Талдықорған: +21°C
$ 475.09
€ 551.06
₽ 5.87
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР

Кооператив құруда реформа қажет

02.04.2026
ЖАҢАЛЫҚТАР
Кооператив құруда реформа қажет

Жұмабай МҰСАБЕКОВ

WhatsAppTelegramFacebook

Бүгінде елімізде агроөнеркәсіптік кешенін дамытудағы негізгі мәселелердің бірі – ұсақ шаруашылық құрылымдарының әлеуетін тиімді пайдалану үшін ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерді біріктіру. Бұл туралы ҚР Ұлттық агралық ғылым академиясының академигі, ҚР тәуелсіз аудиторы, экономика ғылымдарының докторы, Қазақстан фермерлері қауымдастығының Жетісу облыстық филиалының басқарма төрағасы Асқар ШӘРІПОВ әңгімелеп берді. 

– Асқар Қалиұлы, ауыл шаруашылығы кооперативтерін құруға қандай талаптар қойылады?

– Өздеріңіз білесіздер, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Астанада ауыл әкімдерінің диалог-платформасында сөйлеген сөзінде ауылды дамытуға қатысты жұмыстың негізгі бес бағытына тоқталып өтті. Оның бесіншісінде: «Ауылдағы кәсіпкерлікті өркендетуге баса мән беру керек. Алдымен ауыл шаруашылығы кооперативтерін дамытуымыз қажет», – деп тұжырымдама жасады. Сондай-ақ, «Осы бағытта біршама жұмыс атқарылды. Оның пайдалы екені көпшілікке белгілі. Алайда бірлескен шаруашылықтар әзірге ауыл экономикасының тірегі бола алмай тұр. Көбіне мұндай кооперативтерді бірнеше адам ғана құратыны жасырын емес. Олар жеке шаруашылық иелері және өнім өңдеушілер арасында делдал болып жүреді. Соған қарамастан мемлекеттен жеңілдіктер алады. Рас, мұндай теріс әрекеттерге тыйым салынбаған. Бірақ, бұл ауыл халқының әл-ауқатын арттыруға кедергі келтіреді. Бірлестік (кооператив) құру бүкіл ел бойынша жүргізілуі керек. Сонда ғана ауылдағы ағайын бұл жұмыстың игілігін көреді. Жеке шаруалар біріге алмаса, мемлекеттің ауыл шаруашылығын дамыту жолындағы бар еңбегі зая кетеді. Сондықтан бұл жұмысты белсенді түрде қолға алуымыз қажет», – деген еді. Енді біз осы бағытта бірлесе жұмыс істеуіміз керек.

– Конституцияда осы уақытқа дейін меншік құқығына қатысты кемшіліктер болды. Осы бойынша өзгерістер бар ма?

– Өткен 15 наурызда жалпыхалықтық референдум арқылы Ата Заңымызға Меншік туралы бапқа түзетулер енгізілді. Бұрынғы 6-1 бап «Қазақстан Республикасында мемлекеттік меншік пен жекеменшік танылады және бірдей қорғалады» деген тұжырымдама 8-1 бапқа өзгертіліп, онда «Қазақстан Республикасында барлық меншік түрі танылады, оларға кепілдік беріледі және тең қорғалады» деп бекітілді. Бастапқыда бұл бап өзгеріссіз қалып, кейін жалпыхалықтық талқылау кезінде экономистер, депутаттардың ұсыныстары және халықаралық тәжірибелер ескеріліп, «мемлекеттік меншік пен жекеменшік түрі» Жаңа Конституцияда «барлық меншік түрі» деп өзгертілді. Бұл кооперативтерді дамытуда жаңа импульс береді деп сенеміз. Ресей, Финляндия, Литва, Латвия, Әзербайжан, басқа да елдерде мемлекеттік және жекеменшіктен бөлек, конституцияда муниципалды меншік нысаны да қарастырылған. Ал Қытай, Бразилия, Үндістан конституцияларында оларға ұжымдық немесе кооперативтік меншік түрі қосылған. Бірқатар басқа мемлекеттерде экономикалық әртүрлілікті ынталандыру мақсатында Конституцияда меншік нысандарының тізбесі мүлде шектелмеген. Бізде қазір әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың (ӘКК) және кәсіпкерлердің мүлкін қосымша түрде айқындау қажеттілігі туындатып отыр. Қазақстан 2012 жылы 50 елдің қатарына кіргендіктен «Стратегия – 2050» қабылдап, ендігі меже 30 елдің қатары екенін межеледік. Осы мақсатқа жету үшін жаңа қабылдаған Конституция, ондағы өзгерістер осыған толық жұмыс істемек.

