Талдықорған: +15°C
$ 444.76
€ 495.37
₽ 5.37
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Тағы да қымбатшылық: Ақпаннан бастап не өзгереді?

31 қаңтар 2025
КҮНДЕРЕК
Тағы да қымбатшылық: Ақпаннан бастап не өзгереді?
WhatsAppTelegramFacebook

Жылдың ең қысқа айы ақпанда қазақстандықтарды бірқатар өзгеріс күтіп тұр. Massaget.kz тілшісі маңыздыларына шолу жасады.

Коммуналды төлем қымбаттайды

Алматыда 1 ақпаннан бастап суық судың тарифі өзгереді. Осылайша 2025 жылғы 1 ақпаннан бастап мынадай жаңа тарифтер қолданысқа енгізіледі:

  • Сумен жабдықтаудың орташа тарифі — 135,24 теңге/м3,
  • Су бұруға 83,54 теңге/м3.
  • Халық үшін сумен жабдықтаудың базалық тарифі 91,96 теңге/м3 дейін, ал су бұруға 83,54 теңге/м3 дейін өседі.

Алматыда тұратын тұтынушылар үшін орташа түбіртек:

  • суық сумен жабдықтау бойынша 32 м2 тұрғын алаңы бар 1 бөлмелі пәтер үшін 156 теңгеге және кәріз үшін 139 теңгеге (295 теңге) артық;
  • тұрғын алаңы 48 м2, 2 бөлмелі пәтер үшін суық сумен жабдықтау бойынша 234 теңгеге және кәріз үшін 208 теңгеге (450 теңге) артық;
  • тұрғын алаңы 88 м2, 3 бөлмелі пәтер үшін суық сумен жабдықтау бойынша 312 теңгеге және кәріз үшін 278 теңгеге (600 теңге) артық.

1-сынып оқушылары демалады

9 қаңтардан бастап 10 оқу аптасынан тұратын III тоқсан басталды. Алайда бірінші сынып оқушылары қыста қосымша бір апта демалады. Оларға 10-16 ақпан аралығында (7 күн) қосымша демалыс беріледі.

Электр энергиясының тарифтері өседі

1 ақпаннан бастап Қазақстанның бірнеше өңірінде электр энергиясының шекті тарифтері көтеріледі. 17 электр станциясының тарифтері өзгермек:

  • 1-топ (Б. Нұржанов атындағы Екібастұз ГРЭС-1) — 8,27-ден 9,5 теңгеге дейін (кВт/сағ).
  • 2-топ (Еуразиялық энергетикалық корпорациясы) — 7,98-ден 9,4 теңгеге дейін.
  • 3-топ (Екібастұз ГРЭС-2 станциясы) — 13,17-ден 15,67 теңгеге дейін.
  • 4-топ (Топтардың негізгі таратушы энергостанциясы) — 15,32-ден 20,84 теңгеге дейін.
  • 5-топ (Т.И. Батыров атындағы Жамбыл ГРЭС) — 17,73-тен 22,58 теңгеге дейін.
  • 6-топ («Қарағанды Энергоорталығы») — 14,09-дан 17,64 теңгеге дейін.
  • 7-топ (Өскемен ЖЭО) — 14,27-ден 17,82 теңгеге дейін.
  • 8-топ («Севқазэнерго») — 18,61-ден 23,17 теңгеге дейін.
  • 9-топ («Астана-Энергия» АҚ) — 9,28-ден 11,71 теңгеге дейін.
  • 10-топ («Павлодарэнерго» ЖЭО-2,3) — 18,25-тен 24,29 теңгеге дейін.
  • 12-топ («Қазақстан алюминийі» АҚ) — 7,87-ден 8,52 теңгеге дейін.
  • 13-топ («Қазақмыс Энерджи» (ЖТЭЦ, БТЭЦ) — 21,42-ден 30,24 теңгеге дейін.
  • 16-топ («Bassel Group LLS») — 16,73-тен 25,48 теңгеге дейін.
  • 18-топ (Степногорск ЖЭО) — 28,97-ден 38,67 теңгеге дейін.
  • 22-топ («Кентау Сервис» МКК) — 7,07-ден 37,12 теңгеге дейін.
  • 23-топ («Арқалық жылу-энергетикалық компаниясы» МКК) — 8,44-тен 13,13 теңгеге дейін.
  • 26-топ («Алматы электр станциялары» (ЖЭО-1,2,3, Қапшағай ГЭС, Каскад ГЭС) — 17,82-ден 20,93 теңгеге дейін.

