Алдағы үш тәулікте Қазақстан аумағындағы ауа райына екі негізгі фактор әсер етеді, – деп хабарлайды 7-su.kz ақпараттық порталы.
«Батыстан шығысқа қарай жылжитын циклон салдарынан ауа райы тұрақсыз болып, жауын-шашын (жаңбыр, қар), кей кезде қатты жауын-шашын жауады. Артынша солтүстік, шығыс, орталық өңірлер солтүстік антициклонның ықпалына өтіп, ауа температурасы төмендейді», – деді синоптиктер.
Ел аумағында тұман түсіп, жел күшейеді. Солтүстік, шығыс және орталық аймақтарда көктайғақ болуы мүмкін.
16-17 сәуір күндері солтүстік өңірлерде түнгі ауа температурасы -1…-8 градусқа дейін төмендеп, күндіз +1…+8 градус шамасында болады.
18 сәуірге қарай шығыс аймақтарда түнгі температура -2…-18 градус аралығында құбылып, күндіз 0…+13 градусқа дейін көтеріледі.