– Ауыл шаруашылығы кооперативін құруда адам санына шектеу бар ма?

– «Ауыл шаруашылығы кооперативтері туралы» Заңында «құрамында 3 адамнан кем болмаса кооператив құруға болады» деп тұжырымдалған. Біздің ойымызша оны 10-ға дейін көбейту керек. Бұлай өзгертпей, Президент тапсырмасын орындау қиын. Қазіргі заңдағы «кемінде 3 адамнан болу керек» деген талап оған сәйкес емес және көп жағдайда «көзбояушылыққа» алып келіп отыр.

– Ауыл шаруашылығы кооперативі құрылса үлеспұл жарнасына қандай талаптар қойылады?

– Кооператив Үкіметтен несие алу үшін құрылмайды, ұжым болып жұмыс істеу үшін ұйымдастырылады. Сондықтан, ең негізгісі – үлеспұл жарнасы бойынша бастапқы қорды қалыптастыру. Қазіргі заңда ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативтері үшін жарналарының ең төменгі деңгейі белгіленбеген. Біздің ойымызша, оның мөлшері 20 млн. теңгеден кем болмауы тиіс. Қаржы ұйымдарын құрған кезде осындай талаптар қойылады.

– Ал заңды тұлғаларға неге мұндай заң талаптары қойылмайды?

– Кооперативтердің үлеспұлдық (жарна) бастапқы қоры әділет органдарына бақылаусыз тіркеледі. Нәтижесінде олардың көп жағдайда тиімсіз құрылуына әкелді. Сондықтан, кооперативтік қордың тіркелу кезінде ең төменгі деңгейін «20 млн. теңгеден кем болмауын белгілеу қажет» деп есептейміз. Бұл, қарапайым тілмен қазіргі заңсыз субаренда ретінде айналымда жүрген шаруа-фермер қожалықтарының 20 гектар жерінің пайдалану құқықтарының жалпы бағасы. Жасыратыны жоқ, қазір қосалқы жалдау үлесі өте көп. Оны заңдастырудың бірден-бір жолы осы кооперативтерге бірігіп, жердің пайдалану құқығын кооперативтік қорға салып, одан жыл соңында дивиденд алу. Оны акционерлік қоғамдағы сияқты екі түрге бөлу керек. Артықшылығы бар акция (үлескері) жыл соңында кооперативтің қаржылық жағдайына қарамай міндетті үлесін алады. Бірақ, жалпы жиналыста оның дауысы болмайды, оның жұмысына тікелей араласа алмайды. Жай акциясы (үлескері) жыл соңында кооперативтің қаржылық жағдайына қарай үлесін алуы да, алмауы да мүмкін. Бірақ, жалпы жиналыста оның дауысы болады және соның шешімі бойынша дивиденд төленеді немесе ол кооперативтің жалпы қорына бағытталады.

– Ауыл шаруашылығы кооперативін құру бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізіле ме?

