Талдықорған: +15°C
$ 447.52
€ 502.21
₽ 5.41
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР АЛТЫН ТҰҒЫР

Тарихи белес: Елена Рыбакина әлемнің екінші ракеткасы атанады

13 наурыз 2026
АЛТЫН ТҰҒЫР
Тарихи белес: Елена Рыбакина әлемнің екінші ракеткасы атанады

Фото: Informburo.kz

WhatsAppTelegramFacebook

Еліміздің спорт тарихында айтулы жетістік тіркелді. Теннис саңлағы Елена Рыбакинаның Индиан-Уэллс турниріндегі жеңісті жолы қазақстандық жанкүйерлер үшін нағыз мақтанышқа айналды – деп хабарлайды 7-su.kz ақпараттық порталы.

АҚШ-тың Индиан-Уэллс қаласында өтіп жатқан WTA 1000 сериясындағы турнирдің ширек финалында Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина америкалық Джессика Пегуламен кездесті. Матчтың алғашқы сетінде отандасымыз 6:1 есебімен басым түсіп, қарсыласына еш мүмкіндік қалдырмады. Екінші партия тартысты өтіп, Пегула 4:1 және 6:5 есептерімен алға шыққанына қарамастан, Рыбакина жағдайды өз пайдасына шеше алды. Нәтижесінде 7:6(4) есебімен жеңіске жеткен қазақстандық спортшы жартылай финалға жолдама алды. 1 сағат 28 минутқа созылған аталған кездесу Еленаның кәсіби шеберлігі мен психологиялық төзімділігін тағы бір мәрте дәлелдеді.

Live-tennis.eu деректеріне сүйенсек, аталған жеңіс Елена Рыбакинаға WTA әйелдер арасындағы жекелей разряд рейтингінде екінші орынға көтерілуге мүмкіндік береді. Қазіргі таңда Рыбакинаның қоржынында 7523 ұпай бар. Осылайша, ол 7413 ұпайы бар Польша өкілі Ига Швентекті басып озды. Рейтинг көшбасшысы ретінде 10415 ұпаймен Арина Соболенко тұр.

Скриншот live-tennis.eu сайтынан

Еленаның аталған жетістігі Қазақстан теннисі үшін бұрын-соңды болмаған тарихи нәтиже. Енді Елена Рыбакина финалға жолдама алу үшін украиналық Элина Свитолинамен бақ сынайды. Свитолина ширек финалда Ига Швентекті турнирден шығарып тастап, жоғары дайындығын көрсетті. Шешуші матч 14-наурызда өтеді. Спорт сарапшылары Еленаның қазіргі бабын жоғары бағалап, оның турнир чемпионы атануына мүмкіндігі зор екенін айтуда.

Рейтингтің ресми жаңартылуы келесі аптада күтілуде. Осы оқиға еліміздегі жас теннисшілер үшін үлкен ынталандыру болары анық. Отандасымыздың әрбір соққысы мен жинаған ұпайы Қазақстанның әлемдік спорт картасындағы орнын нығайта түспек. Сәттілік пен жеңіс Елена Рыбакинаның серігі болсын деп тілейміз. Осындай биік белестер ел абыройын асқақтата береді.

Қатысты жаңалықтар

Отандасымыз Аустриядағы турнирде алтын еншіледі

Отандасымыз Аустриядағы турнирде алтын еншіледі

Бүгін, 11:30
Қазақстанда ЖЭК-тен электр энергиясын өндіру көлемі он жылда 16 есе артты

Қазақстанда ЖЭК-тен электр энергиясын өндіру көлемі он жылда 16 есе артты

Бүгін, 10:58
ҰҚШҰ-ның алдағы кезеңге арналған жоспарлары бекітілді

ҰҚШҰ-ның алдағы кезеңге арналған жоспарлары бекітілді

Бүгін, 10:30
Ақсу ауданында толық циклді ет комбинаты салынады

Ақсу ауданында толық циклді ет комбинаты салынады

Бүгін, 10:00
Талдықорғанда бірнеше күннен бері ер адам табылмай жатыр

Талдықорғанда бірнеше күннен бері ер адам табылмай жатыр

Бүгін, 09:57

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.