Талдықорған: -4°C
$ 497.56
€ 586.92
₽ 6.44
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

Бәрі өтірік болып шықса…

01.03.2026
КҮЛТӨБЕ
Бәрі өтірік болып шықса…

ru.freepik.com

WhatsAppTelegramFacebook

Кейде адам бәрінен шаршайды. Сенімнен, жүйеден, өзге адамнан да, тіпті өз ойының даусынан да. Осындай сәтте сананы Ақберен Елгезек ақынның «Бәрі өтірік болып шықса…» деген бір ауыз сөзі қақ жарып өтеді. Оның өлеңі – сенім мен шүбә арасындағы адам жанының күресін айнадай көрсететін туынды. 

Ақын атеист те, діншіл де емес. Ол – ізденуші. «Хауа Анаң да, Қабылың да…» деп басталатын өлең жолдары – адамзат тарихына, оның сеніміне, түсінігіне қойылған сұрақтардың шынайы көрінісіндей. Бұл – Құдайға күмән емес, адамның өзіне, адамзаттың ақиқатқа деген адалдығына күмән. Ақынның «Бәрі өтірік болса ше?» деген сұрағы – Құдайды жоққа шығару емес, жалған сенімнің, жасанды діндарлықтың, көзбояушылықтың шындығын іздеу.

Біз кейде наным-сенімді ақиқат деп қабылдаймыз. Бірақ ол сенімнің түбінде не жатыр – қорқыныш па әлде шынайы таным ба?

Ақбереннің өлеңі осыны меңзейді. Егер бәрі өтірік болып шықса, біз не жоғалтамыз? Біздікі шын сенім бе, әлде қорқыныштан туған үміт пе?

Ақынның өлеңін бүгінгі қоғамның рухани ахуалымен байланыстырсақ, көп дүниені аңғаруға болады. Қазір «сенім» сөзі жиі айтылғанымен, оның көбі – сыртқы форма, ритуал, дағды ғана. Ал ішкі сенім – адам мен Жаратушының арасындағы үнсіз әңгіме – сирек. Ақберен сол үнсіздікті тыңдатқысы келеді.
Өлең соңындағы:

«Өлгеннен соң бәрібір ғой,
Дінге мүлде бөлінбейтін,
Көзге мүлде көрінбейтін
Аруақтарға айналмаймыз ба, Құдай-ай,
Соны неге түсінбейді бұ халық?!» – деген жолдарда үлкен философиялық ой жатыр. Бұл – ақынның өз халқына өкпесі емес, мейірімі. Осымен ол адамдарды оятқысы келеді: «Бір-біріңді дінге, ұлтқа, көзқарасқа қарап бөлмеңдер, бәрің де пендесіңдер, бәрің де бір түпке қайта барасыңдар», – дейді шайыр.

Шындығында, қоғамда жалған сенім мен нағыз руханияттың арасындағы шекара жойылып бара жатқандай. Бірі дінді ұранға айналдырса, бірі сенімнен мүлде безінген. Ал екі жақ та ақиқатты ұмытады. Ақбереннің өлеңі сол ұмытқан ақиқатты қайта іздеуге үндейді.
«Бәрі өтірік болып шықса…» – бұл қорқыныш емес, ерлік.

Себебі, шынайы сенім тек күмәннен өтеді. Күмәнсіз сенім – соқыр наным. Ақынның жүрегі – күмән арқылы жарық іздейтін жүрек. Бәлкім, бәрі өтірік болмайтын да шығар. Бірақ сол «өтірік боп шықса ше?» деген сұрақ бізді өз шындығымызды іздеуге мәжбүр етсе – онда өлең өз миссиясын орындады деген сөз.

Қалай десек те өтірік сенімнен, жалған ғибраттан, сыртқы тақуалықтан гөрі адамдық шындық қымбат. Ақбереннің өлеңі соны ұқтырады. Өйткені бәрі өтірік болып шықса да, адамның іздеген шындығы ғана шындық болып қалатыны рас қой.

Сарби ӘЙТЕНОВА

Қатысты жаңалықтар

Диплом бар, жұмыс ше?

Диплом бар, жұмыс ше?

01.03.2026
Ана тілі – ұлттық код

Ана тілі – ұлттық код

01.03.2026
Тренд пе, қажеттілік пе?

Тренд пе, қажеттілік пе?

01.03.2026
Ертегі – тәрбие мектебі

Ертегі – тәрбие мектебі

01.03.2026
Бәрі өтірік болып шықса…

Бәрі өтірік болып шықса…

01.03.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.