Талдықорған: -7°C
$ 482.49
€ 556.75
₽ 5.79
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Тұрсын аға тәлімі

19.03.2026
КҮНДЕРЕК
Тұрсын аға тәлімі
WhatsAppTelegramFacebook

Тұтас бір дәуірдің бедерлі тұлғасына айналған ардақтылар ғана ел есінде сақталса керек. «Ерден ердің несі артық – елге сіңірген ісі артық, шешеннен шешеннің несі артық – тас жібіткен сөзі артық» деп өр халқымыздың биік өресінен сабақтар болсақ, жетісулық руханият, әдебиет, бұқаралық ақпарат айдынының тұғырлы да тұрлаулы перзенттерінің бірегейі Тұрсын Әбдуәлиев екеніне ешкім шек келтіре алмасы хақ! Ұзақ жылдар мұғдарында мемлекеттік қызметтің де мерейін өсіре білді. Облыстық телерадио комитетін басқарлы. Облыстық газеттің басшысы лауазымында мемлекет және қоғам қайраткері дәрежесіне көтерілді. Еліміздің бас газетінде тер төкті. Өмірінің соңғы күндеріне дейін елдік, рухтық мәселелерден қалыс қалмады. Күрмеуі түйінді шаруалардың бәріне қатысты. Әр кезеңде айтқан алдаспан-ақиқаттары санамызда сайрап тұр. Қара қылды қақ жарар қайтпас қасиетінің арқасында көпшілік құрмет-қошеметінің мұзарт шыңына көтерілді. Басшыны да, қосшыны да мысы басып тұратын. Қалың топ ішінде өр мінезімен өркештене, дара көзге түсер еді!

Өткен ғасырдың сексенінші жылдарының ортасында сол тұстағы Талдықорған облыстық «Октябрь туы» газетіне жер-жерден талантты жастар тартылды. Алдағы көп шаруаны алдымен көңіл төрінде көріктендіре білер бас редактор Тұрсын Әбдуәлиевтің шығармашылық ұжымға соны серпін беру идеясының жемісі еді – бұл. Көксу аудандық газетінде редактордың орынбасары қызметінде жүрген мен де осы үкіленген топтың құрамынан табылған едім. Үлкен аламанға қосылған таңдаулылар шамасына қарай шаба да білді. Сенім күші алға сүйреді. Үмітті барынша ақтап бақтық.

Бас редакторымыз басылым беделін көтерудің қолдан келер бар мүмкіндіктерін қарастыра, қиыстыра білетін. Айталық, орынды әрі ойната қойылар тың тақырыптар мен айдарларға, оқырмандар жылы қабылдаған сәтті мақалаларға тұрақты жарияланатын редакцияішілік байқаулар шығармашылық отын маздатудың өзіндік бір таптырмас тегершігі еді. Жолым болып, газетке қабылданған жылдың қорытындысында осындай байқау бойынша екінші орын алдым. Ал бірінші орын мықтылардың мықтысы, бөлім меңгерушісі Тәкен Әліпбайдың қанжығасына байланды. Мұны мақтаныш үшін емес, Тұрсын ағадан бастап редакция алқасы мүшелерінің әділдік сүйер ұнамды бейнелерін қайталай бір кескіндеу мақсатында келтіріп отырмын.

Ертеден, «бас редактор қандай болса, басылым сондай» деген қағидат бар баспасөз өрісінде. Расы – осы. Басылымның айбынды да айдынды болуы бас редактордың табиғи құйма қалпы, білім-білік, парасат-пайымы, таланты мен табандылығы, кәсіби бейнесіне тікелей байланысты. Бұл тұрғыда біздің жолымыз әбден болды. Еңсеміз әркез жоғары, ондаған мың оқырмандарымыздың алдында жүзіміз жарқын жүруші едік. Осы арада халқымыздың ұлттық келбетіне тән игілікті істерге көпе-көрнеу шырмауықтай кедергі келтірген облысымыздың бірінші басшысы туралы «Социалистік Қазақстан» газетіне арнайы мақала жазып, орнынан алдырып тастаған ерлігімізді де мысалға келтіруге болар еді. Әйткенмен, бүгінде ол ақиқатты бар қазақ білетіндіктен, әңгімені созбақтамай-ақ қояйын дедім.

