Талдықорған: -6°C
$ 497.56
€ 586.92
₽ 6.44
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Тәтті түбір тамырына нәр берген

28.02.2026
КҮНДЕРЕК
Тәтті түбір тамырына нәр берген

Close-up of Sugar beet, growing on a field under a blue sky.

WhatsAppTelegramFacebook

Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты еліміздегі қант қызылшасы өндірісін ғылыми жағынан қамтамасыз ететін бірден-бір мекеме. Мұндағы қызметкерлер өнімі сапалы, өнімділігі жоғары әрі ауруға төзімді жаңа сорттар мен будандарды шығаруға, бастапқы және элиталық тұқым әзірлеуді өз деңгейінде жүргізуге, оны өндірудің технологиясын жетілдіруге ерекше назар аударады. Мекеменің басты мақсаты – қант қызылшасының элиталық тұқымы мен будандастырылған будандарының бастапқы компоненттерін көбейту. Айдарымыздың кейіпкері 1958 жылы Қаратал ауданында туған, еліміздегі қант қызылшасының өндірісін дамыту жолында тер төгіп, саналы ғұмырын ғылымға арнаған ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты, қант қызылшасы зертханасының жетекші ғылыми қызметкері Керімтай Қонысбеков.  

– Керімтай Төлеуқасымұлы, еліміз қант қызылшасын өсіретін елдердің қатарына жатады. Соған қарамастан елдегі қантпен қамтамасыз ету көрсеткіші тым төмен. Мұның себебі неде?

– Деректерге сүйенер болсақ, бүкіл дүниежүзі бойынша қант қызылшасының егістігі 5 миллион гектар жерді алып жатыр. БҰҰ-ның Азық-түлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің ақпараты бойынша қант қызылшасының ірі өндірушілері қатарында Ресей, Франция, АҚШ, Германия, Украина және Түркия мемлекеттері бар. Енді еліміздегі қант қызылшасын өндірудің қазіргі жағдайына тоқталсам, еліміздің жаңа әлеуметтік-экономикалық бағыт-бағдарына байланысты республиканың ауыл шаруашылығында, оның ішінде қант қызылшасы өнеркәсібінде күрделі өзгерістер болды. Республикада қант қызылшасын өсірген жылдардағы егістік алқабының ең жоғарғы көлемі 80,8 мың гектарға жетіп, орташа өнімділік әр гектарына 270 центнерді құраған еді. Бұл ретте қызылша ауыспалы егістігі айналымын игеру үшін 213,5 мың гектар суармалы жер пайдаланылды. Алайда 2004-2014 жылдар аралығында елдегі қант қызылшасы алқабы 22,3 мыңнан 1,2 мың гектарға дейін күрт қысқарды. Осы уақыт аралығында елімізді қантпен қамтамасыз ете алмағанымыз рас. Енді соңғы жылдары қант қызылшасын өсірудің тәжірибесі республикада суармалы жердің әр гектарынан 400 центнерден, тәлімі жерден 200-250 центнерден тұрақты өнім алуға болатынын көрсетті. Осы арқылы ішкі нарықты отандық шикізаттан алынған қантпен толтыру, импорттық шикізатқа тәуелділікті төмендету, қант қызылшасын өндіретін шаруашылықтарға жұмысын алға бастыру үшін мемлекеттен қолдау жасалғанын айтуымыз керек. Республиканың жыл сайынғы қантқа сұранысы 500 мың тоннаны құрайды. Сарапшылардың есебі бойынша Кедендік одақ елдерінде (Ресей, Беларусь, Қазақстан) тәтті түбірдің жаңа жиналымынан 5,3 млн. тонна қант өндірілген. Бұл Кедендік одақ елдерінің жыл ортасына дейінгі тұтынушылық талабын қанағаттандыруға және артылғанын экспортқа шығаруға жетеді.

– Ғалымдар «тұқым өндірісі жөнінен біз елдің тұтыну деңгейінен әлдеқайда артта қалдық» деп дабыл қағуда. Осыған не айтасыз?

