Талдықорған: -5°C
$ 501.75
€ 591.96
₽ 6.52
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ӘЛЕУМЕТ

Балл қуған буын

26.02.2026
ӘЛЕУМЕТ, ЖАҢАЛЫҚТАР
Балл қуған буын
WhatsAppTelegramFacebook

Бүгінде білім туралы әңгіменің бағыты өзгерді. Бұрын «не үйрендің?» деген сауал басты өлшем саналса, қазір «қанша балл жинадың?» деген сұрақ алдыңғы қатарға шықты.

Нәтижеге негізделген жүйеде білім кейде көрсеткішке, ал оқушы статистикаға айналып кеткендей әсер қалдырады. Бұл – уақыт талабы, бәсекенің заңы. Дегенмен осы өзгеріс білімнің шынайы мәні туралы ойлануға мәжбүр етіп отыр.

Дұрыс жауап табу – білімнің бар екенін көрсетсе, сол жауаптың мәнін түсіну – білімнің сапасын айқындайды. Осы екі ұғымның арасы алшақтаған сайын білімнің тереңдігі туралы әңгіме жиілей түсті. Формуланы жаттау оңай, ал оны өмірде қолдану – күрделі. Терминді айту жеңіл, ал мағынасын ұғыну – ой еңбегін талап етеді. Сондықтан бүгінгі білім кеңістігіндегі негізгі мәселе емтиханның формасында емес, оқытудың мазмұнында жатыр.

Білім саласының мамандары «білімнің мақсаты – жаттау емес, ұғыну» екенін жиі айтады. Шынында, ғылым адамды өзгертпесе, ол тек ақпарат күйінде қалады. Ал адамды өзгерткен білім ғана құнды. Сол себепті қазіргі талқылаудың өзегі оқушы не біледі деген сұрақтан гөрі, қалай ойлайды деген мәселеге ойысып отыр.

Текелі қаласындағы №1 орта мектептің директоры Нұрсұлу Қалығұлованың айтуынша, білім беру үдерісінде оқушының ойлау қабілетін дамытуға ерекше мән берілуде. Жобалық жұмыстар, пікірсайыстар, STEM зертханалары балаларды білімді қабылдауға ғана емес, оны қолдануға үйретеді. Мұндай тәсілдер жаттаудан гөрі түсіндіруге, дәлелдеуге, салыстыруға жетелейді. Оқушы өз ойын еркін жеткізе бастағанда, білімнің шынайы нәтижесі байқалады.
Сонымен қатар тест жүйесі де қазіргі білімнің ажырамас бөлігіне айналды. ҰБТ нәтижесінің мектеп көрсеткішіне әсер етуі жоғары сыныптарда тестке дайындықтың күшеюіне әкелетіні заңды. Директордың пікірінше, мәселе тесттің болуында емес, оның басты мақсатқа айналып кетуінде. Егер оқу үдерісі тек дұрыс жауап табуға құрылса, ойлау екінші орынға ығысады. Ал ойлаусыз білім – уақытша нәтиже.

Бұл өзгерісті оқушылардың өзі де сезінеді. Аталмыш мектептің 9-сынып оқушысы Азиза Тұрғанбек пікірталас пен шығармашылық тапсырмалар ойлауға көмектесетінін айтады. Алайда тестке дайындық көбейген сайын мұндай жұмыстардың азайып бара жатқанын атап өтті. Оның пікірінше, өмірмен байланысы жоқ білім тез ұмытылады, ал тәжірибемен ұштасқан білім ұзақ сақталады.

Ал 10-сынып оқушысы Айгерім Төлегенқызы білімді екіге бөледі: жаттау және түсіну. Жаттау емтиханға көмектескенімен, түсіну адамды өмірге дайындайды. Формуланы білу жеткіліксіз – оны қай кезде және қалай қолдану керегін түсіну маңызды. Өйткені өмір тест сұрақтары сияқты бір ғана дұрыс жауаппен шектелмейді.

