Талдықорған: +6°C
$ 493.85
€ 571.78
₽ 6.25
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР

Ана – шуақ, ана – күн…

07.03.2026
ЖАҢАЛЫҚТАР, КҮНДЕРЕК, МЕРЕКЕ АЙШЫҒЫ
Ана – шуақ, ана – күн…

Дмитрий Ерофеев

WhatsAppTelegramFacebook

Күннің шуағымен жер беті жылынса, ана махаббаты күллі әлемді жылытады. Ана. Осы бір үш алтын әріптен тұратын жалғыз-ақ сөздің астарында ғаламат сүйіспеншілік пен ұлы сезім жатыр. Кербез көктемнің шуақты күндерімен бірге келген 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай ақ жаулықты аналарға құрмет көрсету мақсатында Б. Римова атындағы Талдықорған академиялық драма театрында салтанатты кеш өтті. Мерекелік шараға қатысқан облыс әкімі Бейбіт ИСАБАЕВ түрлі салада белсенділік танытып жүрген нәзік жандарды марапаттады.

Жиынға облыстың әр өңірінде түрлі салада жемісті еңбек етіп жүрген қарапайым қызметкерлерден бастап, ақ жаулықты әжелер мен алтын құрсақты аналар, аймақ дамуына үлес қосқан, бесігін де, кәсібін де тербеткен 500 ару қатысты.
Шарада сөз алған аймақ басшысы Бейбіт Өксікбайұлы мерекелік көңіл-күймен жиналған әйелдер қауымын төл мейрамдарымен құттықтады.

– Биыл даңқты жерлесіміз Бәтима Сақауованың туғанына 100, Социалистік Еңбек Ері Зылиха Тамшыбаеваға 90 жыл толып отыр. Сол сияқты бүгін Социалистік Еңбек Ері Күләш Айтжанова апамыздың ортамызда отырғаны біз үшін үлкен мақтаныш. Осындай игі дәстүрді жаңа дәуірде жаңғыртып, қоғам ісіне белсене араласып жүрген замандастарымыз да жетерлік. Олардың қатарында егіншілікпен айналысатын алакөлдік Оразғаным Молдағалиева, көксулық аспаз Жұлдыз Шәкіржанова, Ақсу аудандық электр жүйелерінің инженері Алтынай Жолдасбай, «Текелі су құбыры» мекемесінің операторы Марина Коваленко сияқты көптеген әйел азаматтардың есімін ризашылықпен атаймыз. Осы орайда елдің дамуына қосып жүрген елеулі үлестеріңіз үшін баршаңызға шынайы алғысымды білдіремін. Отбасы – мемлекеттің тірегі, ал ана – шаңырақтың ұйытқысы. Облыста 10 мыңнан астам «Алтын алқа», «Күміс алқа» иегерлері бар. Бұл – біз үшін үлкен мақтаныш. Өйткені көпбалалы аналардың қоғамдағы рөлі – елдің әлеуметтік келбетінің айнасы, – дей келе аймақтың өркендеуіне сүбелі үлес қосқан жандарды марапаттап, Мемлекеттік наградалар табыстады.

Атап айтсақ, Қ. Тоқаев атындағы қайырымдылық қорының өкілі Валентина Спиридонова «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» атағын алды. Облыстық қаржы басқармасының басшысы Жанар Керімбекова және облыс әкімі аппаратының бөлім басшысы Эльмира Жырғалбаева «Құрмет» орденін омырауына тақты. Қоғалы орта мектебінің мұғалімі Нұргүл Арпабекова мен облыстық еңбек мобильдік орталығы, Алакөл аудандық мансап орталығы филиалының директоры Ләззат Қосантаева «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды. Талдықорған қалалық көпсалалы ауруханасының аға мейіргері Бақытгүл Иманбекова «Шапағат» медалін алды. Облыстық қоғамдық кеңестің мүшесі Дания Қыдырбаеваға Мемлекет басшысының құттықтау ашық хаты табысталды. Сонымен қатар, «Алтын алқа» мен «Күміс алқа» иелері де мерейленді. Шара барысында ғазиз аналар ризашылығын жеткізіп, елдің амандығын тілеп, ақ баталарын берді. Айта кетейік, мерекеге орай «Идрисова» шаруа қожалығының басшысы Шакира Идрисова Астананың төрінен І дәрежелі «Еңбек даңқы», «Үштөбе-Айдын» ЖШС құрылтайшысы Айбарша Бескемпірова ІІІ дәрежелі «Еңбек даңқы» орденімен марапатталды.

Бір қолымен бесікті, бір қолымен әлемді тербеткен, аймақтың өркендеуіне зор үлес қосқан аяулы жандарға арналған шара концерттік бағдарламаға ұласты.

Айдар ҚАЛИЕВ

Қатысты жаңалықтар

Таяу Шығыстағы шиеленіс: Сыртқы істер министрлігі отандастарға үндеу жасады

Таяу Шығыстағы шиеленіс: Сыртқы істер министрлігі отандастарға үндеу жасады

07.03.2026
Алаш мұрасының темірқазығы

Алаш мұрасының темірқазығы

07.03.2026
Апам ол кезде…

Апам ол кезде…

07.03.2026
Талабы таудай талант

Талабы таудай талант

07.03.2026
Төл алу науқанына дайын

Төл алу науқанына дайын

07.03.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.