– Тұқым нарығында импорттық тұқым 95%-ды құраса, отандық өнімнің үлесі бар болғаны 5% ғана. Яғни, елімізде дақыл тұқымының өндірісін мүлдем дерлік жоғалттық деуге болады. Бұған қоса көптеген аймақта себілетін тұқым сапасына деген бақылаудың жоқтығынан, карантиндік зиянкестер мен аурулардың еніп кету қаупі туындауда. Қазақстанда қант қызылшасы тұқымын өңдеу, жетілдіру зауытының жоқтығы және элиталық-тұқым шаруашылықтарының болмауы алынған қант қызылшасы тұқымын осы заманғы халықаралық стандарттарға сай себу кондициясына жеткізуге мүмкіндік бермейді. Осыдан барып шағын цех салудың қажеттілігі туындады. Ол бізге жоғары сапалы тұқым алуға және оны төмендетуге мүмкіндік туғызбақ. Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты «Қамқорлық» және «Жылыбұлақ» жеке шаруа серіктестігі бірлесе отырып, отандық тұқымға деген сұранысты арттырып, сапасы жоғары тұқыммен қамтамасыз етуді жоспарлап отыр. Ақсу, Айшолпан, Тараз, Шекер атты қазақстандық қант қызылшасы буданын, басқа да бәсекеге қабілетті түрлерін өсіру жөніндегі ұсыныстарды республикада ғана емес, осындай табиғи-климаттық жағдайымен бағалы дақылға сұранысы бар Қырғызстан мен Өзбекстанда да пайдалануға болады. Мемлекеттік сорт сынағына 19 қант қызылшасы буданы тапсырылып, оның 8-і өндіріске пайдалануға рұқсат етілді. Ақсу, Айшолпан, Тараз, Шекер, Памяти Абугалиева, Абулхаир, Ынтымақ, Болашақ тұқымдарын шаруалар пайдалануда.

Кеңестік дәуірде Қазақстанда қызылша дақылының тұқым шаруашылығының тиімді жүйесі жұмыс істеді. Қазақтың егіншілік ғылыми-зерттеу институты қант қызылшасының бастапқы тұқым шаруашылығымен айналысты. «Қаскелең өндірістік-тәжірибе шаруашылығы» элита тұқымын шығарып, 1-репродукциялы тұқым өндірумен Алматы, Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан облыстарының 4 шаруашылығы шұғылданды. Шу тұқым өңдеу зауыты тұқым себу кондициясына жеткізумен айналысты. Тұқым өндірудің жылдық мөлшері республика бойынша 400 тоннадан жоғары болды. Бүгінде облыстардағы қызылша алқабының 70-80 пайызына шетелдік сорттардың тұқымы егілуде. Оның басты себебі, Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін еліміз жаңа нарықтық экономикалық қатынастарға бет бұрып, қалыптасқан жүйе толық бұзылды. Қазіргі кезде елде сапалы дәріленген, шірік ауруына төзімді, мол өнім беретін қант қызылшасының сорттары мен будандарының тұқымы жетіспейді, ал шетелдік тұқымдар өте қымбат. Қазақстан Республикасында өнімділігі, сапасы жоғары, қоршаған ортаға бейімділігі жағынан шетелдік түрлерімен бәсекеге түсе алатын қант қызылшасы будандарын енгізу арқылы, өнімділікті арттырып қант өңдеу инфрақұрылымының дамуына, өнімнің өзіндік құнының кемуіне және қант қызылшасы саласының экономикалық тиімділігіне әкеледі деп толық сеніммен айта аламыз.

– Еліміздегі қант қызылшасын өсіру деңгейі жайлы ойыңызбен бөліссеңіз.

– Әрине, соңғы жылдары қант қызылшасын өсіруде біршама алға қадам бастық. Ерекше атап айтатын жай, Жетісу облысында қант қызылшасын өсірудің қайтадан қарқынды түрде өріс алуы қуантады. Көксу, Ақсу қант зауыттары жұмысын жандандыруының өзі үлкен жетістік. «Хильниченко және К» серіктестігі орта есеппен әр гектардан 730 центнерден алды, ал кейбір учаскелерінде өнім 810 центнерге дейін жеткен. 2027 жылға қарай Жетісу облысында бұл дақылдың егістігін 15 мың гектарға жеткізу көзделуде. Облыстық бюджеттен қаражат бөлініп, «Жетісу» ӘКК-сы арқылы француз және неміс селекциясының жоғары өнімді будандары тұқымының 8422 егістік бірлігі әкелінеді. Бұған қосымша Панфилов ауданындағы «Қамқорлық» ЖШС-де жергілікті будандардың 2000 егістік бірлігі көлеміндегі тұқымы әзірленеді. Қант қызылшасын өндіру технологиясында арнаулы ауыл шаруашылығы техникаларымен толық жарақтандырылмауы басты проблема болып тұр. Жоғары дәлдікті пневмо тұқым сепкіші, әмбебап компактор, тегістеуші, дәрі шашыратқыш, егін оратын, жинайтын көліктік кешен жетіспейді. Ұсақ шаруа қожалықтарының лизинг арқылы техника алуға мүмкіндігі жоқ. Осы проблеманы шешу үшін Жетісу облысында аудандар бойынша 22-ден астам арнайы агросервистік орталықтар құрылды. Әрбір сервистік орталық осы орайда өздерінің 100 гектар қызылшасынан басқа, 300 гектар қант қызылшасы алқабына қызмет көрсетеді. Орталықтың қуаттылығы 400 гектарға есептелген және заманауи тракторлармен және арнаулы ауыл шаруашылығы машиналарымен толық жарақтандырылған. Орталықтар белгіленген баға бойынша аймақтардың жерді пайдалануын дифференциалды түрде ескере отырып, басқа қызылша өсірілетін шаруашылықтарға да агротехникалық қызмет көрсетеді.

