Талдықорған: +8°C
$ 482.33
€ 557.57
₽ 5.74
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР

Бүгін – Қаршыға Ахмедияровтың туғанына 80 жыл

25.03.2026
ЖАҢАЛЫҚТАР, РУХАНИЯТ
Бүгін – Қаршыға Ахмедияровтың туғанына 80 жыл

egemen.kz

WhatsAppTelegramFacebook

Қазақтың күй өнерін әлемдік деңгейге көтерген көрнекті күйші, композитор, дирижер, ұлағатты ұстаз Қаршыға Ахмедиярұлының туғанына 80 жыл, – деп хабарлайды 7-su.kz ақпараттық порталы.

Қаршыға Ахмедиярұлы 1946 жылғы 25 наурызда Атырау облысы, Махамбет ауданына қарасты Таңдай ауылында дүниеге келген. Құрманғазы мен Динадай дүлдүлдер түлеген қасиетті өңірден қуат алған ол жастайынан күй өнеріне ден қойып, 1972 жылы Алматы мемлекеттік консерваториясының халық аспаптар факультетін тәмамдады. Кейін Мәскеуде жоғары дирижерлік білімін жетілдіріп, өнер өрісін кеңейтті.

Еңбек жолын Қазақтың халық аспаптар оркестрінде домбырашыдан бастап, дирижерлікке дейінгі биік белестерді бағындырды. Ұзақ жылдар бойы осы ұжымның көркемдік деңгейінің өсуіне елеулі үлес қосып, ұлттық оркестр өнерінің абыройын асқақтатты. Сонымен қатар Құрманғазы атындағы консерваторияда ұстаздық етіп, профессор, домбыра кафедрасының меңгерушісі ретінде талай дарынды шәкірт тәрбиеледі.

Қаршыға Ахмедиярұлы – күй жанрын байытқан дарынды композитор. Оның «Нарын», «Сағыныш», «Атамекен», «Қуаныш», «Атырау», «Ақ қайың», «Желдірме», «Қайран әке» сынды туындылары халық жадында сақталған рухани қазынаға айналды. Сондай-ақ «Шашақты найза, шалқар күн», «Шынар», «Табыну» жинақтары күй өнерінің алтын қорын толықтырды.

Өнер иесінің еңбегі елеусіз қалған жоқ. Ол Қазақстанның халық әртісі атағына ие болып, мемлекеттік және халықаралық деңгейдегі бірқатар марапаттарға лайық деп танылды. Оның орындаушылық шеберлігі мен шығармашылық қуаты алыс-жақын шетел көрермендерін де тәнті етіп, қазақ күйінің үнін әлем сахналарында асқақтатты.

Қаршыға Ахмедиярұлы қазақтың «Дәстүрлі 1000 күйі» антологиясын әзірлеуге зор үлес қосып, ұлт мұрасын жүйелеу ісінде де өлшеусіз еңбек сіңірді.

Күйдің қасиетін жүрекпен ұққан халық үшін Қаршыға Ахмедиярұлының ғұмыры өнерге адалдықтың, рухқа беріктіктің жарқын көрінісі. Оның сазбен кестеленген ғұмыр жолы мен мәңгілік мұрасы ұлт жадында жаңғырып, келер ұрпаққа рухани темірқазық бола бермек.

Қатысты жаңалықтар

Алакөл жағалауындағы инфрақұрылымды дамытуға 2,4 млрд теңге бөлінеді

Алакөл жағалауындағы инфрақұрылымды дамытуға 2,4 млрд теңге бөлінеді

25.03.2026
Бүгін – Қаршыға Ахмедияровтың туғанына 80 жыл

Бүгін – Қаршыға Ахмедияровтың туғанына 80 жыл

25.03.2026
Ерболат Досаев президент әкімшілігіндегі қызметінен босатылды

Ерболат Досаев президент әкімшілігіндегі қызметінен босатылды

25.03.2026
Дәстүрдің цифрлық кеңеюі: Жетісу облысы Наурыз қорытындысын шығарды

Дәстүрдің цифрлық кеңеюі: Жетісу облысы Наурыз қорытындысын шығарды

25.03.2026
Бір дәптер – бір дәуірдің куәсі

Бір дәптер – бір дәуірдің куәсі

25.03.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.