Талдықорған: +8°C
$ 455.00
€ 498.77
₽ 5.56
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
29 қараша — Мәслихаттар депутаттарының сайлауы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет Мәслихаттар сайлауы

Талдықорған қалалық мәслихаты депутаттығына кандидат Өмірбаев Мадияр Аманкелдіұлы

19 қараша 2026
Мәслихаттар сайлауы
Талдықорған қалалық мәслихаты депутаттығына  кандидат Өмірбаев Мадияр Аманкелдіұлы
WhatsAppTelegramFacebook

2026-2031 жылдарға арналған «Әділет» партиясынан Талдықорған қалалық мәслихаты депутаттығына № 2 бірмандатты сайлау округі бойынша кандидат Өмірбаев Мадияр Ааманкелдіұлы.

Құрметті сайлаушылар!

Мен, Өмірбаев Мадияр Аманкелдіұлы, Жетісу облысының «Облыстық көпсалалы клиника» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының директорымын.

Талдықорған қалалық мәслихатының VIII шақырылымының (2023-2028) депутатымын. Денсаулық сақтау саласында елеулі жұмыс тәжірибем бар.

Сайлауалды бағдарламам «ӘДІЛЕТ» партиясының құндылықтарына негізделген. Негізгі назарымды медициналық көмектің қолжетімділігі мен сапасына, профилактикаға, әлеуметтік қолдауға және жергілікті басқарудың ашықтығына аударамын.

Депутаттық өкілеттігім шеңберінде тұрғындарды толғандырған мәселелерді көтеруге, олардың шешілуін бақылауға және атқарылған жұмыстар туралы халық алдында есеп беруге күш саламын.

Мен үшін басты мақсат – Талдықорғанды денсаулық сақтау қызметі қолжетімді, қауіпсіз және тұрғындарға қолайлы қалаға айналдыруға үлес қосу.

 

Құрметпен Мадияр Өмірбаев

 

 2026-2031 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН НАҚТЫ МІНДЕТТЕМЕЛЕР

  1. ЖОЛ ЖӘНЕ КӨЛІК

Қаладағы нормативтік жағдайдағы жолдардың үлесі 2026 жылы 92,6%-ға жетуі тиіс, осы жұмысқа Ақ қайың, Бұлақты, Ойжайлау, Е. Брусиловский көшелерін қосуды талап етемін. Абай мен Абылайхан көшелеріндегі аялдамаларды қарттарға ыңғайлы етіп жаңартуды ұсынамын.

  1. СУ, ЖАРЫҚ ЖӘНЕ КОММУНАЛДЫҚ ИНФРАҚҰРЫЛЫМ

«Мерекелік» бағбандар кооперативіне 31,1 км. газ желісі тартылуын қадағалаймын. «Ключи» кооперативін газ, су және жарық желілерінің келесі кезеңіне енгізу мәселесін көтеремін.

  1. ҚОЛЖЕТІМДІ НЕСИЕ ЖӘНЕ АУЫЛ КӘСІПКЕРЛІГІН ДАМЫТУ

«Іскер аймақ» бағдарламасы бойынша облыста 2027 жылы қолдау алатын 17 жобаның арасында округ кәсіпкерлері де болуына ықпал етемін. Бағдарлама шарттарын түсіндіретін ақпараттық кездесуді жыл сайын өткізем.

  1. АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ҚОЛДАУ

«Мерекелік» пен «Ключи» кооперативтерінде жеміс-көкөніс өсіретін отбасыларға тамшылатып суару жүйесін орнатуға мемлекеттік қолдау туралы ақпарат беремін. Суармалы суды кезекпен беру кестесін тұрғындармен келісуді талап етемін.

  1. ЖАҢА ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫ ЖӘНЕ АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ ТАБЫСЫ

Қала бойынша 2027 жылы ашылатын 1 035 субсидияланатын жұмыс орнына округтегі жұмыссыз тұрғындарды тіркеуге көмектесемін. Жұмыспен қамту орталығы мамандарының округте көшпелі қабылдау өткізуін ұсынамын.

  1. ҚОЛЖЕТІМДІ ӘРІ САПАЛЫ МЕДИЦИНА

Талдықорған үшін резидентурадағы мақсатты гранттардың 12-ден 37-ге дейін өсуін және жыл сайын 29 медицина маманына әлеуметтік қолдау берілуін бақылаймын. А. Радищев, В. Терешкова, Жеңіс, Мереке көшелерінің тұрғындары үшін көшпелі профилактикалық тексеру ұйымдастырамын.