Бас редакторымыздың бір бұлжымас ғадеті, жаңа материалды оқыған соң міндетті түрде авторын кабинетіне шақырады. «Жақсыны жақсы, бақсыны бақсы дейді» – демекші, өзінің ой-топшысы, нақтылы бағасын білдіреді. Түзету, байыту қажет деп тапса, оны жөніне қарай жан-жақты қаузай қамтып, көз алдыңда тебіндете түсіндіреді. Бұл енді өте-мөте жастар жағына тиімді. Сол себепті мақаламызды тапсырған бетте құлағымызды түре алаңдап отырғанымыз. Құлағымызды түре деуімнің сыры, бастықтың хатшы қызды шақыртатын қоңыраушасының дауысы тым қатқыл шығатын да бөлмелердегі қызметкерлердің бәріне бірден естіліп тұратын.
Сарқан қаласына шағым-хаттың ізімен барып қайтқан бетім. Сол күнгі санға жоспарланып қойғандықтан, түнімен жазған сын материалымды бас редакторға әлгінде ғана апарып бергем. Сыни мақалалардың әдетте ауы мен бауы бүтінделуінің жыры бітпейді емес пе, қоңырауға ілесе жетіп келетін хатшы қызды тағатсыздана тосып отырған жайым бар енді. Қоңырау да көп күттірмеді.

– Бәрекелді, мына дүниең салмақты жазылған. Екі ұсынысым бар. Біріншіден, тақырыбын өзгерт, сыни мақаланың тақырыбы ысқырып тұруы шарт! Екіншіден, жұлынар сақал жұлынды, аудандық партия комитеті бірінші хатшысына қатысты сыни тұстағы бояуды барынша қалыңдат, етпетінен түспесе де, шалқалақтайтындай екпін бер. Газетімізге абырой әкелетіндей күйге енсін! – деді Тұрсын ағам.

Содан оқу жылы басталса да, қаладағы жалғыз қазақ мектебінің жөндеу жұмыстарын ойдағыдай аяқтап, керек-жарақтарымен қамтамасыз етуге көпе-көрнеу көңіл бөлмей отырған аудан басшысының орынды реніштерін білдірген бір топ ата-ананы мүлдем қабылдамай қойғандығына саяси реңк бере төрт-бес сөйлем қостым да, тақырыбын «Партасыз балалар, ашынған аналар» деп айқайлатып қойдым, басшым талап еткендей. Бас редакторымның сол жолғы риза-хош күйін көрсеңіз. Айтары не, бас редакторымыз сұңғыла ғой біздің, әлгі менменсіген аупартком бірінші хатшысы содан көп ұзамай-ақ қарасын батырды қасиетті жерімізден.

Сол тұстағы редакция ғимараты бәкене еді. Дәлізі де тар. Стол үстіндегі жазудан қолдары қалт ете қалған мезетте журналистер әлгі қуықтай дәліздің түбіндегі жалғыз жарық көзі – терезенің түбіне жинала қалып, алқа-қотан дуылдасып жататын. Мұндайда бәрінен бұрын Талғаттың (Батырханов) дауысы жарқын-жарқын естілер еді. Оның әдеттегі үстемелей, төгіп-төгіп тастай берер әңгімешілдік мақамы баршаны лезде топырлата жинап ала қоятын. Бөлім меңгерушісі, ақын Әбен Дәуренбеков те жылы әзілімен бірден баурай беретін. Нұрғали ағаның баппен, шым-шымдап жеткізер әзілін айтсаңызшы. Тыңдамасқа ләжіңіз шамалы. Осылайша, қызды-қыздымен тұрғанда, мынандай «дәліздік жиын» лебінен бөлмесінде байыз тауып отыра алмаған бас редакторымыз Тұрсын ағаның ортамызға қай мезгілде келіп қалғанын да аңғармай қалатынбыз… «Жұмыс уақытында бұларың қалай?» деп ренжи ме деп мүдеріп қалған біздерге: «Оу, жігіттер, басшының да құлағы бар ғой еститін, біз де қалыс қалмалық…» деп шылымын тұтата жымиып күлер еді.