– Кооперативке бірігіңдер, пайдасы мол деп үгіттеу нәтиже бермейді. Әр аудан, қалада жаңа заңдардың шығуына байланысты кооперация тақырыбын белгілеп, көшпелі семинарлар өткізіліп, онда ауыл шаруашылығы кооперативтерін құру, несиелеу және субсидиялау мәселелері және жаңа Салық кодексіндегі өзгерістер түсіндірілуі тиіс. Бізде қазір ауыл шаруашылығын кооперативтерге біріктіру үдерісі мына сатылармен іске асуда. Олар отбасылық негізде құрылған, бірнеше кәсіпкерлікті жүзеге асыратын фермер, жай серіктестік нысанында ұйымдастырылған шаруа қожалықтары. Келесі сатыда Заңды тұлғалар, оның ішінде ортақ экономикалық, әлеуметтік қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін құрылған ауыл шаруашылығы кооперативтері, егер олардың қауымдастықтары біріксе, онда ол ауыл шаруашылығы кооперация деп аталады. Корпорация бұдан біршама ауқымды. Негізінен акционерлік нысан ретінде құрылған бірлестік, одақ. Біздің облыста қазір ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіретін 19162 шаруа қожалығы, 164 ауыл шаруашылығы кооперативі бар. Бұған қоса, соңғы кезде дамып келе жатқан кооперативке дайын серiктестiк нысанында ұйымдастырылған қожалықтарды қосуға болады. Мысалы, Ескелді ауданындағы «Нам» ШҚ 25 фермерді біріктіріп жұмыс істесе, Көксу ауданындағы «Кең дала» ШҚ 8 фермерді, Ескелді ауданындағы «Дүйсен- бинов Айдын» ШҚ 6 фермерді біріктіріп жұмыс атқаруда. Олар заңды тұлға ретінде тіркеуге тұрмай, кәсіпкерлік кодекс талабына сәйкес бірлескен қызмет туралы шарт негізінде ортақ үлестік меншік базасында жай серіктестік нысанында ұйымдастырылған қожалық ретінде жұмыс істеуде. Олардың өз жетекшілері, бас инженерлері бар. Бұлар жеке тұлғалар болса да бір саты заңды тұлға – кооперативтерге жақын. Сондықтан, олармен түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, жер үлестерін, қосалқы жалдауды заңдастыру, кооперативтердің субсидияларын жетілдіру мәселелерін шешу керек. Жаңа Салық кодексіндегі өзгерістерге де ерекше мән берген жөн. Ең негізгісі, онда корпоративтік салық 20%-дан 6%-ға дейін, ал қосымша құн салығы 16%-дан 3%-ға дейін төмендетілген немесе ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерді қолдау мақсатында есепке жатқызылатын қосымша ҚҚС мөлшері 70-тен 80%-ға дейін азайтылған. Жеке табыс салығы (бұдан әрі ЖТС) бойынша құжаттамалық растауды талап ететін қолданыстағы шегерімнің орнына жеке тұлғаларға 14-тен 30 еселенген айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі АЕК) мөлшерінде ұлғайтылған шегерім енгізілді. Бұл қолға алынатын жалақы мөлшерін ұлғайтуға мүмкіндік береді. Былтыр жалақыдан ЖТС есептеу кезінде ай сайын 14 АЕК (55 048 теңге) мөлшеріндегі стандартты шегерім қолданылатын. Биылдан бастап бұл шегерім айына 30 АЕК-ке (129 750 теңге) дейін ұлғайтылды, яғни, төленуге тиіс ЖТС сомасы азаяды. Жалақысы осы сомадан аспайтын азаматтар жеке табыс салығын төлемейді. Бұған қосымша жаңа ережелерге сай әлеуметтік салық пен әлеуметтік аударымдардың өзара байланысы жойылды, енді екеуі жеке-жеке есептеледі. Осыған байланысты әлеуметтік салықтың бірыңғай мөлшерлемесі белгіленіп, 6%-ды құрайды (бұрын 11% болған). Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілер мен өңдеушілер, кооперативтер үшін төмендетілген мөлшерлеме енгізілді, ол – 1,8% немесе 3 еседей азайды. Бұл жалақыға түсетін салық жүктемесін біршама азайтып, кооператив басшыларына оны көтеруге ықпал етеді.

– Кооператив басшылығы ұжым алдында уақытылы есеп беріп отыру керек. Ол қалай ұйымдастырылады?