  1. ЗАМАНАУИ МЕКТЕПТЕР ЖӘНЕ БАЛАЛАРҒА ЖАҒДАЙ

«Адал азамат» тәрбие бағдарламасы бойынша қалалық ресурстық орталықтың округ мектептеріне әдістемелік көмек көрсетуін бақылаймын. А. Затаевич, Ш. Құдайбердиев көшелеріндегі мектеп маңы өткелдерін қауіпсіз етуді талап етемін.

  1. ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ОТБАСЫЛАРДЫ ҚОЛДАУ

Отбасын қолдау орталығы қызметкерлерінің біліктілігін арттыру жұмысына қолдау көрсетемін. Көпбалалы және жалғызбасты аналарға арналған кеңестерді округте тұрақты өткізуді ұйымдастырамын.

  1. САПАЛЫ БАЙЛАНЫС ЖӘНЕ ИНТЕРНЕТ

Құрманғазы, Л. Бетховен, И. Репин, М. Гамарник көшелеріндегі ұялы байланыс пен интернет сапасын тексеріп, анықталған олқылықтарды операторлар мен жауапты органдарға жеткіземін. Қарт тұрғындарға электрондық мемлекеттік қызметтерді пайдалануға көмектесемін.

  1. ТАЗА ЖӘНЕ АБАТТАНДЫРЫЛҒАН АУЫЛДАР

В. Блюхер, В. Иванилов, С. Буденный, Жаңа дәуір көшелерінде аулаларды абаттандыруды және жасыл желек отырғызуды ұсынамын. «Мерекелік» кооперативінде қоқыс шығару кестесінің сақталуын бақылаймын.

Сіздің пікіріңіз мен үшін маңызды!

Сіздің сеніміңіз – нәтиже үшін жауапкершілік!

Әрбір шешім – туған өлкенің игілігі үшін!

 

Құрметті жерлестер!

 Денсаулық – әрбір отбасының басты байлығы. Денсаулық сақтау саласында жұмыс істей жүріп, тұрғындар үшін медициналық көмектің уақытылы әрі сапалы болуы қаншалықты маңызды екенін күн сайын көремін.

А. Радищев, А. Фадеев, Б. Ақылбеков, В. Терешкова, Жеңіс көшелері мен Абай, Абылайхан, Ә. Тыныбаев, Бұлақты көшелерінің тұрғындары көтерген мәселелерді нақты шешімдермен жүйелі түрде қарастыруға ұмтыламын.

Мәслихат депутаты ретінде алған тәжірибем тұрғындардың өтініштерін тиісті органдарға жеткізудің және олардың шешілуін бақылаудың тиімді жолдарын көрсетті.

Бірлесе отырып, денсаулығы мықты, қамқор әрі жайлы Талдықорғанды қалыптастыра аламыз!

Менің ұстанымдар

 Денсаулық – ең басты құндылық. Әрбір тұрғынның сапалы медициналық көмекке қолжетімділігі, адамға қамқорлық пен жауапкершілік – менің басты ұстанымдарым.

Сіздердің өтініштеріңізге, ұсыныстарыңыз бен пікірлеріңізге әрдайым ашықпын. Әр тұрғынды тыңдауға, көтерілген мәселелерді зерделеуге және олардың шешілуіне ықпал етуге дайынмын.

 Сайлауға келіңіздер! Маған дауыс беріңіздер!

 

                                                Тапсырыс беруші: Өмірбаев Мадияр Аманкелдіұлы
Талдықорған қалалық мәслихаты депутаттығына кандидаттың сайлау қоры қаражаты есебінен төленді

 

Қатысты жаңалықтар

Жұмылдыру дайындығы не үшін қажет және әркім нені білуі керек?

Жұмылдыру дайындығы не үшін қажет және әркім нені білуі керек?

Бүгін, 19:34
Бақтыбай ауылында Мәдениет үйі есігін ашты

Бақтыбай ауылында Мәдениет үйі есігін ашты

Бүгін, 19:21
Қазақстанның курорттық аймақтарында туристік қызметтер көлемі артуда

Қазақстанның курорттық аймақтарында туристік қызметтер көлемі артуда

Бүгін, 18:58
Алакөл аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Каримов Досан Елжанұлы

Ақсу аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Қалиақпаров Бауыржан Есболатұлы

Бүгін, 18:01
Алакөл аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Каримов Досан Елжанұлы

Алакөл аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Каримов Досан Елжанұлы

Бүгін, 17:55

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.