Мектеп психологы Алмагүл Бүркітбайқызы да білім мазмұнындағы бұл өзгерістерге назар аударады. Оның айтуынша, қазіргі балалар ақпаратты жылдам қабылдайды, технологияны тез меңгереді. Алайда қысқа видеолар мен үзік-үзік ақпарат ұзақ уақыт бір мәселеге терең шоғырлануды қиындатуы мүмкін. Дайын жауапқа үйрену дербес шешім қабылдау дағдысына да әсер етеді: бала үнемі сыртқы нұсқаға сүйенсе, өз пікірін қалыптастыру баяулайды.

Психолог пікірінше, пікірталас, ашық сұрақтар және бірнеше дұрыс жауабы бар тапсырмалар ойлауды тиімді дамытады. Психологияда «ойсыз білім» деген ұғым бар – бұл ақпаратты білу, бірақ оны түсінбеу. Бала анықтаманы айтып бере алады, алайда жаңа жағдайда қолдана алмайды. Ал шынайы білім түсіну, талдау және тәжірибемен байланыстыру арқылы қалыптасады.

Маманның айтуынша, бүгінгі білім жүйесінде нәтиже маңызды болғанымен, сол нәтижеге жеткізетін ойлау үдерісі кейде екінші орынға қалып жатады. Мектеп білім мазмұнын жеткізуге тырысса, оқушылар оның мәнін түсінуге көбірек ұмтылуда. Бұл – білімнің дамып жатқанын көрсететін табиғи құбылыс. Ойлау қабілеті өздігінен қалыптаспайды, оны жүйелі түрде дамыту қажет. Сондықтан мәселе тесттің бар-жоғында емес, оның білімді бағалаудың жалғыз өлшеміне айналуында.

Дайын жауапты табу жеңілдеген сайын сұрақ қою азаюы мүмкін. Ал сұрақ азайған жерде қызығушылық пен ізденіс те әлсірейді. Сұрақ – ойлаудың бастауы, ал ой – баланың тұлғалық және зияткерлік дамуының негізгі тірегі.

Қалай десек те, білімнің мәні баллда емес, ойда. Егер білім ойлауды әлсіретсе, қоғам да әлсірейді. Ал білім ойлауды күшейтсе, болашақтың іргесі нығаяды. Бүгінгі таңда басты міндет – балл қуған буынды емес, ойлайтын буынды қалыптастыру. Себебі білімнің шынайы құны емтихан нәтижесінде емес, адамның дүниетанымында, шешім қабылдауында және өмірмен байланысында көрінеді. Сондықтан қазіргі білім жүйесінің алдында тұрған негізгі міндет – көрсеткіш пен мазмұнның тепе-теңдігін табу. Балл қажет, бірақ ол мақсат емес, құрал болуы тиіс. Ал білімнің басты нәтижесі – сұрақ қоя алатын, ойлана алатын, дәлелдей алатын тұлға қалыптастыру.

Ойлайтын буын қалыптасқанда ғана білімнің шынайы құны артады. Бұл – тек мектептің емес, бүкіл қоғамның ортақ жауапкершілігі. Бұл туралы Сіз не дейсіз, көзі қарақты оқырман?!

Сарби ӘЙТЕНОВА

Қатысты жаңалықтар

Конституциялық реформаға арналған халықаралық конференция өтті

Конституциялық реформаға арналған халықаралық конференция өтті

26.02.2026
«Талдау»  сарапшылары конституциялық жаңашылдықтарды талқылады

«Талдау» сарапшылары конституциялық жаңашылдықтарды талқылады

26.02.2026
Көксу ауданында 7 отбасы баспаналы болды

Көксу ауданында 7 отбасы баспаналы болды

26.02.2026
Мемлекет пен қоғам арасындағы сенім тірегі

Мемлекет пен қоғам арасындағы сенім тірегі

26.02.2026
Жалынды жастар өркендеу мен өрістеуді қолдайды

Жалынды жастар өркендеу мен өрістеуді қолдайды

26.02.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.