Ал 11, 14, 24, 29, 30, 32, 35, 36, 43-48, сондай-ақ 56-60-топтағы компаниялар үшін тарифтер өзгеріссіз қалды.

Өзбекстанға өткізу бекеті уақытша жабылады

1 ақпаннан бастап қазақ-өзбек шекарасындағы «Тәжен» өткізу бекеті үш айға уақытша жабылады. Мұнда жаңарту жұмыстары жүргізіледі. Бекетті қайта жаңарту кезеңінде жеке тұлғалар, жеңіл көліктер, автобустар және 3,5 тоннаға дейін жүк көліктері өткізілмейді.

Ол кезде мына өткізу пункттері жұмыс істейді:

  • «Б.Қонысбаев» (ҚР) — «Яллама» (ӨР) өткізу пункттері (жеке тұлғалар, жеңіл көліктер, автобустар және 3,5 тоннаға дейінгі жүк көліктері);
  • «Қапланбек» (ҚР) — «Зангиота» (ӨР) өткізу пункттері (жеке тұлғалар, жеңіл көліктер, автобустар);
  • «Сырдарья» (ҚР) – «Малик» (ӨР), «Целинный» (ҚР) – «Ок Олтин» (ӨР) өткізу пункттері (жеңіл көліктер, жеке тұлғалар);
  • «Бейнеу» (ҚР) – «Каракалпакия» (ӨР) теміржол өткізу пункттері (теміржол көлігімен жеке тұлғалардың өтуіне болады).

Ақпанда қанша күн демаламыз?

Ақпанда мемлекеттік немесе ұлттық мерекелер жоқ. Сондықтан қазақстандықтар тек сенбі, жексенбі күндері демалады.

2025 жылғы ақпанда қазақстандықтарды 20 жұмыс күні мен 8 демалыс күні күтіп тұр.

Аптасына бес күн жұмыс істейтін қазақстандықтар үшін ақпандағы демалыс күндері:

  • 1, 8, 15 және 22 ақпан — сенбі күндері;
  • 2, 9, 16 және 23 ақпан —  жексенбі күндері.

Алты күндік жұмыс аптасындағылар үшін демалыс күндері — тек жексенбі күндері:

  • 2, 9, 16 және 23 ақпан.

Ақпанда бірқатар кәсіби мереке бар:

  • 1 ақпан — Қазақстан Республикасының азаматтық авиация қызметкерлері күні;
  • 2 ақпан — Ұлттық баспасөз күні.

Фото: Tengrinews.kz/ Әлихан Сәриев 

Қатысты жаңалықтар

«Әділет» партиясы аграрияны әлеуетті етпек

«Әділет» партиясы аграрияны әлеуетті етпек

Бүгін, 17:02
Технологиялық жеңілдіктер: Су өлшеу құралдарын таңдау мүмкіндігі кеңейді

Технологиялық жеңілдіктер: Су өлшеу құралдарын таңдау мүмкіндігі кеңейді

Бүгін, 15:06
Қазақстан спортшылары Азиадада жүлде қоржынын толықтырып жатыр

Ел спортының жаңа белесі

Бүгін, 14:46
Жетісуда құрылыс қарқынды

Жетісуда құрылыс қарқынды

Бүгін, 14:45
Текеліде жауапты мамандарға нақты тапсырмалар берілді

Текеліде жауапты мамандарға нақты тапсырмалар берілді

Бүгін, 14:00

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.