Талдықорған: +1°C
$ 503.90
€ 603.32
₽ 6.61
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР АРНАЙЫ ЖОБА

Жауырыны жоқ жауынгер

23.01.2025
АРНАЙЫ ЖОБА
Жауырыны жоқ жауынгер
WhatsAppTelegramFacebook

Қоңыр салқын күз күндерінің бірі. Ел жұмысқа енді ғана кірісе бастаған мезгіл. Әдеттегідей жұмыс бөлмемнің есігі жартылай ашық тұрған. Сәлден соң сырт жақтан «иә, иә, сол бөлме, жаңа ғана келген, кіре беріңіз» деп әлдекімге жол сілтеп жатқан әріптестерімнің бірінің дауысы естілді. Ізінше есіктен қызыл шырайлы, орта бойлы, жүзі таныс, ақ сақалды бір қария келіп кірді. Қолында иін сапты қысқа таяғы, қолтығына қаттап қысқан бірнеше газеті бар. Жасы егде тартқанымен еңкейе қоймапты. Әлі тіп-тік, іс-әрекеті де  жылдам, ширақ көрінеді. Ұшып тұрып:

– Ассалаумағалейкүм, – деп сәлем бердім.

–  Уағалейкүмассалам, амансың ба, балам,– деген қария да кәне, бері жақында дегендей ұсынған қолымды өзіне тартып, балаша құшақтап, маңдайымнан искеп, бетімнен сүйді.

Амандық, саулық сұрасқан соң қолтығынан демеп төрге бастадым. Қозғалған сайын көк сұр костюмының екі өңіріне тағылған орден, медалі қоңыраулы күймедей сылдыр-сылдыр қағады. Екеуміз қол ұстасқан бойда ұзын диванға бірге барып жайғастық.  Орнығып тізе жазған соң қария:

– Жұмыс шаруаларың қалай?– деп қайталай сұрады.

– Шүкір, ата, ақырындап, ел қатарлы жүрген – деймін салмақты да сабырлы бейнемен.

– Е,  аман болсаңдар болғаны, қалғаны өзі-ақ реттеледі. Мені танисың ба?– деді қария жүзіме қадала бұрылып.

– Иә, иә, танимын ғой, танымағанда. Сізді бүкіл ел таниды ғой,– деп айтқанымды айғақтай түстім.

– Мен де өзіңді сырттай білемін. Бірақ оңаша жолығып, іштесіп бір әңгімелеспеген соң көптің біріміз ғой сол баяғы. Десе де өзімді жақынырақ таныстыра кетейін. Мен мына Екінші Дүниежүзілік соғыстың майдангері Сәрсенбай Қаңтарбаев деген атаң боламын. Жас болса алдағы қысты аман өткерсем, жүзден асады. Енді заман сендердікі. Біз болсақ, түйір дәнге зәру жоқшылықты, аста-төк тоқшылықты, күйреген  тоқырауды, толарсақтан қан кешкен соғысты да көрдік. Сөйтіп, сан өліп, сан тіріліп жүріп бүгінгі күнге де жеттік. Ары қарай қанша су ішеріміздің бары тек жаратушы жалғыз Аллаға ғана аян,– деп бір түйіп қойды. Әредік ақсақал қолындағы газетін жанындағы шағын үстелдің үстіне қоя беріп:

 – Мына мен әлі күнге газет оқып, радио тыңдаймын. Кейде қазақы әңгімені де сағынады екенсің. Бүгін сәті түсіп өзіңмен әдейі бір әңгімелесіп қайтайын деп келдім,– деп отырған орнынан артқа қарай сәл сырғып, арқа сүйеп орнықты.

– Жалғыз жүрсіз бе?– дедім таңырқап.

– Жоға, балалар жалғыз жіберсін бе, кенже немерем ертіп келді. Сіздің шаруаңыз біткенше мен де келемін, асықпай әңгімелесіп алыңыз деп мына есіктен қайтты,– деді.

– Бәсе, – дедім көңіл жайланғандай.

 Әдетте іздесең табыла бермейтін қазыналы қарттың құдай оңдап өзі келгеніне іштей қатты қуандым да, ойға алған өзге істерімді сырып қойып, не айтар екен деген дәмемен әңгіме көрігін қыздыра түсуге қам жасадым.

– Сіздердің әр басқан қадамдарыңыз біз үшін өшпес өнеге ғой, құлағым сізде, ата, бүгін сіздің әңгімеңізді күн бойы тыңдауға бармын,– деп шорт түйдім.

– Е, жұмысыңа кесірі тимесе болғаны, біз ғой күнде демалыстағы адам,– деп қариям қуанып кетті. Бірде ол сол қолын тізесінің үстіне қойып, оң қолының етқашты саусақтарымен иығынан төмен жеңіл сыйпап отырып:

 – Менің мына бір жауырыным жоқ, иық сүйегімнің басы тек тоқпан жілікке ғана ілініп жүр,– деп қалды.

