2025 жылдың 17 қаңтар күні Алакөл ауданы, Екпінді ауылында салауатты өмір салтын қалыптастыру, ауданымызда қысқы спорт түрлерін насихаттау және одан әрі дамыту мақсатында шаңғы жарысынан Алакөл ауданының чемпионаты өтті.
Шаңғы тебуден шеберліктерін паш етуге ерлер мен әйелдер арасында 6 жас санаты бойынша 80-ге жуық спортшы қатысып, бақ сынасты. Чемпионаттың ашылу салтанатында «Намыс» барлық түрлері бойынша спортты дамыту дирекциясы» КММ-нің Алакөл ауданының бөлімінің басшысы Ердос Нөсерханов жарысқа қатысушыларға сәттілік тілеп, жеңіс тұғырынан көрінуге тілек білдірді.
Жарыс қорытындысы бойынша, командалық есепте: 1 орынды-”Екпінді” командасы, 2 орынды-”Лепсі” командасы және 3 орынды “Үшарал” командасы иеленді. Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне диплом, кубок және медаль табысталды.
«Жетісу-Ақпарат»





