Талдықорған: +15°C
$ 447.52
€ 502.21
₽ 5.41
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Жетістік желпінтеді

20 қаңтар 2025
КҮНДЕРЕК
Жетістік желпінтеді
WhatsAppTelegramFacebook

2024 жылғы қаңтар-желтоқсан айларында өнеркәсіп өндірісінің көлемі қолданыстағы бағамен 347 266,7 млн. теңгені құрады. Бұл 2023 жылғы қаңтар-желтоқсан айларымен салыстырғанда 3,4%-ға көп.

Тау-кен өндіру өнеркәсібінде өндіріс көлемі 1,6%-ға азайды. Өңдеу өнеркәсібі, керісінше, 4,2%-ға өсті. Электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және кондиционерленген ауамен жабдықтау 0,8%-ға азайды. Сумен жабдықтауда, қалдықтарды жинауда, өңдеуде және жоюда, ластануды жою жөніндегі қызметтер 2,3%-ға төмендеді. 

2024 жылғы қаңтар-желтоқсанға ауылшаруашылығы өнімдерінің (қызметтерінің) жалпы шығарылымы 435 229,1 млн. теңгені немесе 2023 жылғы қаңтар-желтоқсанмен салыстырғанда 103,0 %-ды құрады.

2024 жылғы қаңтар-желтоқсанда көліктің барлық түрінің жүк айналымы 11 117 млн. ткм-ді құрады (коммерциялық тасымалдаумен айналысатын жеке кәсіпкерлердің орындаған жүк айналымын бағалау есебімен) немесе 2023 жылдың қаңтар-желтоқсанымен  салыстырғанда 78,3%-ды көрсетті. Жолаушы айналымы 589,2 млн. жкм-ді құрады. 2023 жылдың қаңтар-желтоқсанымен  салыстырғанда 88%-ды құрады.

Құрылыс жұмыстарының көлемі 377422,5 млн. теңгені немесе 2023 жылғы қаңтар-желтоқсанмен салыстырғанда 151,1%-ды құрады.    

2024 жылғы қаңтар-желтоқсан айларында пайдалануға берілген тұрғын үйлердің жалпы алаңы 15,2%-ға өсіп, 371,9 мың шаршы метрді құрады. Олардан көппәтерлі тұрғын үйлер 11,3%-ға (143,6 мың шаршы метр) азайды. Бұл ретте пайдалануға берілген жеке тұрғын үйлердің жалпы алаңы – 44,1%-ға (228,3 мың шаршы метр) ұлғайды.

2024 жылғы қаңтар-желтоқсанда негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 522 343,1 млн. теңгені көрсетуде. Бұл өткен жылдың дәл осы кезеңімен салыстырғанда 143,1%-ды құрады.

Тіркелген заңды тұлғалар саны 2025 жылғы 1 қаңтарға жағдай бойынша 8 322 бірлікті құрап, өткен жылғы сәйкес кезеңдегімен салыстырғанда 1,3%-ға ұлғайды. Оның ішінде 100 адамнан кем қызметкерлері барлар 8 089 бірлік. Жұмыс істеп тұрған заңды тұлғалар саны 6 750 бірлік болса, шағын кәсіпорындар 6 519 бірлікке жетті. Облыста тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік кәсіпорындар (заңды тұлғалар) саны 6 266 бірлікті көрсетуде. Өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 2,4%-ға артқан. 

ҚР СЖРА Ұлттық статистика бюросының Жетісу облысы бойынша департаменті
Фото: shutterstock

Қатысты жаңалықтар

Текеліде жауапты мамандарға нақты тапсырмалар берілді

Текеліде жауапты мамандарға нақты тапсырмалар берілді

Бүгін, 14:00
Қар мен боранға қарсы арнайы техникалар сақадай сай

Қар мен боранға қарсы арнайы техникалар сақадай сай

Бүгін, 13:34
Еуроодаққа қабылдау талаптары қатаңдайды: Жаңа мүшелерге 15 жылдық бақылау енгізілуі мүмкін

Еуроодаққа қабылдау талаптары қатаңдайды: Жаңа мүшелерге 15 жылдық бақылау енгізілуі мүмкін

Бүгін, 13:00
Кондитерлік өнімдердегі трансмайды анықтайтын жаңа ұлттық стандарт күшіне енді

Кондитерлік өнімдердегі трансмайды анықтайтын жаңа ұлттық стандарт күшіне енді

Бүгін, 12:30
Құқықтық тәрбие: Жетісу облысының прокуратурасы жасөспірімдермен жиын өткізді

Құқықтық тәрбие: Жетісу облысының прокуратурасы жасөспірімдермен жиын өткізді

Бүгін, 12:03

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.