– Қалайша? – дедім таңдана.

– Ой, ол бір өлім мен өмір арасында арпалысқан сәттерді жиі еске түсіретін ұзақ әңгіме, сұрадың ғой айтайын,– деп әңгімесін бастап кетті ақсақал.

– Екінші дүниежүзілік соғыс басталғанда мен небәрі 17 жаста едім. Өзім 1924 тышқан жылының 10-шы мамырында осы Талдықорған қаласының іргесінде тұрған Балпық би  ауылында туыппын. Соғыстың екінші жылы 18 жасқа толып, орта мектепті бітірген соң әскерге алындым. Алдымен біз мына өзіміздің қазіргі Аягөз қаласында тұңғыш құрылған қазақ полкі бар екен, сондағы мергендер сабында жаттықтық. Ол жерден сержант шенін алған соң Түркіменстанның Мары қаласына барып жалғасты әскери дайындықтан өттік. Қырсыққанда біз небір сыннан сүрінбей өтіп, старшин атағын алып, қайраған қылыштай жарқылдап шыққанымызда жоғарының 18 жастағылар соғысқа бармайды деген бұйрығы шыға қалыпты. Бұйрықты ести сала бірге жаттыққан 20 мерген едік, қаштық. Ол кезде әскери шепті тастап кеткендер қатаң жазаланып, соғыс кезінде бұйрықсыз  шегінгендерді тергеусіз, сотсыз атып тастайтын заман.

– Соны біліп тұрып сіздер неге қаштыңыздар онда?– дедім жүзіне үдере қарап.

– Қашқанда ел соғыстан қашады ғой, біз соғысқа барамыз деп майданға қарай қашып жүрміз. Себебі, біз жастайымыздан батырлар жырын жаттап өскен текті халықтың ұрпағы емеспіз бе? Өліп қаламыз-ау деген ойда жоқ. Аталарымыздай ержүрек болу басты арманымыз болатын. Оның үстіне ауылдан әскерге аттанған өңкей қазақ жастары жаумен бір рет те болсын шайқаспай, орта жолдан қайтып кетуге ұлттық рухымыз, жігіттік намысымыз жібермеді.

– Содан?– дедім бар назарымды бұрып.

– Содан, қоя ма, ұстап әкелді. Тергеп, тексеріп жазалаған жоқ, әйтеуір. Қойған талабымызды орындап, соғысқа аттандырды. Сол бойда Мәскеу қаласының маңында соғысып жүрген қазақтың хас батыры Бауыржан Момышұлы басқаратын 9-шы гвардия полкіне барып қосылдық. Бір сәтте аңсаған арманымызға жетіп, қан майдан, қарулы қақтығысқа кірдік те кеттік. Алғашында қираған қала, өртенген дала, айқасып жатқан адам өліктері өте үрейлі сезілуші еді. «Үш күннен кейін көрге де үйренеді» деген бар ғой, кейіннен көз үйреніп, бәріне көндіктік. Қолбасшымыз батыр Бауыржан бізді «Алдарыңнан оқ жауып тұрса да шегінбеңдер, шегінсеңдер өлесіңдер. Арттағы ел бізді жеңіспен оралады деп күтіп отыр. Біз жеңеміз» деп үнемі батылдыққа баулитын. Менің бітіргенім пулеметші, мергендік болатын. Қосымша сол кездің ең құпия және жойғыш қаруы – катюшаны қорғауды сеніп тапсырды.  Ол тиген жерін қырып-жойып, күл қылып, өртеп жіберетін сол заманның атом қаруы ғой. Ол туралы ауыздан шығаруға да болмайды, заңмен тыйым салынған. Біз барардың алдында жау катюшанының бірін ұрлап әкетіп, қолдана алмай бір жерге тастап кетіпті. Бірге бітіріп келген таңдаулы 20 мерген  түнде көз ілмей, кезекпен катюшаны күзетеміз. Оны бір жерде көп тұрғызуға да болмайды, ылғи түнделетіп орнын ауыстырып отырады. Жауынгерлер санасында біз катюшаны қорғармыз, катюша елді қоғайды деген сенім қалыпасқан.

– Сонымен? – дедім кеудемді керген ыстық жалынды сыртқа шығарғандай терең бір тыныстап.