– Ұжымдық заңды мекеме сияқты кооперативтерде міндетті ішкі аудит жүргізіліп, нәтижесі жиналысқа дейін хабарланып отыруы тиіс. Сол арқылы дивиденд беру мәселесі талқыланып, шешіліп отырады. Біздің ірі акционерлік қоғамдарда, Ресейде, Германияда, басқа елдердің кооперативтерінде де солай. Біз алдыңғы қатарлы 30 ел қатарына кіреміз десек, неге олай жасамасқа? Осы тәжірибелерді еске түсіру өте маңызды. Ерікті ішкі аудит жүргізу барысында кооперативтердің басым бөлігінде бухгалтерлік есеп өз дәрежесінде жүргізілмейтіні анықталды. Көп жерде оны жүргізу өңдеу кәсіпорындарының, салық, статистика комитеттерінің қызметкерлеріне немесе оның жанында отырған бухгалтерлерге жанама қызмет ретінде жүктелген. Соның арқасында жемқорлық істерге жақын қызметтер жасалғаны әшкереленді. Біз оларды тиісті мемлекеттік мекемелерге хабарлап отырдық.

– Осыған байланысты аймақта жүргізілген жұмыстар аз емес шығар?

– Әрине. Облыстағы «Ауыл шаруашылығы кооперативтерінің Талдықорған аймағының тексеру одағы» құрамында қазір 36 ауыл шаруашылығы кооперативтері бар. Оларға ішкі аудиторлық, консалтингілік көмек көрсетуге 3 тәуелсіз аудитор және 1 кәсіпқой бухгалтері жұмылдырылған. Аудит жүргізілген кооперативтердің басым бөлігінің жарналары толық қалыптаспағаны, есептіліктері өз деңгейінде жүргізілмегені, бірталай кемшіліктің жіберілгені анықталып, оларды түзету бойынша ұсыныстар берілді. 2024 жылы 36 ауыл шаруашылығы кооперативтерінің тек 19-ына ішкі аудит жасалды, қалған 17-сіне әртүрлі себепті ішкі аудит толық жүргізілмеді. Соның бірінде алғашқы ішкі аудитте соңғы 3 жылда бөлінбеген кооперативтік төлемдері 37,0 млн. теңгеге жеткені анықталды. Олар жарналарын көбейтуге немесе қосымша табыс ретінде кооператив мүшелеріне бөлінбеген, жылдық жиналыс өткізілмеген. Сол себепті кооператив басшылары жасалған аудит құжаттарын растаудан бас тартты. Міндетті аудит болмағандықтан, біз басқа шара қолдана алмадық. Осыған байланысты кейбір нормативтік-құқықтық және заңнамалық актілерге ауыл шаруашылығы кооперациясына қатысты келесідей өзгерістер мен толықтырулар енгізуді ұсынамыз. Мәселен, «Ауыл шаруашылығы кооперативтері туралы» 2015 жылғы 29 қазандағы ҚР Заңына 36-баптың 1-тармағына: «Ауыл шаруашылығы кооперативі кемінде екі жылда бір рет ауыл шаруашылығы кооперативінің қаржы-шаруашылық қызметіне ішкі аудит жүргізуге міндетті» деген өзгеріс енгізілсе ішкі аудиттің сапалы өткізілуіне біраз әсерін тигізер еді. Осы ұсыныстардың бәрі кооперативтерді дамыту заңдылықтарына түпкілікті реформалар керек екенін көрсетеді.

– Мазмұнды әңгімеңізге рахмет!

Сұхбаттасқан
Айгүл БАЙЖҰМАҚЫЗЫ

Қатысты жаңалықтар

Шаңырақ шаттығы еселенген күн

Шаңырақ шаттығы еселенген күн

02.04.2026
150-ден астам адам есірткіге қарсы марафонға қатысты

150-ден астам адам есірткіге қарсы марафонға қатысты

02.04.2026
Балаға паспорт рәсімдеу: Ата-аналар білуі тиіс басты талаптар

Балаға паспорт рәсімдеу: Ата-аналар білуі тиіс басты талаптар

02.04.2026
Мемлекет басшысы Сбербанк басшысын қабылдап, банк саласы мен ЖИ мәселелерін талқылады

Мемлекет басшысы Сбербанк басшысын қабылдап, банк саласы мен ЖИ мәселелерін талқылады

02.04.2026
Мамандық таңдау мен кәсіби дамудың жаңа цифрлық мүмкіндігі

Мамандық таңдау мен кәсіби дамудың жаңа цифрлық мүмкіндігі

02.04.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.