Талдықорған: +10°C
$ 444.16
€ 487.29
₽ 5.40
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
29 қараша — Мәслихаттар депутаттарының сайлауы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Зергерлік бұйымдарға цифрлық құжат жасау міндеттелмек

8 сәуір 2026
КҮНДЕРЕК
Зергерлік бұйымдарға цифрлық құжат жасау міндеттелмек

Freepik.com

WhatsAppTelegramFacebook

Елімізде енді алқа, сырға, сақина секілді зергерлік бұйымдарға цифрлық құжаты болады. Өйткені өндірушілер әшекей бұйымдарды таңбалауға міндеттелмек. Мәселен базар не зергерлік дүкеннен сақина сатып алсаңыз, дереу QR кодын сканерлеп, қайда, неден жасалғанын да көруге мүмкіндік бар. Осылайша, көлеңкелі кәсіпті жойып, салық түсімін арттыру жоспарланып отыр, – деп хабарлайды 7-su.kz ақпараттық порталы. 

Зергерлердің айтуынша, нарықта онсыз да тәртіп бар. Қазірдің өзінде әр бұйымға сынама мен арнайы белгі қойылады. Онсыз өнім заңды түрде сатылмайды. Ережеге бағынбағандарға айыппұл қарастырылған. Сондықтан жаңа талап артық бақылау дейді олар. Тіпті бұған дейін басқа тауарларға енгізілген таңбалау да күткен нәтиже бермеді деп отыр.

– Таңбалау қосымша шығындарды талап етеді. Бұдан мемлекет емес, табысты таңбалау операторы пайда көреді. Бізге “әр бұйымға 3 теңге ғана” деп айтты. Бірақ бұл – бастапқы баға ғана. Біз 2D-сканерлер, түрлі құрал-жабдықтар сатып алуымыз керек. Сонымен қатар арнайы бухгалтерлік жүйе енгізіп, қосымша маман жалдауға тура келеді, – деді зергерлік бұйымдар лигасының төрағасы Дінмұхамед Табылды.

Ал министрлік бұл жүйе нарықты реттеуге мүмкіндік береді деген ойда. Жоспар бойынша цифрлық таңбалау келесі жылдың желтоқсанынан бастап міндетті болады. Әр бұйым арнайы кодпен белгіленіп, оның қозғалысы толық бақылауға алынады. Яғни, кім өндірді, кім сатты, қайдан келді – бәрі тіркеледі. Бұл контрабанданы азайтып, адал бәсекені қалыптастыруға тиіс. Бірақ мәселенің екінші жағы бар. Сарапшылардың айтуынша, мұндай ашықтық сатып алушыға да әсер етуі мүмкін.

– Ал енді мына таңбалау арқылы баға 10-15% көтерілуі мүмкін. Бірақ ашық түрде сауда жасап, ашық түрде сатып алуға мүмкіншілік болады. Бұрынғыдай жасырын көлеңкелі түрде жасай алмайды. Әрине егер ондай сатса, бағасын төмендетіп сатуға тура келеді, – деді экономист Дулат Мыңбаев.

Қатысты жаңалықтар

Жасыл ел – жас ұрпақтың жарқын еңбегі

Жасыл ел – жас ұрпақтың жарқын еңбегі

Бүгін, 17:50
Ескелді аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Тұрған Расиқа Сапарқызы

Ескелді аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Тұрған Расиқа Сапарқызы

Бүгін, 17:36
Кербұлақ аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Бекиев Қайрат Ботайұлы

Кербұлақ аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Бекиев Қайрат Ботайұлы

Бүгін, 17:33
Ескелді аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Құрманғалиев Айдын Талғатұлы

Ескелді аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Құрманғалиев Айдын Талғатұлы

Бүгін, 17:28
Кербұлақ аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Бахтиярова Айдана Мұратбекқызы

Кербұлақ аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Бахтиярова Айдана Мұратбекқызы

Бүгін, 17:23

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.