Талдықорған: +15°C
$ 448.44
€ 514.81
₽ 5.33
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Жетісу облысында жұмысшы мамандықтары жылы аясында «Еңбекпен ер атанған» мәдени көш керуені басталды

30.01.2025
КҮНДЕРЕК
Жетісу облысында жұмысшы мамандықтары жылы аясында «Еңбекпен ер атанған» мәдени көш керуені басталды
WhatsAppTelegramFacebook

Жетісу облысында жұмысшы мамандықтары жылы аясында «Еңбекпен ер атанған» көш керуені мәдени шаралары басталды. Облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының ұйымдастыруымен қолға алынған іс-шара аясында еңбектің құндылығын ұғындыратын кітаптар мен суреттер көрмесі, музей жәдігерлерінен көрмелер қойылып, концерттік бағдарламалар ұсынылуда. Бүгінге дейін осындай көш керуен Ескелді, Көксу аудандарында болып өтті, — деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Шара барысында Қарабұлақ және Балпық би ауылдарындағы мәдениет үйлерінде Сейфуллин атындағы облыстық орталық кітапхана «Адал адам — Адал  еңбек — Адал табыс» атты кітап көрмелерін ұйымдастырды. Онда Құттыбек Баяндиннің «Нұрмолда Алдабергенов», «Нар тұлға», Никита Головацкиидің  өз тәжирбиесі жайлы сыр бөліскен «Человек на земле», «День, равный году», сол сияқты Социалистік Еңбек Ері Зылиха Тамшыбаеваға арналған «Жетісудың жұлдызы», «Жер туралы жыр»  кітаптары қойылды. Сол сияқты ауыл шаруашылығы, егін шаруашылығы, қызылша, жүгері, картоп, жеміс-жидектерді өсіру технологиясы, оны дамыту жолдары мен тиімділігі туралы кітаптармен қатар тракторшы, комбайншы, жүргізуші, дәнекерлеуші, санитарлық техник, аспаз т.б мамандықтар туралы анықтамалар мен кәсіби бағдар беретін баспалық дүниелер көпшілік назарына ұсынылды. Сондай-ақ әдебиеттегі еңбек адамының бейнесін ашатын көркем шығармалар да аталған көрмеден табылды. 

Осы күндері Талдықорғандағы Көркемөнер галереясының көрмесі қойылып, оған кәсіпқой суретшілер Ж.Мүсәпір, Ж.Сейітхамит, Қ.Оразғалиев, М.Әбдреев, Н.Жошыбаев және т.б. суретшілердің жұмыстары апарылды. Сонымен қатар  еліміздің өркендеуіне зор үлес қосқан Социалистік еңбек ерлері З.Тамшыбаева, Д.Қонаев, Н.Алдабергенов, Н.Головацкий, Б.Татенова, А.Зайнаудинова, М.Әлімбаева, К.Айтжанова, Ж.Молдасановтың фотосуреттері, оған қоса өңірдегі музейлердің жәдігерлері көпшілік назарына ұсынылды. Іс-шаралар Д.Рақышев атындағы облыстық филармонияның концерттік бағдарламасымен түйінделді.

Көш керуені мәдени жобасын ескелділік және көксулық ақсақалдар, ұстаздар, мектеп оқушылары, жалпы аудан тұрғындары тамашалады.

— Биылғы жылды Мемлекет басшысы Жұмысшы мамандықтарының жылы деп жариялады. Мұндағы мақсат – қоғамның, жастардың назарын жұмысшы мамандықтарына аудару. Әрине, мамандарды бір-ақ жылдың ішінде жаппай даярлап, жұмысшы кадрлар жетіспеушілігін шешу мүмкін емес. Ең бастысы, үлкен істің басы басталды, жұмысшы мамандықтарының артықшылығын, қажеттілігін ұғындыру, еңбектің құндылығын ілгерілету ерекше екпінмен қарқын алып отыр. Бүгін еңбек ерлері туралы, маңдай тердің жемісі жайлы бірқатар шығармалармен танысып, тәнті болдық. Осындай шаралар әсіресе жастар үшін аса қажет, — деді Жетісу облысының Құрметті азаматы Наурыз Қылышбаев.

Атап өтсек, бұл рухани жоба бір айға жуық уақыт бойы, яғни 21 ақпанға дейін жалғасады. Іс-шара облыстың барлық аудан-қалаларын қамтиды. Көш керуенінің қорытындысында конференция ұйымдастырылып, еңбек адамдарына арналған журнал шығарылады деп жоспарланып отыр.

Жалпы бұл жобаның мақсаты — еңбек адамдарының жетістіктерін дәріптеу, қоғамдағы рөлін көтеру, еңбек адамдарының өмірлік жолын әдеби және өнер туындылары арқылы таныту, сол арқылы жастарды еңбекке, адалдыққа және жауапкершілікке тәрбилеу, аймақтың еңбек дәстүрлерін жаңғырту әрі сақтау, жұмысшы мамандықтарының тарихы мен заманауи мүмкіндіктерін таныстыру.

Суретті түсірген Дмитрий Ерофеев

Қатысты жаңалықтар

Еліміздегі экологиялық мәдениеттің ерекшелігі

Еліміздегі экологиялық мәдениеттің ерекшелігі

21.09.2026
Таза Қазақстан: Экологиялық мәдениет – әр азаматтың парызы

Таза Қазақстан: Экологиялық мәдениет – әр азаматтың парызы

21.09.2026
Мемлекет басшысы бірқатар елшіні тағайындады

Қарулы Күштердегі кадрлық өзгеріс: Құрлық әскерлеріне жаңа басшы тағайындалды

21.09.2026
Мемлекет басшысы Армения халқын Тәуелсіздік күнімен құттықтады

Мемлекет басшысы Армения халқын Тәуелсіздік күнімен құттықтады

21.09.2026
Алматы мен Астана әлемнің үздік 300 қаласының қатарына енді

Алматы мен Астана әлемнің үздік 300 қаласының қатарына енді

21.09.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.