмен, Қазақстанда адамдар дәрігерге сырқаты асқынып кеткен кезде ғана жүгінетінін байқаймыз. Жалпы алғанда, Түркияда алдын алу медицинасы кеңірек қалыптасқан деуге болады. Бірақ ең бастысы – екі елде де халықтың денсаулыққа деген көзқарасы жылдан жылға жақсарып келеді, бұл өте қуанышты үрдіс.

– Бауырлас екі мемлекеттің медицина саласындағы айырмашылықтары жайлы айтсаңыз?

– Қазақстан мен Түркия – бауырлас, тамыры бір елдер. Соңғы жылдары медицина саласында да екі мемлекет арасындағы байланыс нығайып, тәжірибе алмасу кеңінен дамып келеді.

Дегенмен, денсаулық сақтау жүйесінде белгілі бір айырмашылықтар бар екенін атап өткен жөн. Түркияда медицина туризмі өте жақсы жолға қойылған. Елге шетелден келетін науқастар саны көп болғандықтан клиникалар халықаралық стандарттарға бейімделіп, қызмет көрсету сапасын жетілдіріп отырады. Сонымен қатар, жоғары технологиялық операциялар, интервенциялық әдістер және роботтық хирургия кеңінен қолданылады. Тағы бір ерекшелік – Түркияда мемлекеттік және жеке сектор арасында бәсекелестік жоғары. Бұл медицина қызметінің жылдамдығы мен сапасының жақсаруына ықпал етеді. Клиникада хаттамалар халықаралық деңгейде жаңартылып, заманауи медицина талаптарына сай жүргізіледі. Қазақстанда да медицина қарқынды дамып келеді. Әсіресе Астана мен Алматы сияқты ірі қалаларда жоғары деңгейде қызмет көрсететін медицина орталықтары бар. Көптеген бағыт бойынша үлкен жетістіктер байқалады. Дегенмен, кейбір күрделі салалар, әсіресе жоғары технологиялық емдеу мен тәжірибе жағынан Түркия алда.

– Өзіңіз денсаулықты күтудің қандай қарапайым қағидаларын ұстанасыз? Білгеніңізді оқырмандарымызбен бөлісе отырсаңыз?

– Денсаулық – бір реттік шара емес, күнделікті қалыптасқан тәртіп. Оны сақтау үшін ерекше құпия да, қымбат ем де қажет емес. Ең бастысы – өзіңе жауапкершілікпен қарау. Төменде күнделікті өмірде ұстанатын қарапайым, бірақ маңызды қағидаларымды бөлісейін. Ең алдымен, ұйқыға мән беремін. Түнгі тынығу – жүрек пен мидың қалпына келуінің басты шарты. Сондықтан кешкі сағат 23.00-ге дейін ұйқыға жатуға тырысамын. Тәулігіне 7-8 сағат ұйқы – ең тиімді «табиғи дәрі».

Келесі маңызды әдет – қозғалыс. Жедел сатының орнына баспалдақпен шығу, көлікпен емес жаяу жүру – жүрекке жасалған үлкен көмек. Күніне кемінде 20-30 минут таза ауада жүруді әдетке айналдырдым. Кофені де ретімен ішемін. Таңертең 1-2 кесе жеткілікті. Ал кешкі уақытта кофе ішпеуге тырысамын. Себебі, ол түнгі ұйқының бұзылуына әкеліп соғады. Тамақтануда да шектен шықпау – басты қағида. Тойып емес, тоқ болып тұрған дұрыс. Ас мәзірімнің жартысын көкөніс құрайды. Қантты азайту – артық салмақ пен іш майының алдын алады.

Су ішу тәртібі де назардан тыс қалмайды. Шай су орнын баса алмайды. Күніне орта есеппен 2 литр таза су ішемін. Әсіресе таңертең ұйқыдан тұрған соң бір стақан су ішу – ағзаны «оятудың» ең жақсы жолы. Жүйкені де қорғау керек. Ашуға ерік беру – қан қысымын көтереді. Кейде бір сәтке тоқтап, терең тыныс алу – ең дұрыс шешім. Сонымен қатар, уақытылы тексерілуге мән беремін. Ауырғанды күтпей, жылына кемінде бір рет қан қысымын, қант пен холестерин деңгейін бақылап отыруды әдетке айналдырдым. Тіс күтімі – жалпы денсаулықтың бір бөлігі. Күніне екі рет тіс тазалау – тек ауыз қуысына емес, жүрекке де пайдалы. Артық салмақтан сақтану – тағы бір маңызды шарт. Іш майы көбейсе, қан қысымы да көтеріледі. Ал ең бастысы – жақсы көңіл-күй. Күлкі – тегін дәрі, жақсы сөз – жарым ырыс, ал жақсы орта – ұзақ өмірдің кепілі.