Қысқартуға ұшыраған Талдықорған облысымен бірге шежірелік мұрағатқа айналған басылымның өткен жолын еске сала кеткен де жөн деп білемін. Талдықорған облысы 1944 жылы соғыстың сұрапыл кезеңінде құрылған еді. 1959 жылы Алматы облысына қосылады да, 1967 жылы қайталай ашылады. Содан кеңестік жүйе ыдырағаннан кейінгі өтпелі шақта, яки 1997 жылы 22 сәуірде тағы да іргелі Алматы облысының құрамына енеді. Ал облыстық басылымның ақ бастауына ден қойсақ, бұрынғы «Қолхозшы» атты аудандық газеттің негізінде 1944 жылы «Сталиншіл» деген атпен шығарыла бастайды. 1956 жылдың екінші маусымында «Советтік Жетісу» атауына ие болады. 1968 жылдың бірінші мамырынан бастап газет «Октябрь туы» деп аталады. Т.Әбдуәлиев бастаған басылым журналистерінің бастама көтеріп, табандылық танытуы арқасында 1990 жылдың 22 тамызында қазақи қалпымызға тән «Жерұйық» атауы бекітілді. Бұл оңды өзгеріс шығармашылық ұжымның шабытын бұрынғыдан да шалқыта түсті. Көп ұзамай Алланың қалауымен Тәуелсіздігімізді жарияладық. Асқақ рух аспанда қалықтады, алдымен алақайлағандар да журналистер қауымы болатын. Азаттық лебімен небір жаңа айдар, соны тақырыптар бел алды. Ата тарихқа, дәстүр-салтқа жалтақмай ден қойылып, тереңнен тарта бүрленді. Төрт құбыламыз бірдей нұрланып, күретамырға қан жүгірді. Мұның бәрі, сөз жоқ, басылымның рухтық бейнесін одан әрі ажарландыра түсті. Сол тұста ғой, нақтылай айтсақ, 1993 жылдың тамызында халқымыздың шынайы құрметіне бөленген Дінмұхамед Қонаев ағамыз «Жерұйық» газетінің редакциясында қонақта болып: «Қаламдары қарымды, балаларым! Талдықорған облысына жолым түсіп, Сіздердің газеттеріңіздің 10 мыңыншы санының шыққалы жатқанынан хабардар болдым. Бұрнағы жылдары да «Жерұйық» газеті жайлы жұртшылықтың жылы лебізін естіп, риза болған едім… Абыройларыңыздың артып, ұжымның шығармашылық қабілеті шыңдалып, татулығы нығая берсін!» деп қолын қойып, қадірлі қолтаңбасын қалдырғаны.

Тәжтажалдың тырнағына аяқасты ілініп кеткен Тұрсын ағаны мәңгілік мекеніне қондырғаннан кейінгі күндердің бірінде редакцияға ғұмырлық серігі, қара шаңырағының берекесі Рәш тәтем келді. «Әміре, сені қуантатын бір дүнием бар» деді бірден. Сонда жеңешемнің қолыма ұстатқаны Тұрсын ағаның өз қолымен жазған мына бір өлеңі еді.

ЖОМАРТ, ҚУАТ, ӘМІРЕ інілеріме!
Уа, дариға, өмір деген қысқа екен,
Көнбесіңе көндіретін ұста екен.
Өткеніме өкінбеймін дегенмен,
Орындалмай кеткен арман іште екен.

