Қазақстанның бірқатар өңірінде ауа райы құбылмалы болады, – деп хабарлайды 7-su.kz ақпараттық порталы.
Синоптиктердің болжамынша, елдің батыс аймақтарында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Атырау, Маңғыстау және Батыс Қазақстан облыстарында тұрақсыз ауа райы сақталады. Әсіресе Маңғыстау өңірінде бұршақ жауып, дауыл тұруы мүмкін. Мұнда жел екпіні секундына 23 метрге дейін жетеді. Ал Атырау облысында күндіз нөсер жаңбыр жауып, бұршақ түсу ықтималдығы жоғары.
Оңтүстік өңірлерде де жел күшейеді. Қызылорда облысының орталық және солтүстік бөліктерінде шаңды дауыл болжанып отыр. Жел жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін жетуі мүмкін.
Сонымен қатар Түркістан, Алматы және Жамбыл облыстарында жоғары өрт қаупі сақталады. Таулы аумақтарда өткінші жаңбыр жауып, найзағай болуы ықтимал.
Солтүстік Қазақстан облысында түнгі уақытта жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын түсіп, көктайғақ болуы мүмкін.
Ал Ақмола, Қостанай, Абай және Шығыс Қазақстан облыстарында түн мен таңертең қалың тұман түсуі ықтимал.
Жетісу облысындағы Алакөл маңында да жел күшейіп, оның екпіні секундына 28 метрге дейін жетуі мүмкін.