– Бүгінде шаруашылықтар қандай тұқым түрін пайдалануда? Ғалым ретінде ақыл-кеңесіңізді айтсаңыз.

– Қазір елімізде қант қызылшасының 30 буданы өндіріске пайдалануға жіберілді. Оның 23-і шетелдік өнімдер. Негізінен Ардан Авантаж, Роксан, Дануб, Венера, («Флоримонд Депре» Франция), Гримм («Штрубе» Германия), Торпедо (Бельгия) бар. Шетелден алып келген тұқымдар арнайы зауыттарда өңделген сапалы, өсімтал. Тамыр шірігіне де төзімді келеді. Алайда, бұлар Қазақстанда тамыржегі, фузариозбен және кагат ауруына жиі ұшырайды. Шетелдік тұқымның егу бірлігінің бағасы 95000-110000 теңге аралығында. Ал отандық будандар бағасы 18000-26000 теңге. Шетелдік селекция тұқымдарының басымдыққа шығуы егіске отандық тұқымның осы заман талабына сай емес, қанағаттанарлықсыз деңгейде дайындалуында әрі тұқым шаруашылығы саласының төменгі деңгейіне байланысты.

Қазіргі қант қызылшасы тұқымының фабрикалық бірінші репродукциясын шығарумен ешкім айналыспайды. Тұқымды өсіру бір жұмыс. Ал оны әрі қарай өңдеп, сатылымға шығаруға жеткізу де оңай шаруа емес. Мұндағы тағы бір мәселе – тұқымды егіске сапалы дайындау. Бұл тұқымның өміршеңдік тұрғыда іріктелуіне, жақсы қорғалуына, дұрыс сақталуына ерекше мән берген жөн. Техникалық мүмкіндіктің, яғни тұқымды жетілдіретін зауыттың жоқтығынан біз ұтылып отырмыз. Қазіргі кезде тұқымды себуге әзірлеу қарабайыр тәсілмен жүргізілуде. Мәселен, тұқымды түрлі ситодан өткізу және «ТМТД» препаратымен дәрілеу арқылы жасалып отыр. Осының салдарынан республикада әлі күнге дейін қазақстандық селекция будандары өндірісте пайдалануға жіберілмейді. Тұқым дайындау халық-аралық стандартқа сай келмегендіктен, айрықша сұранысқа ие болмағандықтан аз мөлшерде ғана қолданылады.

– Қант қызылшасын егуге ықыласты шаруаларға айтарыңыз бар ма?

– Қант қызылшасы үшін азотты КАС, карбамид тыңайтқыштарын қолданған жөн. КАС-ты бүріккіштер арқылы қолдану тыңайтқыштың егістікке біркелкі таралуын қамтамасыз етеді. Құрамында күкірт және азот тыңайтқышы ретінде аммоний сульфатын 3-4 ц/га. себу алдында қолдану керек. Бор мөлшері төмен топырақтарда 0,3-0,4 кг/га. белсенді заттары бар бор егу алдында жұмыстарда берілгені жөн. Топырақты егу алдындағы дайындауды Компактор типті агрегат арқылы тұқым себу тереңдігіне дейін жүргізуі керек. Топырақтың тығыздалуын болдырмау үшін қос доңғалақты тракторлар қолданылады. Эрозияға қауіпті топырақтарда жел эрозиясының қаупін азайту үшін агрегаттардың қолдану санын барынша азайтып, біреуімен шектеуге тырысқан жөн. Құмды, сазды топырақтарда егу алдында өңдеу кезінде дискілі қопсытқыштар мен тырмаларды қолдануға болмайды.

