Талдықорған: +15°C
$ 482.33
€ 557.57
₽ 5.74
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР МЕРЕКЕ АЙШЫҒЫ

Қазақтығыңды ұмытпа

21.03.2026
МЕРЕКЕ АЙШЫҒЫ, РУХАНИЯТ
Қазақтығыңды ұмытпа
WhatsAppTelegramFacebook

Бойында қазақтың қаны тулап, санасында салт-дәстүрі сайрап тұрса қай қиырда болмасын шыққан тек, көрген тәрбие күнделікті жаңғыра бермек. Жұмыс бабымен, отбасылық жағдаймен бүгінде шетелде жүрген қазақтар ара-тұра бас қосып, мереке сайын бір-бірін құттықтап, ал ұлттық мейрам кезінде думандатып жатады. Өзге елде өз дәстүрін ұмытпай, оны ұлықтап, ұл-қыздарына таныстырып, ұрпақ алдындағы парызын өтеп жүргендер жоқ емес. Басқа жерде жүріп Наурыз мейрамын ерекше атап өтетін қазақтармен тілдесіп, олардың ұйымдастырудағы шеберліктеріне үңілдік.

2016 жылы Германияның Нюренберг қаласынан бастау алған Еуропадағы қазақтардың бас қосуы әр наурыз сайын түрлі қалада ауқымды түрде өтіп келеді. Әлеуметтік желіде арнайы «Наурыз» тобы құрылып, онда Еуропада жүрген Айкен Салонен (Финляндия), Серік Тұрсын (Швейцария), Назым Сахай (Германия) және Акбар қажы Аюби (Дания) бас болып, бүгінде тұрақты ұйымдастып жүр. Тұп-тура 10 жыл болған топ, Еуропаның Гамбург (Германия), Антверпен (Бельгия), Кассель (Германия), Дюссельдорф (Германия), Гаага (Нидерланды) қалаларында әз Наурызды айрықша өткізді.

– Жырақта жүрсек те өз еліміздің мәдениетін, мейрамын ұмытқан жоқпыз. Керісінше, әр айтулы дата сайын атап өтіп, елге деген сағынышты сейілткендей боламыз. Бұл жерде тек ән айтып, би билеп, ұлттық тағамдардан дәм татып қоймай, қазақтың салт-дәстүрін ұлықтаймыз. Мәселен, елден арнайы келетін сыйлы қонақтар бар, соларға ырымдап кішкене балалардың тұсауын кестіреміз. Ән айтып, күй тартудан өзара жарыс өткіземіз. Өнерлілерге арнайы сыйлық табыстаймыз. Дастарқанға аса мән береміз, – дейді Еуропадағы Наурыз мейрамын ұйымдастырушылардың бірі Акбар қажы Аюби.

Былтыр Гаага қаласында Қазақстанның Нидерландтағы елшілігінің қолдауымен өрбіген шараға Бельгия, Ұлы-британия, Германия, Дания, Финляндия, Швейцария және Швеция сияқты елдерінде тұратын 200-ден астам қазақ қатысты.

– Киіз үй элементтері, дәстүрлі ою-өрнектер мен ұлттық киімдер қолданылған декорациялар мен сурет алаңы қазақтың төл мерекесіне тән шынайы көріністі қалыптастырды. Қонақтардың ерекше назарын көшпелі мәдениеттің аспаздық нышандары – наурызкөже, қазы, қымыз және бауырсақ, сондай-ақ, кең таралған қазақ ұлттық билерін үйретуге арналған сабақ аударды. Бұл мереке халық арасындағы ғана емес, ұрпақ арасындағы да мәдени көпірге айналды, – дейді ұйымдастырушылар.

Наурызды Еуропада ерекше өткізетіндердің қатарына былтырдан бастап Нидерландыда тұратын Кәмшат Демеуова, Уасиля Жұматова, Дилек Тастемір-Қалқан қосылды. Бұл топ биыл да ерекше атап өтуді жоспарлап отыр.

– Негізгі мақсатымыз – бір-бірімізбен танысып, үлкеннің батасын алып, өсіп келе жатқан бүлдiршіндерге үлгі-өнеге көрсету. «Наурыз» тобы өткізетін мейрамына бүкіл Еуропа елдерін ғана емес, жыл сайын Қазақстаннан, Белоруссиядан, Моңғолия, Қырғызстан және басқа елдерден де келіп қатысады. Адамның кең пейіліне, бейбіт өмірге не жетсін?! – деді Еуропадағы Наурызды ұйымдастырушылардың бірі Серік Тұрсын.

Наурыз басталысымен думандатып, мейрамды айрықша өткізіп жатқан шетелдегі қазақтар да бар. Татарстан астанасы Қазан қаласында Қазан Федералдық университетінің қолдауымен өткен Наурыз тойы осы тізімде. Салтанатты жиында Иран, Қазақстан, Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан және Түрікменстан секілді елдер өздерінің төл мәдениеті мен салт-дәстүрлерін көрсетті. Қазан федералдық университетінің 1-курс студенті Жасмина Қадырбаева мен Н. Жиганов атындағы консерваторияның 2-курс студенті Нұржан Жүнісовтің өнері көпшілік көңілінен шықты. Олар қазақтың белгілі музыкалық шығармаларын жоғары деңгейде орындады. Бұл биыл өткен шетелдегі алғашқы Наурыздың бірі.

Одан бөлек, Гонконгтың «PolyU» университетінде Қазақстан Республикасының Бас консулдығының ұйымдастыруымен Наурыз мейрамы салтанатты түрде өтті. Мереке аясында қонақтар үшін арнайы концерттік бағдарлама ұйымдастырылып, қазақ халқының бай мәдениеті мен Наурыздың тарихы таныстырылды. Сонымен қатар, ұлттық ойындар мен түрлі жарыс өтіп, қатысушылар қазақ дәстүрінің қызықты қырларымен таныса түсті.

Шетелдегі қазақтардың Ұлыстың ұлы күнін тойлауы – рухани тамырдың үзілмеген белгісі. Әсіресе, Еуропаның қақ ортасында он жыл бойы Наурызды тұрақты түрде бірге қарсы алып келе жатқан қазақтардың бірлігі сүйсінтеді. Олар жат мәдениеттің ықпалына жұтылып кетпей, керісінше, көне құрлықтың төрінде қазақтың қайталанбас болмысын паш етіп, ұлттық намысты ту етіп ұстап келеді.

Серік ҚАНТАЙ

Қатысты жаңалықтар

Сатириктің серігі

Сатириктің серігі

21.03.2026
Айшықты ізі қалды

Айшықты ізі қалды

21.03.2026
Мемлекет басшысы қазақстандықтарды Наурыз мейрамымен құттықтады

Мемлекет басшысы қазақстандықтарды Наурыз мейрамымен құттықтады

21.03.2026
Ұжымды ұйыстырған ұлттық мереке

Ұжымды ұйыстырған ұлттық мереке

21.03.2026
«Жетісудың» екінші жеңісі

«Жетісудың» Чемпиондар лигасындағы қарсыласы анықталды

21.03.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.