Талдықорған: +9°C
$ 448.72
€ 493.86
₽ 5.49
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
29 қараша — Мәслихаттар депутаттарының сайлауы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Ермек Келемсейіт облыстық кеңес төрағасы болып қайта сайланды

11 сәуір 2026
КҮНДЕРЕК
Ермек Келемсейіт облыстық кеңес төрағасы болып қайта сайланды
WhatsAppTelegramFacebook

Талдықорғанда Жетісу облыстық ардагерлер ұйымының IX есеп беру-сайлау конференциясы өтті, – деп хабарлайды 7-su.kz ақпараттық порталы.

Алқалы жиында ұйымның соңғы жылдардағы атқарған ауқымды жұмыстары қорытындыланып, қазыналы қарттардың әлеуметтік жағдайын жақсарту мен жастар тәрбиесіндегі рөлін нығайту мәселелері талқыланды. Конференция жұмысына облыс әкімінің орынбасары Диас Есдәулетов, облыстық мәслихат төрағасы Гүлнәр Тойлыбаева және өңірдің түкпір-түкпірінен келген делегаттар қатысты.

Ардагерлер ұйымы: Сандар мен фактілер

Облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ермек Келемсейіт өз баяндамасында ұйымның құрылымы мен зейнеткерлерге көрсетіліп жатқан қолдау шараларына тоқталды. 2025 жылдың басындағы мәлімет бойынша, облыста 96 мыңнан астам зейнеткер тұрады.

«Қазіргі кезде облыстық ардагерлер ұйымы 8 аудандық, 2 қалалық және 567 бастауыш ұйымдарды өз қатарына біріктіріп отыр. Солардың ішінде соғыс жылдарында еңбек еткен 1292 тыл еңбеккері бар. Ардагерлер ұйымдарының негізгі қызметі – егде адамдардың тұрмыс жағдайын жақсарту, оларға медициналық және әлеуметтік қызмет көрсету сапасын арттыру, сондай-ақ жастарды қазақстандық патриотизм рухында тәрбиелеуге бағытталған», – деді Ермек Келемсейіт.

Қаржылық ашықтық және мемлекеттік қолдау

Конференция барысында ұйымның қаржылық есебі де жарияланды. Тексеру комиссиясының төрағасы Болат Тұрысбековтің мәлімдеуінше, 2022-2025 жылдар аралығында кеңес есепшотына 50 миллион 922 мың теңге түскен. Қаржыландыру көлемі жыл сайын артып келеді:

  • 2023 жылы – 13 миллион 700 мың теңге;

  • 2024 жылы – 15 миллион теңге;

  • 2025 жылы – 22 миллион 222 мың теңге.

Бұл қаражаттың басым бөлігі аудандық және қалалық деңгейдегі мәдени-көпшілік іс-шараларға, байқаулар мен спорттық жарыстарды ұйымдастыруға жұмсалған.

Облыс әкімінің орынбасары Диас Есдәулетов ардагерлерді қолдау – мемлекеттік саясаттың ажырамас бөлігі екенін атап өтті. Оның айтуынша, ардагерлер ұйымына бөлінетін жылдық қаржы көлемі былтырдан бастап 25 миллион теңгеге дейін ұлғайтылған. Бұл санаторий-курорттық емдеу мен әлеуметтік төлемдер көлемін арттыруға мүмкіндік береді.

Марапаттар мен жаңа міндеттер

Жиын соңында күн тәртібіндегі маңызды мәселе – басшылық құрамды сайлау өтті. Делегаттардың бірауыздан дауыс беруімен Ермек Келемсейіт облыстық ардагерлер ұйымының төрағасы болып қайта сайланды.

Сондай-ақ, өңірдің қоғамдық өміріне белсене араласып жүрген бірқатар ардагерлер мен ұйым жетекшілері облыс әкімі мен мәслихаттың Құрмет грамоталарымен және Алғыс хаттарымен марапатталды. Олардың қатарында Күләш Айтжанова, Оралбек Жақиянов, Дина Нұрғалиева сынды белгілі тұлғалар бар.

Алдағы кезеңде ардагерлер ұйымы қариялардың мүддесін қорғау жұмысын одан әрі күшейтіп, республикалық XI съезде қабылданатын стратегиялық жоспарларды жүзеге асыруды көздеп отыр.

Қатысты жаңалықтар

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ІІІ Стратегиялық серіктестер форумында сөйлеген сөзі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ІІІ Стратегиялық серіктестер форумында сөйлеген сөзі

Бүгін, 20:06
Ағаштарға цифрлық паспорт беру бастамасы іске қосылды

Ағаштарға цифрлық паспорт беру бастамасы іске қосылды

Бүгін, 19:43
Елімізде кәсіподақтар мен Халық Кеңесі бірлескен диалог орнатты

Елімізде кәсіподақтар мен Халық Кеңесі бірлескен диалог орнатты

Бүгін, 19:39
Жасыл ел – жас ұрпақтың жарқын еңбегі

Жасыл ел – жас ұрпақтың жарқын еңбегі

Бүгін, 17:50
Ескелді аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Тұрған Расиқа Сапарқызы

Ескелді аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Тұрған Расиқа Сапарқызы

Бүгін, 17:36

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.