– Қазақстандықтар кейде диагнозды нақтылау немесе қауіпті сырқатқа шалдыққанда Түркия медицинасына жүгінеді. Себебі неде?

– Бұл бірнеше маңызды факторға байланысты. Біріншіден, Түркияда халықаралық стандарттарға сай медицина орталықтарының саны артуда. Әсіресе JCI аккредитациясы бар ауруханалардың саны көп. Бұл пациент қауіпсіздігі мен емдеу сапасының әлемдік деңгейде екенін көрсетеді. Екіншіден, күрделі әрі сирек кездесетін сырқаттарды емдеуде Түркия дәрігерлерінің тәжірибесі мол. Жоғары технологиямен емдеу әдістері, интервенция процедуралары және робот хирургиясы кеңінен қолданылады. Үшіншіден, Түркия медицина туризмін жүйелі түрде дамытқандықтан, шетелдік науқастарға қызмет көрсету жақсы ұйымдастырылған. Диагностика мен емдеу үдерісі жылдам. Шетелдік пациенттерге арналған арнайы бөлімдер жұмыс істейді. Сондықтан көптеген қазақстандық күрделі диагнозды нақтылау немесе ауыр сырқатқа шалдыққанда Түркия медицинасына жүгінуді тиімді әрі сенімді шешім деп біледі.

– Анадолы медицинасында вакцина жасаудың заңдылықтары жайлы айтсаңыз. Жұқпаларды таратпау үшін қандай алдын алу шаралары жүргізіледі?

– Түркияда вакцина өндіру және қолдану мемлекет тарапынан қатаң бақылауда. Бұл үдеріс Түркия Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі мен арнайы реттеуші органдардың талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.

Барлық вакцина халықаралық стандарттарға сай бірнеше кезеңнен тұратын клиника зерттеулерден өтіп, қауіпсіздігі мен тиімділігі дәлелденгеннен кейін ғана халыққа ұсынылады. Жұқпалы аурулардың таралуына жол бермеу үшін Түркияда кешенді алдын алу шаралары жүргізіледі. Атап айтқанда, ұлттық вакцина күнтізбесі тұрақты әрі жүйелі түрде орындалады.

Эпидемиологиялық бақылау және мониторинг жүйесі жақсы дамыған. Халық арасында санитарлық-ағарту, түсіндіру жұмыстары кеңінен жүргізіледі. Инфекция ауруларына қарсы скрининг және ерте анықтау бағдарламалары жүзеге асырылған. Ауруханаларда инфекция қауіпсіздігі талаптары қатаң сақталады. Осының нәтижесінде бұл шаралар қоғам денсаулығын қорғауды және жұқпалы аурулардың алдын алуда маңызды рөл атқарады.

– Бүгінде Астанадан жеке клиника ашқаныңыздан хабардармыз. Емдеу мекемесінің бағыт-бағдары жайлы айта кетсеңіз?

– Иә, қазіргі таңда әріптесім, дәрігер Еркежанмен бірге Астана қаласында «Sono 8 Clinic» атты жеке медицина орталығын аштық. Емханамыздың негізгі бағыты – халықаралық стандарттарға сай сапалы әрі қолжетімді медициналық қызмет көрсету. Сондай-ақ, ауруларды ерте анықтап, алдын алу медицинасына ерекше көңіл бөлу және заманауи емдеу тәсілдерін енгізу арқылы халық денсаулығын нығайтуға үлес қосу. Клиникамызда бірнеше негізгі бағыт бойынша мамандандырылған қызмет көрсетіледі. Атап айтқанда:

