Талдықорған: -3°C
$ 489.39
€ 567.99
₽ 6.19
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР

Ревматология: Буынға да бап керек

12.03.2026
ЖАҢАЛЫҚТАР
Ревматология: Буынға да бап керек
WhatsAppTelegramFacebook

Буын ауруы көбейіп барады. «Күн бұлттанса қол-аяғым сырқырайды» дегенді жас та, жасамыс та айтатын болды. «Себебі не? Қайтсек алдын аламыз? Қандай емдеу тәсілдері бар?» деген сауалдарды облыстың бас ревматологы, жоғары санатты дәрігер Майра Бекпановаға қойған едік. Дәрігердің кеңесін оқып, назарыңызда ұстаңыз, қадірлі оқырман.

– Майра Нұрланқызы, бүгінде қандай ревматологиялық аурулар жиі кездеседі? Ондай сырқаттан қалай сақтануға болады?
– Ревматологиялық сырқаттарға буын, бұлшықет, дәнекер тіндер және кейбір ішкі ағзаларды зақымдайтын созылмалы аурулар жатады. Атап айтсақ, ревматоидты артрит, жүйелі қызыл жегі, Бехтерев, подагра сияқты кеселдер. Соңғы жылдары бұл аурулар көбейіп барады. Бір жағынан диагностика жақсарды. Сырқаттануға экология, иммундық жүйенің өзгерістері де әсер етуде. Ерте анықтау және дұрыс емдеу – асқынудан қорғаудың басты жолы.

– Көпсалалы ауруханада ревматологиялық орталық ашылғанынан хабардармыз. Онда көрсетілетін қызмет түрлері бойынша біраз мәлімет бере кетсеңіз?
– Біздің ревматологиялық орталықта ГИБТ кабинеті бар. Онда кешенді иммундық және базистік терапия, биологиялық препараттардың инфузиялық түрлері барлық халықаралық стандартқа сай жүргізіледі. Буынішілік манипуляциялары кабинетінде буынға диагностикалық және емдік пункция жасалады. Консультативтік-диагностикалық көмек қызметі бойынша ревматологиялық ауруларды анықтау, диагноз қою, диспансерлік есеп және амбулаторлық тегін дәрімен қамту жайында кеңес беріледі. Стационарлық көмек негізінде көпбейінді аурухананың базасында науқастарға толық ем көрсетіледі. Бұл қызметтің барлығы диагностика жасаудан бастап, кешенді емдеуге дейінгі көмек көрсетуге бағытталған.

– Ревматизм мен буын ауруларының айырмашылығы неде? Алғашқы белгілер қандай және қай кезде дәрігерге қаралу керек?
– Ревматизм көбіне стрептококк инфекциясынан кейін пайда болады. Ол балалар мен жасөспірімдерде жиі кездеседі. Ал буын ауруларының себебі әртүрлі. Егер буындарда ұзақ уақыт ауырсыну, ісіну, таңертеңгілік сіресу немесе белдің созылмалы ауырсынуы байқалса, дереу ревматологқа қаралу керек. Ерте диагностика – аурудың асқынуын тоқтатуға мүмкіндік береді. Мысалы, ревматоидты артритте алғашқы 3-6 айда емді бастаса буынның бұзылуы айтарлықтай баяулайды.

– Ревматологиялық ауруларды толық жазып жіберуге бола ма, әлде тек бақылауда ұстау жеткілікті ме? Қазіргі таңда ең тиімді емдеу әдістері қандай?
– Көптеген ревматологиялық ауру созылмалы. Бірақ заманауи терапия арқылы дамуын тоқтатып, өмір сапасын жақсартуға болады. Мысалы, ревматоидты артрит немесе Бехтерев ауруына дұрыс ем мен өмір салтын өзгерту арқылы пациент көптеген жыл бойы белсенді өмір сүре алады. Қазіргі таңда емдеудің бірнеше бағыты бар. Бірінші, базистік терапия. Ол ауру дамуын баяулатады, буын бұзылуын тежейді. Биологиялық терапия – иммундық жүйенің қабыну механизмдеріне нақты әсер етеді, ауыр науқастарды емдегенде айтарлықтай нәтиже береді. Содан кейін қабынуға қарсы және ауырсынуды басатын дәрілермен емдеу. Бұл – буындағы ауырсынуды жеңілдетеді, көбіне негізгі еммен бірге қолданылады. Физиотерапия және емдік дене шынықтыру (ЛФК) – буындардың қозғалысын сақтау, бұлшық еттерді нығайтуға арналған тәсіл. Өмір салтын өзгерту – салмақты бақылау, дұрыс тамақтану, тұрақты қозғалыс зиянды әдеттерден бас тарту емнің нәтижесін жақсартады.

