Талдықорған: +14°C
$ 444.16
€ 487.29
₽ 5.40
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
29 қараша — Мәслихаттар депутаттарының сайлауы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Табиғатқа тағзым – ортақ міндет

11 сәуір 2026
КҮНДЕРЕК
Табиғатқа тағзым – ортақ міндет
WhatsAppTelegramFacebook

Панфилов ауданы тағы бір игі бастаманың ұйытқысына айналды. “Taza Qazaqstan” экологиялық акциясы аясында ұйымдастырылған кең көлемді сенбілік жұмысына жұрт бір адамдай жұмылды. Сондай-ақ, облыстық “7 ozen” экоакциясы шеңберінде Іле өзенінің бойы да назардан шет қалмады, – деп хабарлайды 7-su.kz ақпараттық порталы. 

Аудан көлемінде де қарқын бәсеңдеген жоқ. Республикалық және облыстық маңызы бар жол бойлары, әлеуметтік нысандардың айналасы, саябақтар мен халық тынығатын орындар тазартылды.

Жалпы алғанда, тазалық жұмыстарына 2000-нан астам тұрғын белсенді түрде қатысып, нәтижесінде 100 тоннаға жуық қоқыс сыртқа шығарылды. Бір күннің ішінде 1700 түп ағаш егілсе, жыл басынан бері өңірде 7000-ға жуық әртүрлі көшет отырғызылған.

Тағы бір атап өтерлігі, бұл игі істен кәсіпкерлер де шет қалған жоқ. Әр сенбі сайын сенбілікке шыққан тұрғындарға ауыз су мен қажетті құрал-жабдықтар ұсынып, көпшілікке қолдау білдіруде. Осындай жанашырлықтың бір үлгісін көрсеткен кәсіпкер Жансая Ақанова:

– Демалыс күндері тұрғындар мен түрлі мекеме қызметкерлері аудан тазалығы үшін аянбай еңбек етеді. Кейде өзгенің қалдырған қоқысын жинап жүргендерін көресің. Сол еңбекті көргенде бейжай қалу мүмкін емес. Ауа райының ыстығы мен қолайсыздығына қарамастан тазалыққа үлес қосып жүрген жандарға аз да болса қолдау білдіргім келді, – дейді ол.

Иә, тазалық сенбілікпен шектелетін науқаннан бөлек, ол әр адамның ішкі мәдениетінің айнасы, туған жерге деген құрметінің өлшемі. Панфилов ауданындағы бұл бастама – ел ішіндегі ынтымақ пен жауапкершіліктің айқын дәлелі. Осындай игі істер үздіксіз жалғасын тапқанда ғана табиғат та, қоғам да жаңғыра түсері анық.

Қатысты жаңалықтар

«Әділет» партиясы ауыл шаруашылығы мен кәсіпкерлікті қолдайды

«Әділет» партиясы ауыл шаруашылығы мен кәсіпкерлікті қолдайды

Бүгін, 11:49
Талдықорған қалалық мәслихаты депутаттығына кандидат Тұрсынбай Ғабит Тұрсынбайұлы

Талдықорған қалалық мәслихаты депутаттығына кандидат Тұрсынбай Ғабит Тұрсынбайұлы

Бүгін, 11:38
Талдықорған қалалық мәслихаты депутаттығына кандидат Есмаханов Азиз Аблайұлы

Талдықорған қалалық мәслихаты депутаттығына кандидат Есмаханов Азиз Аблайұлы

Бүгін, 11:33
Талдықорған қалалық мәслихаты депутаттығына  кандидат Өмірбаев Мадияр Ааманкелдіұлы

Талдықорған қалалық мәслихаты депутаттығына кандидат Өмірбаев Мадияр Ааманкелдіұлы

Бүгін, 11:27
Талдықорған қалалық мәслихаты депутаттығына  кандидат Оразбаев Марат Рахымбайұлы.

Талдықорған қалалық мәслихаты депутаттығына кандидат Оразбаев Марат Рахымбайұлы.

Бүгін, 11:24

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.