Сонымен, «Қырық жыл қырғын болса да, ажалды өледі» деген емес пе, қарша бораған оқ пен лаулаған оттың ортасында жүріп, Бауыржан Момышұлының басқаруында Шығыс Пруссия, Литва, Латвия, Эстония, Польша мемлекеттерін азат етуге қатыстым. Бағыма қарай бәрінен аман өттім. Осы барыста Бауыржан  Момышұлының жасаған небір ерліктерін өз көзімізбен көрдік. Тіпті, сөзбен айтып жеткізу қиын. О, құдірет! Көздесе оғы жерге түспейді. Небір алыптармен қоян қолтық келіп алыса кетсе, екі бүктеп бүркітше бірақ басады. Құдай-ау, күшім жетпей қалады-ау деп ойламай ма екен дейсің кейде. Адам өзі жараланбайынша ештеңені сезбейді екен. Қорқу деген жоқ, күнделікті жүріп жатқан соғыс үйреншікті жұмысымыз секілді болып кетті. Бір күні Литва жерінде қиян-кескі шайқас жүріп жатқан. Ондағы Шяуляй  қаласын жау үш рет жау басып алып, біз үш рет қайта тартып алдық. Өте бір ауыр шайқас болды. Бірде біз өршеленген жауға оқ жаудырып алға жылжып келеміз. Басты көтермеу керек еді. Басын көтеріп қалған бірнеше саптасым табанда оққа ұшып, көз алдымда мерт болды. Оларға қарауға мұрса жоқ. Мен де жыланша атылып, жер бауырлап жылжып келемін. Әредік құмырысқаша қайнаған қалың жауды көздеп, пулеметімді қосып бір сақылдатып алам. Бір кезде қолымдағы құрал солқ ете түсті. Бетімді ыстық жалын бірақ шарпыды. Әй, біткен жерім осы шығар-ау деп ойладым. Бірақ, естен танған жоқпын. Ақырын көзімді ашсам, қос жанарым аман екен әйтеуір. Оқ қолымдағы пулеметіме тиіп, от алған дәрісі бетімді бірақ шалып күйдіріп кетіпті. Атайын десем құралым атылмайды. Қаруымды иығыма іле салып, еңбектеген бойда жер бауырлап жүріп, бір кезде өз үйірімді тауып қосылдым. Қолдырап күйіп қалған бетімді дәрігерлер емдеп бірнеше күн орап таңып тастады.

– Әрі қарай не болды?

– Менікі жеңіл жарақат қой. Ем-дом жасалған соң қаруымды қолыма қайта алдым. Әрі қарай Шығыс Украина жерін жаудан тазартуға бағыт алдық. Тағы да сол кескілескен шайқас. Жауды тықсыра қуып бір орманды алқапқа жеткенде қазақтың тағы бір батыры Қасым Қайсеновті кездестіріп, екеуіміз құшақ айқастыра қауыштық. Сол жердегі ұрыстарда оның ерен ерлігін өз көзіммен көрдім. Ол кісінің қосыны басқа, менің қосыным бөлек болғандықтан көп өтпей бір-бірімізбен қимай-қимай қоштасып, өз-өз бағытымызға кеттік. Әлі есімде 1945 жылдың 21 қаңтары болатын. Біз Россия – Германия бағытындағы атысты жалғастырып жатқанбыз. Берлинге 120 шақырым қалғанда қолбасшы Бауыржан Момышұлы екеуімізге бір уақытта оқ тиіп, ауыр жараландық. Көп қан кеткен секілді, көз алдым тұманданған, есімнің кіресілі-шығасылы екенін білем. Кірпігімді зорға қимылдатып көзімді ашсам, ұшақ ішінде секілдімін, дәрігерлер  ем-дом жасап жүр. Қайта есімнен таныпып кетіппін. Бірнеше күннен кейін көзімді ашсам Ресейдің Владимир облысына қарасты бір көшпелі емханада  ем алып жатыр екенмін. Бір дәрігер келіп: «Екі қолыңнан оқ тиіп ауыр жарақат алыпсың. Бір жауырының керектен шығыпты, алып тастадық», – деді. Сонымен бір жауырынды оққа беріп, жазылып шыққан соң, әдемі киініп бірінші Жеңіс күнін Мәскеудің Қызыл алаңында қарсы алған едік. О, бұл жауырынның тарихы солай,–  деп өткен өмір болмыстарын ерекше бір еске алып басын шайқап еді қазыналы қария.

 

Айдын КӘЛІМХАН
Фото: rosphoto.com

Қатысты жаңалықтар

Қазақстан экономикасы орнықты әрі теңгерімді өсуді көрсетуде

Қазақстан экономикасы орнықты әрі теңгерімді өсуді көрсетуде

28.01.2026
Сот орындаушы зейнеткердің үйін сатпақ болған

Сот орындаушы зейнеткердің үйін сатпақ болған

28.01.2026
UFC Шавкат Рахмоновқа қатысты шешім қабылдады

UFC Шавкат Рахмоновқа қатысты шешім қабылдады

28.01.2026
Рамазан айы – салт-дәстүр мен діни құндылықтардың үйлесімі

Рамазан айы – салт-дәстүр мен діни құндылықтардың үйлесімі

28.01.2026
Жастарды жат ағымнан қалай қорғаймыз?

Жастарды жат ағымнан қалай қорғаймыз?

28.01.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.