Талдықорған: +8°C
$ 443.96
€ 487.73
₽ 5.38
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
29 қараша — Мәслихаттар депутаттарының сайлауы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Баламасыз орталық бой көтерді

21 ақпан 2026
КҮНДЕРЕК
Баламасыз орталық бой көтерді

ru.sport-wiki.org

WhatsAppTelegramFacebook

Жаркенттегі «Баркөрнеу» сауда үйінің бірінші қабатында боулинг және бильярд орталығы ашылды. Кәсіпкер Нұртас Сегізбай ойын-сауық орталығын ашуға қомақты қаржысын жұмсаған екен.

Орталықта 8 бильярд столы, 4 боулинг алаңының жолағы бар. 30 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Жалпы аумағы 800 шаршы метрді қамтитын кешенде келушілерге емін-еркін спортпен шұғылдануына жағдай жасалған.

Жаңа орталықтың жұмысымен танысып, жас кәсіпкердің іскерлігіне қолдау көрсеткен аудан әкімі Марат Сағымбек ашылу салтанатында құттықтау тілегін білдірді.

– Жергілікті кәсіпкерлер қаржысын өңірдің өркендеуіне жұмсап жүргенін өздеріңіз де білесіздер. Осы орталықтың ашылуына кәсіпкер 150 миллион теңгеге жуық қаржысын жұмсаған. Бұл аудан экономикасына тартылған жаңа инвестиция. Оның сыртында 30 адамды жұмыспен қамтамасыз етті, – деді аудан басшысы.

Салтанатты шараға келушілердің айтуынша Жаркент өңірінде бірінші рет ашылған боулинг жай ғана ойын емес. Ол осы залға келген әр адам үшін достарымен көңіл көтеріп, сауық құратын мереке. Мұнда бұрын да қонақүйлер мен жеке адамдар үйіне қойып жүрген бильярд ойыны да әріптес достар ортасында қол мен көз мергендігін, жан шеберлігін сынайтын бәсекеге негіз спорттың түрі. Жаңа ойын-сауық отауы тұрғындардың қызығушылығын арттыратыны сөзсіз.

Мырзағали НҰРСЕЙІТ
Панфилов ауданы

Қатысты жаңалықтар

Елімізде 44 жаңа мектеп пен 37 балабақша пайдалануға берілді

Бүгін, 17:33
Қолжетімділік көтергіштен басталады

Қолжетімділік көтергіштен басталады

Бүгін, 15:46
Жетісуда бағаға бақылау күшейді

Жетісуда бағаға бақылау күшейді

Бүгін, 15:25
Жетісу облысына — 3 жыл: шамамен 1 млн. шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріліп, кезекте тұрған 5735 адам үйлі болды

Он айда 14,9 млн шаршы метр тұрғын үй салынды

Бүгін, 14:52
Талдықорғанда қала әкімі тұрғындарды қабылдады

Талдықорғанда қала әкімі тұрғындарды қабылдады

Бүгін, 14:01

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.