Талдықорған: +24°C
$ 475.09
€ 551.06
₽ 5.87
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Сыршыл ақын көрмесі Сыр елінде өтті

02.04.2026
КҮНДЕРЕК
Сыршыл ақын көрмесі Сыр елінде өтті
WhatsAppTelegramFacebook

Қазақ әдебиетінің көрнекті өкілдерінің бірі – Ілияс Жансүгіровтің жүріп өткен жолы, азаматтық ісі, қалдырған мұрасы бүгінгі жас ұрпаққа үлгі-өнеге. Оның шығармашылық жолында әрбір кезеңнің өзіндік орны бар. Соның ішінде Қызылордада өмір сүрген шағы ерекше мәнге ие. 1927 жылы Мәскеудегі журналистика институтын тамамдап, қазақтан шыққан алғашқы кәсіби журналист ретінде танылған Ілияс Жансүгіров сол кездегі беделді басылымның бірі – «Еңбекші қазақ» газетінің редакциясында қызмет атқарды. Қазіргі «Egemen Kazaqstan» газетінің бұрынғы нұсқасы сол кезеңдегі қоғамдық-саяси ойдың қалыптасуына зор ықпал етті. 

Сол жылдары әдеби-мәдени әлемнің бел ортасында жүрген Ілияс баспасөз, ағартушылық және әдеби ұйымдар арқылы қазақтың ұлттық әдебиетін қалыптастыруға белсене қатысты. Көптеген өлеңі мен публицистикалық еңбегі дәл осы кезеңде жарық көрген Ілиястың дүниетанымы Сыр бойының бай тарихы, жыраулық дәстүрі, халық тағдыры арқылы тереңдей түсті.

Рухани орта оның ел тағдыры мен ұлт болашағы туралы ойларын кеңейтіп, шығармашылығындағы қоғамдық-әлеуметтік тақырыптардың айқын көрінуіне ықпал еткен Қызылорда Ілияс Жансүгіров үшін тек қызмет істеген қала ғана емес, қайраткерлік тұлғасы мен қаламгерлік көзқарасын қалыптастырған маңызды мекенге айналды.

Осы жылдары «Еңбекші қазақ» газетінде, «Тілші» және «Әйел теңдігі» сынды басылымдарға мақалалар, очерктер мен фельетондар жариялап, халық тұрмысы, оқу-ағарту, мәдениет, әлеуметтік теңсіздік пен әділетсіздік мәселелерін тұрақты көтерді. Арада 97 жыл өткен соң Ілияс Жансүгіровтің өмір жолы мен шығармашылығын тереңірек зерттеу мақсатында арнайы зерттеу сапары ұйымдастырылды. Осыған орай Талдықорғандағы Ілияс Жансүгіровтің әдеби музейі «Ілияс Жансүгіров және Қызылорда кезеңі» атты арнайы көрме өткізді.

Көрмеде әдеби-музей қорынан алынған ақынның жеке заттары, сирек кездесетін құнды жәдігерлер, құжаттар мен тарихи деректер ұсынылды. Бір аптаға созылған көрмені Қызылорда өңірінің зиялы қауымы, қала тұрғындары, «Қорқыт Ата» атындағы Қызылорда университетінің студенттері мен оқушылар асқан қызығушылықпен тамашалады. Рухани мазмұнға толы бұл көрме келушілерге Ілиястың шығармашылығы мен мұрасын тереңірек танып-білуге мүмкіндік беріп, көпшіліктің көңілінен шықты. Бұл шара ақынның әдеби мұрасын насихаттауға бағытталған маңызды мәдени бастама болды.

Зерттеу сапары барысында Қызылорда облыстық архиві қорындағы көптеген құнды құжатпен танысу мүмкіндігіне ие болдық. Сонымен қатар 1925-1928 жылдары баспа үйі орналасқан әрі Ілияс Жансүгіров қызмет атқарған тарихи ғимаратпен таныстық. Жергілікті өлкетанушылардың зерттеулері мен пікірлерін тыңдадық. Кездесулер Ілияс Жансүгіровтің Қызыл-орда кезеңіне қатысты тың мәліметтерді тереңірек түсінуге мүмкіндік берді.

Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейі қорындағы Ілияс Жансүгіровке қатысты көптеген дерек пен мәліметке қанықтық. Әсіресе, ақынның сол кезеңде жарық көрген «Сығанақ», «Беташар», «Шәркей» сияқты туындыларымен танысу ерекше әсер етті. Бұл шығармалар кеңестік кезеңдегі қоғамдық өмір мен халық тұрмысына деген ақын көзқарасын айқын көрсетеді.

Қызылорда сапары барысында ерекше қуантқан жайттың бірі – халықтың Ілияс Жансүгіровке деген құрметі. Қазақ әдебиеті мен мәдениетіне қосқан үлесін жоғары бағалайтын жергілікті жұртшылық ақынды ұлы тұлға, үлкен талант ретінде мойындап, есімін әрдайым биік ұстайтыны қуантты.

Ілияс Жансүгіровтің жүрген жолын, еңбек еткен ортасын көзбен көріп, сол кезеңге қатысты тарихи деректермен танысу мақтаныш. Осындай сапарлар арқылы ұлт тарихындағы ұлы тұлғалардың өмірі мен мұрасын жаңа қырынан танып, оны кейінгі ұрпаққа жеткізуге мүмкіндік туады.

Нұргүл Жауынбаева
Ілияс Жансүгіров әдеби музейінің директоры, мәдениет саласының үздігі

Қатысты жаңалықтар

Кооператив құруда реформа қажет

Кооператив құруда реформа қажет

02.04.2026
Көрсеткіш жоғары

Көрсеткіш жоғары

02.04.2026
Жүзеге асты арманым

Жүзеге асты арманым

02.04.2026
Сыршыл ақын көрмесі Сыр елінде өтті

Сыршыл ақын көрмесі Сыр елінде өтті

02.04.2026
37 адам 80 млн теңгесінен айырылған: Жетісу облысында ірі қаржылық алаяқтық ісі сотқа жолданды

37 адам 80 млн теңгесінен айырылған: Жетісу облысында ірі қаржылық алаяқтық ісі сотқа жолданды

02.04.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.