– Гормондық препараттар қаншалықты қауіпті?
– Глюкокортикостероидтар – қабынуды тез басатын дәрілер. Алайда дәрігер бақылауынсыз немесе ұзақ қолданса жанама әсерлері болуы мүмкін. Мысалы, салмақ қосу, қан қысымының жоғарылауы, қандағы қанттың көтерілуі, остеопороз, иммунитеттің әлсіреуі. Сондықтан оларды тек нақты көрсетілім бойынша қолдану маңызды.

– Биологиялық терапия деген не және кімге ұсынылады?
– Биологиялық терапия – иммундық жүйедегі қабынуды тудыратын нақты механизмдерге әсер ететін заманауи әдіс. Ол ревматоидты артрит, Бехтерев ауруы, псориатикалық артрит және кейбір жүйелі аутоиммунды ауруларда қолданылады. Бұл препараттар аурудың дамуын тоқтатады, буынның зақымдануын азайтады.

– Халық медицинасымен емделуге бола ма? Буын аурулары кезінде дене жаттығулары қажет пе?
– Кейде ауырсынуды уақытша жеңілдетуі мүмкін, бірақ негізгі ем міндетті түрде медициналық препараттармен жүргізілуі керек. Халықтық әдістер аурудың иммундық себебін шешпейді, сондықтан тек қосымша ем ретінде қолдану ұсынылады. Буын аурулары кезінде емдік дене шынықтыру өте маңызды. Ол буындардың қозғалысын сақтап, бұлшық еттерді нығайтып, аурудың асқынуының алдын алады. Тұрақты жаттығу буын мен бұлшық еттің күшін арттырып, ұзақмерзімді нәтижеге қол жеткізуге көмектеседі.

– Тамақтану режимі қаншалықты маңызды?
– Аурудың алдын алуда дұрыс тамақтану өте маңызды. Артық салмақ буындарға қосымша жүктеме береді. Теңгерімді рацион, майлы және тәтті тағамдарды шектеу, тұзды аз қолдану керек.

– Қазақстанда ревматология саласында қандай жаңалықтар бар?
– 2026 жылдан бастап ревматологиялық аурулар міндетті медициналық сақтандыру жүйесіне енгізілді. Мамандарды оқыту, халықаралық ынтымақтастық, ғылыми конференциялар белсенді жүргізілуде. Қазақ ревматология колледжі мамандарды оқыту, семинарлар өткізу, халықаралық тәжірибе алмасуды ұйымдастыруда. 2029 жылы Астанада Азия – Тынық мұхит аймағы ревматологтарының конгресі өтеді. Бұл аталмыш салада халықаралық тәжірибе мен жаңа әдістерді енгізудің маңызды қадамы болып саналады.

– Әңгімеңізге рахмет!

Сұхбаттасқан Гүжан ТҰРСЫН

Қатысты жаңалықтар

Бір тәулікте 500-ден астам адам тексерілді

Бір тәулікте 500-ден астам адам тексерілді

12.03.2026
Су үнемдеудің жаңа тетігі: Жеті жоба мемлекеттік сараптамадан өтті

Су үнемдеудің жаңа тетігі: Жеті жоба мемлекеттік сараптамадан өтті

12.03.2026
Түнде жұмыс істеу ағзаға қалай әсер етеді? Мамандар ескерту жасады

Түнде жұмыс істеу ағзаға қалай әсер етеді? Мамандар ескерту жасады

12.03.2026
Өңірдегі өнімді іс

Өңірдегі өнімді іс

12.03.2026
Ораза айт намазы қай күні оқылады?

Ораза айт намазы қай күні оқылады?

12.03.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.