Қант қызылшасы – ерте себілетін дақыл. Топырақ қабаты 5 см. болса, тереңдікте 5-6 градусқа дейін қызған кезде іске кіріскен жөн. Әдетте, бұл еліміздің оңтүстік және оңтүстік-шығыс қызылша өсіру аймағы үшін сәуірдің бірінші және екінші онкүндігі. Дәл осы күнтізбелік мерзімде себу вегетациялық кезеңнің максималды ұзақтығын қамтамасыз етеді. Наурыздың аяғы мен сәуірдің бірінші онкүндігінде температураның жиі төмендеуіне байланысты себілсе, өркендері сирек болады. Екінші қауіп – жаппай өркендердің тамыр жегімен зақымдануы. Егер шаруа ерте егуді бастап қойса, топырақ гербицидтерін осы егістікке пайдаланған жөн. Суық мезгілде арамшөптердің өркендері қызылша өркендерінен бұрын пайда болады. Бұл жағдайда арамшөп өркендерінің бір бөлігі өледі, ал аман қалғандары қысымға ұшырайды. Содан кейін ұзаққа созылған көктемде және 18-20 күннен кейін қызылша өрендері пайда болған кезде арамшөптермен залалдануы төмен болады. Бұл гербицидтермен өңдеуді қызылша өркендері пайда болғаннан кейінгі оңтайлы уақытта жүргізуге мүмкіндік береді. Егер көктем құрғақ және жылы болса, арамшөптер мен дақылдардың өну динамикасы біркелкі болса, онда көбінесе бұл жағдайда топырақ гербицидтерін қолдану тиімсіз. Ал 25-30 сәуір мен мамырдың бірінші онкүндігінде дақыл егілсе бұл кеш себуге жатады. Көбінесе топырақтың құрғаған беткі қабатында жүзеге асырылады. Дәл осы кезеңде қатты жауын-шашынның ықтималдығы артады, бұл топырақ қабыршағының пайда болуына әкеледі және тамыр жегі ауруымен зақымдану қаупін арттырады. Кеш егу кезінде қант қызылшасының вегетациялық кезеңі 15-20 күнге қысқарады. Тәжірибелер көрсеткендей, қызылшаның көктемгі өсуінің бір күні күзде вегетациялық кезеңнің ұзаруымен өтелмейді. Өте сирек шыққан алқапты 20-25 мамырдан кешіктірмей қайта себу керек.

– Ғылым жолы – қиын. Осынау қиындықты қайыспай көтере білу де – ерлік. Осы тұста жас ғалымдарға не айтасыз?

– «Ғылым – инемен құдық қазғандай». Бұл жол асқан шыдамдылықты, терең білімді талап етеді. Дәл қазіргі таңда біздің салаға бет алатын жас ғалымдар саны тым аз. Себебі бұл өте қиын жұмыс әрі жауапкершілігі де жоғары. 2017 жылдың аяғында біздің институт ғалымдары «Ғылым қоры» АҚ-ның өндіріске дайын әзірлемелерді коммерциялау мақсаты бойынша гранттық қаржыны «Отандық селекциядағы жоғары сапалы қант қызылшасы тұқымын өндіру технологиясы» жобасы бойынша ұтып алды. Нәтижесінде арнайы тұқым дайындайтын цех ашып, білімді де білікті мамандарды дайындауға барынша еңбек еттік. Ғылым докторанттары Рахил Елназарқызы қазіргі таңда Астана қаласында белді қызмет атқарса, Нұрсұлтан Мұсаходжаев жүгері бөлімінің меңгерушісі, ал Ләйлә Табынбаева қызылша бөлімінің зертханалық меңгерушісі қызметін абыроймен атқаруда. Ғылым жолында қасымнан табылып, қиындығына қарамай, үнемі ізденіс үстінде жүретін ғылымға ерекше көңіл бөлген ғалымдардың жұмысына ризамын. Осындай жанкештілікпен ғылымға үлес қосқан ЕҢБЕК АДАМДАРЫ барда біз бар қиындықты жеңіп шығатынымызға сенімдімін.

– Сүбелі әңгімеңізге рахмет! 

Еңлік КЕНЕБАЙ

Қатысты жаңалықтар

Жетісуда үш жедел әрекет ету нысаны қолданысқа берілді

Жетісуда үш жедел әрекет ету нысаны қолданысқа берілді

28.02.2026
Arrivederci, Italia! Тарихи алтын үшін алғыс

Arrivederci, Italia! Тарихи алтын үшін алғыс

28.02.2026
Тәтті түбір тамырына нәр берген

Тәтті түбір тамырына нәр берген

28.02.2026
Саяси партиялар халықтық Конституцияны қолдайтындарын мәлімдеді

Саяси партиялар халықтық Конституцияны қолдайтындарын мәлімдеді

28.02.2026
Алименттен қашып жүр…

Алименттен қашып жүр…

28.02.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.