Талдықорған: +9°C
$ 448.72
€ 493.86
₽ 5.49
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
29 қараша — Мәслихаттар депутаттарының сайлауы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Жүргізуші куәлігінің «қара базары»: ҰҚК ірі жемқорлық желісін әшкереледі

19 наурыз 2026
КҮНДЕРЕК
Жүргізуші куәлігінің «қара базары»: ҰҚК ірі жемқорлық желісін әшкереледі

Фото: ҰҚК

WhatsAppTelegramFacebook

Қазақстанда Арнайы ХҚКО мен «Азаматтарға арналған үкімет» корпорациясының қызметкерлері қатысқан ірі сыбайлас жемқорлық схемасы анықталды. Ұлттық қауіпсіздік комитеті жүргізуші куәлігін заңсыз берумен айналысқан жүйелі қылмыстық топтың жолын кесті, – деп хабарлайды 7-su.kz ақпараттық порталы.

Жыл басынан бері Астана қаласы, Ақмола және Павлодар облыстарында жүргізуші куәлігін алу кезіндегі заңсыз ақша айналымына қатысты бірнеше дерек тіркелді. Тергеу мәліметтеріне сүйенсек, Астанадағы Арнайы ХҚКО басшысының бұрынғы орынбасары азаматтарнан жүйелі түрде пара алып отырған. Ол емтихан тапсырмаған адамдарға куәлікті кедергісіз рәсімдеп беруге көмектескен. Қазіргі уақытта құзырлы органдар 60-тан астам заңсыз әрекетті анықтады. Алдын ала есептеулер бойынша, заңсыз айналымдағы пара көлемі 100 млн теңгеден асқан. Мұндай келеңсіз жағдайлар Көкшетау мен Екібастұз қалаларында да қайталанған. Ондағы филиал басшылары емтихан тапсыру процесіне бөгде тұлғаларды қатыстырып, сол үшін қомақты сыйақы алып келген.

ҰҚК баспасөз қызметінің хабарлауынша, мемлекеттік корпорация қызметкерлері тек жүргізуші куәлігімен ғана шектелмеген. Олар жылжымайтын мүлік операциялары кезінде де заңсыз пайда тауып келгені белгілі болды. Мұндай бұзушылықтар Астана, Шымкент және Тараз қалаларында анықталды. Аталған фактілер бойынша қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Құрықталған күдіктілердің тізімі нақтыланып, олардың қандай жазаға тартылатыны тергеу соңында жарияланады.

Жүргізуші куәлігін сатып алу – тек жемқорлық қана емес, жол қауіпсіздігіне тікелей қатер төндіретін фактор. Тиісті дайындықтан өтпеген жүргізушілердің жолға шығуы қайғылы жағдайлардың көбеюіне себеп болады. Сондықтан мемлекет тарапынан заңсыздықтарға қарсы күрес күшейтіліп жатыр. Мамандар азаматтарды мемлекеттік қызметтерді алу кезінде заңды жолдарды ғана пайдалануға шақырады. Егер сіз жемқорлық деректеріне куә болсаңыз немесе сізден пара талап етілсе, дереу сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметінің «1424» сенім телефонына хабарласуыңыз қажет.

Қатысты жаңалықтар

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ІІІ Стратегиялық серіктестер форумында сөйлеген сөзі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ІІІ Стратегиялық серіктестер форумында сөйлеген сөзі

Бүгін, 20:06
Ағаштарға цифрлық паспорт беру бастамасы іске қосылды

Ағаштарға цифрлық паспорт беру бастамасы іске қосылды

Бүгін, 19:43
Елімізде кәсіподақтар мен Халық Кеңесі бірлескен диалог орнатты

Елімізде кәсіподақтар мен Халық Кеңесі бірлескен диалог орнатты

Бүгін, 19:39
Жасыл ел – жас ұрпақтың жарқын еңбегі

Жасыл ел – жас ұрпақтың жарқын еңбегі

Бүгін, 17:50
Ескелді аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Тұрған Расиқа Сапарқызы

Ескелді аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Тұрған Расиқа Сапарқызы

Бүгін, 17:36

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.