Қайран Әбен, қайран Тәкен құрдастар,
Көп қуаныш биігінен бірге асқан.
Сендерменен бірге жүрген әр күнім,
Енді ойласам, таусылмайтын жыр-дастан.

Орталасаң жетпісті, сексен жақын қалғандай,
Бұл тағдырға не айтасың, шараң қайсы
таңданбай.
Кеше ғана бала едік, соның бәрі, шіркін-ай,
Сол қалпында тізіліп, көз алдыңда қалғандай.

Тәубе, тәубе, өкінбеймін өткенге,
Бәрі соның өте шықты-ау деп-демде.
Арманымды алғы өмірде ақтайтын,
Тәубе деймін, інілерім жеткенге.

Айналайын, Қуат, Жомарт, Әмірем,
(Қиналмаңдар, ақыл сұрап кәріңнен).
Сендер барда ақталғаны арманым,
Тек сол үшін бақыттымын қазір мен.

Ұлтым үшін, тілім үшін шайқастым,
Биліктегі сан бауырмен байқастым.
Әттең, әттең талайларын сондайдың,
Қазақсың деп өлтірсе де айтпаспын.

Жан жүрегім, үшеуіңсің үмітім,
Бар тілегім үшеуіңде күні-түн.
Өздеріңдей қайсар ұлдар аманда,
Бабалардың жері тұтас, ел бүтін.

Сәлем, сәлем, жеткізіңдер ұрпаққа,
Ешбір патша, тұрған емес бір тақта.
Өсиетім де, тілегім де сендерге
Ұлтың үшін өмір сүріп, ар сақта!

Қатты толқып кеттім. Бас редакторым дәп қасыма Тәңір көктен түсе қалғандай сезіндім. Ардақ ағамыздың соңынан ерген біздерге аманаты іспетті – бұл өлең. Ұлттық құндылықтар жолында қасқая күресуді үйреткен – өзі еді! Дар алдында тұрсаң да шындықты айтудан тайсалмауды, сол жолда кежегесі кері тартқан кіммен болса да ашық кетісуге, қайткенде де, басым түсуге баулыған да – өзі! Бұл ауанда қасқырдың бөлтірігіндей, тілерсегіміз қиылғанша, теке-тіресетіндігімізді көріп те кетті! Жұдырықтай жүрегіміз соғып тұрған шақта аманатыңызға қиянат келтірмейміз, әз аға! Айшықты із, әруақты сөзіңіз қалған сүйікті қалаңыздан Сіздің есіміңізбен бір мектептің аталуына күш салып жатқан жайымыз бар. Жатқан жеріңіз жайлы боп, пейіште нұрыңыз шалқығай!

Әміре ӘРІН,
Халықаралық «Алаш» әдеби
сыйлығының иегері,
Қазақстанның Құрметті жазушысы,
Халықаралық Қазақ тілі қоғамы Жетісу облыстық филиалының директоры

Қатысты жаңалықтар

Жүргізуші куәлігінің «қара базары»: ҰҚК ірі жемқорлық желісін әшкереледі

Жүргізуші куәлігінің «қара базары»: ҰҚК ірі жемқорлық желісін әшкереледі

19.03.2026
«Көктем-2025» мерзімді әскери қызметшілерін шығарып салу рәсімі өтті

«Көктем-2025» мерзімді әскери қызметшілерін шығарып салу рәсімі өтті

19.03.2026
Жаңа заң: Енді бала бағып отырған әкелердің еңбек өтілі ескеріледі

Жаңа заң: Енді бала бағып отырған әкелердің еңбек өтілі ескеріледі

19.03.2026
Жыл соңына қарай ұшақтарда интернет болады – вице-министр уәде берді

Жыл соңына қарай ұшақтарда интернет болады – вице-министр уәде берді

19.03.2026
«Келесі кездесуді асыға күтемін»: Трамп мемлекет басшысы Тоқаевқа хат жолдады

«Келесі кездесуді асыға күтемін»: Трамп мемлекет басшысы Тоқаевқа хат жолдады

19.03.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.