Кардиология – жүрек-қан тамыр ауруларын ерте анықтау және кешенді емдеу. Радиология және заманауи диагностика. Ультрадыбыстық зерттеулердің барлық түрі бар. Эндокринология – қант диабеті, қалқанша безі және гормон бұзылыстарын бақылау қызметі бар. Педиатрия – балалар денсаулығын қорғау және жүйелі бақылау. Физикалық ем және оңалту. Ішкі аурулар (терапия, жалпы медицина). Әйелдер аурулары және гинекология – әйел денсаулығына арналған кешенді медицина көмегі. Біздің орталықтың ерекшелігі – әр пациентке жеке көзқарас қалыптастырып, диагностика мен емдеу тәсілі халықаралық талаптарға сай жасалады. Сонымен қатар, Қазақстан мен Түркия медицинасының тәжірибесін біріктіре отырып, халыққа жоғары деңгейдегі кәсіби көмек ұсыну. Басты ұстанымымыз – сапа, сенім және пациент денсаулығына жан-жақты қамқорлық.

– Емханада Түркиялық дәрігерлер де қабылдау жүргізе ме?

– Иә, біздің орталықта Түркиядан келген білікті мамандармен бірлескен қабылдаулар ұйымдастыру жоспарланған. Кейбір бағыттар бойынша Түркиядан дәрігерлер арнайы келіп, кеңес беріп, тәжірибе алмасады. Шеберлік сабақтарын өткізеді. Бұл – пациенттердің халықаралық деңгейдегі мамандардан тікелей кеңес алып, заманауи емдеу тәсілдерімен танысуға үлкен мүмкіндік береді. Сонымен қатар, мұндай ынтымақтастық Қазақстан мен Түркия медицинасының арасындағы байланыс­ты нығайтып, клиникамыз­дағы қызмет сапасын одан әрі жақсартуға ықпал етеді.

– Болашақтағы жоспарларыңызбен бөліссеңіз?

– Болашақтағы ең үлкен мақсатымыз – «Sono 8 Clinic» орталығын бүкіл Қазақстан бойынша үлгілі, сенімді және заманауи медициналық мекемеге айналдыру. Біз медицинаны дамытуды адам өміріне жауапкершілікпен қарау, үміт сыйлау және денсаулықты сақтаудың мәдениетін қалыптастыру деп түсінеміз. Алдағы уақытта клиникамызда озық диагнос­тикалық мүмкіндіктерді кеңейту, халықаралық деңгейдегі жаңа емдеу технологияларын енгізу, Қазақстан мен Түркия медицинасының тәжірибесін біріктіріп, бірлескен мамандармен қабылдау жүргізу. Жас дәрігерлерге білім мен тәжірибе беретін кәсіби орта қалыптастыру. Профилактика мен ерте анықтауды қоғамда кеңінен дамыту сияқты маңызды бағыттарды жүзеге асыруды жоспарлап отырмыз.

Ең бастысы – әр пациентке жеке көңіл бөліп, олардың сеніміне ие болу. Өйткені медицинадағы ең үлкен жетістік – адамның өмір сапасын жақсартып, денсаулығына үміт сыйлау. Халықаралық стандартқа сай көмекті жандандырып, Қазақстан медицинасының дамуына үлесімізді қосу.

– Әңгімеңізге рахмет!
– Ісіңізге сәттілік тілейміз!

Гүлжан ТҰРСЫН

Қатысты жаңалықтар

Тарихта тұңғыш. Шайдоров жайында

Тарихта тұңғыш. Шайдоров жайында

14.02.2026
Милан-2026: Рекордтар мен таңғажайып сәттерге толы Олимпиада

Милан-2026: Рекордтар мен таңғажайып сәттерге толы Олимпиада

14.02.2026
Тәртіпке бағынған құл болмайды

Тәртіпке бағынған құл болмайды

14.02.2026
Құтқарушылар қар құрсауынан 73 адамды аман алып қалды

Құтқарушылар қар құрсауынан 73 адамды аман алып қалды

14.02.2026
 Негізгі заңға әйелдер көзқарасы: «AMANAT» партиясының Әйелдер қанаты жаңа Конституция жобасын әзірлеуге атсалысуда

Әділеттілік пен құқық үстемдігінің жаңа дәуірі

14.02.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.