Талдықорған: +24°C
$ 460.37
€ 531.87
₽ 5.82
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Текелі ЖЭО-2 жабдықтарының тозуы екі есе азайды

08.04.2026
КҮНДЕРЕК
Текелі ЖЭО-2 жабдықтарының тозуы екі есе азайды

МЭКС

WhatsAppTelegramFacebook

Жетісу облысында Текелі энергия кешенін жаңғырту бойынша ауқымды жұмыстар жалғасып жатыр, – деп хабарлайды 7-su.kz ақпараттық порталы Kazinform агенттігіне сілтеме жасап.

Аталған нысан Текелі қаласы мен іргелес аймақтарды электр қуатымен қамтамасыз ететін негізгі стратегиялық орталық саналады. Сонау 1959 жылы іргесі қаланған станция жабдықтарының ескіруі бұған дейін 67 пайызға жетіп, апаттық жағдайлардың туындау қаупін жоғарылатқан еді.

Қала аумағындағы жаңа тұрғын үйлер мен өнеркәсіп нысандарының көбеюі энергия жүйесіне түсетін салмақты еселеді. Әсіресе қысқы мезгілдегі ең жоғары жүктеме кезеңінде өңірде электр энергиясының тапшылығы байқалатын. Осы мәселені жүйелі шешу үшін көмірмен жұмыс істейтін қолданыстағы бекет аумағында қосымша бу-газ қондырғысын салу туралы шешім қабылданды. Жаңа технология мен ескі станция енді қатар қызмет атқарып, аймақтың энергетикалық әлеуетін нығайта түседі.

Жаңғырту жобасының алғашқы екі кезеңі сәтті аяқталып, 2025 жылы жалпы қуаттылығы 36 МВт болатын үш газ-турбиналық қондырғы пайдалануға берілді. Осы қадамның нәтижесінде энергия кешені жабдықтарының жалпы тозу көрсеткіші 67 пайыздан 34,2 пайызға дейін, яғни екі есе азайды. Мұндай ілгерілеушілік облыстың энергетикалық қауіпсіздігін нығайтып, жоспардан тыс тоқтаулардың алдын алуға мүмкіндік береді, – делінген хабарламада

Қазіргі уақытта жаңғыртудың үшінші кезеңі жүзеге асырылып жатыр. Мамандар үш қазандық-утилизатор мен қуаттылығы 17 МВт бу турбинасын монтаждау жұмыстарын бастап кетті. Текелі энергия торабын толық жаңарту аймақ үшін өмірлік маңызға ие. Бу-газ қондырғысы толық іске қосылғанда электр қуаттылығы 24-77 МВт-қа, ал жылу қуаттылығы 42-90 Гкал/сағ-қа дейін өседі. Нәтижесінде тұрғындарды жарықпен және жылумен қамту сапасы жаңа деңгейге көтеріледі.

Өңірде меншікті энергия көзінің болуы сыртқы жеткізілімдерге тәуелділікті азайтады. Ортақ жүйеде апаттар орын алса да, Текелі қаласы өзін-өзі дербес қуатпен қамтамасыз етуге көше алады. Сондай-ақ «Север-Юг» желісі арқылы электр энергиясының тасымалы азайып, жүйедегі шығындар қысқарады. ҚР Энергетика министрлігімен жасалған инвестициялық келісімдер аясындағы жобаның жалпы құны 46,8321 млрд теңге құрайды.

Текелі энергия кешенін кеңейту және қайта жаңартудың үшінші кезеңі 2026 жылдың шілде айында аяқталады. Жалпы Қазақстан бойынша коммуналдық инфрақұрылымның тозуы 40 пайыздан асатынын ескерсек, мұндай жергілікті жобалар елдің энергетикалық тұрақтылығына тікелей әсер етеді. 2026 жылы еліміздегі инфрақұрылымды жаңартуға 1,1 трлн теңге қажет болады деген болжам бар. Жетісудағы бастама өзге аймақтарға үлгі боларлық оң өзгерістің бастауы іспетті.

Жаңартылған станция қоршаған ортаға тиетін зиянды да азайтады. Бу-газ технологиясы көмірмен салыстырғанда экологиялық тұрғыдан тиімдірек. Аталған жағдай қала тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсартып, таза әрі қауіпсіз энергияға қолжетімділікті қамтамасыз етеді. Сондықтан жаңғырту жұмыстарының аяқталуын бүкіл аймақ асыға күтеді.

Қатысты жаңалықтар

ТЖМ балалар қауіпсіздігі үшін дрондарды іске қосты

ТЖМ балалар қауіпсіздігі үшін дрондарды іске қосты

08.04.2026
Перизат Қайраттан тәркіленген көлік мемлекеттік органдардың меншігіне берілді

Перизат Қайраттан тәркіленген көлік мемлекеттік органдардың меншігіне берілді

08.04.2026
Александр Бублик Монте-Карлодағы «Мастерс» турнирін жеңіспен бастады

Александр Бублик Монте-Карлодағы «Мастерс» турнирін жеңіспен бастады

08.04.2026
SMS арқылы алаяқтық жасаған қылмыстық топ құрықталды

SMS арқылы алаяқтық жасаған қылмыстық топ құрықталды

08.04.2026
Психологтар бақылауға алынады: Жаңа заң несімен ерекшеленбек?

Психологтар бақылауға алынады: Жаңа заң несімен ерекшеленбек?

08.04.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.