Қазақстанның вице-президентін тағайындау мәселесі жаңа Құрылтай құрылғаннан кейін шешіледі. Бұл туралы сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев мәлім етті, – деп хабарлайды Kazinform агенттігіне сілтеме жасаған 7-su.kz ақпараттық порталы.
– Жаңа Құрылтай сайланған соң, мемлекет басшысы тиісті шешім қабылдайды. Заңға және жаңа Конституцияға сәйкес шешімдер қабылданады. Атап айтқанда, бұл мәселелер Конституциямызда нақты көрсетілген, – деді сенат төрағасы.





