Талдықорған: +23°C
$ 447.14
€ 499.54
₽ 5.46
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР АЛТЫН ТҰҒЫР

Тұңғыш алтын

18 қаңтар 2025
АЛТЫН ТҰҒЫР
Тұңғыш алтын
WhatsAppTelegramFacebook

Алматыдағы «Шымбұлақ» тау шаңғы кешенінде жасөспірімдер арасында фристайлдан Әлем чемпионаты аяқталды. Фристайл – фристайл-акробатика, могул, шаңғымен секіру сынды түрін қамтыды. Кейінгі жылдары фристайлдан жасөспірімдер құрамасы айтулы жетістіктерге жетіп, ел абыройын асқақтатып жүр. Алатаудың баурайында өткен сындада спортшыларымыз мерейді өсірді.

Әуелі, фристайл-акробатикадағы тұңғыш алтын жөнінде. Жас спортшы Дінмұхамед Райымқұл финалдық сында 104.52 ұпай жинады. Күміс медальды Юч Юнхен (Қытай) алса, қола медаль тағы бір Қытай спортшысы Ян Чжичэнге бұйырды. Дінмұхамед іріктеу сынында 4-орын алып, финалдық кезеңге жолдама алған болатын. Жалпы, фристайл-акробатикадан жасөспірімдер арасында өтетін әлем біріншілігінде бұған дейін еншімізге алтын медаль бұйырмаған. Алматы төріндегі Әлем чемпионатына 16 елден үздік спортшылар қатысты. 

Фристайл-акробатикадан бас бапкер Іңкәрбек Бағлан Дінмұхамед Райымқұл-овтың Әлем чемпионатындағы өнеріне баға беріп, алдағы жоспары жөнінде: «Дінмұхамед Райымқұлов жайлы айтатын болсақ, ол биылғы жастар арасындағы Әлем чемпионатында керемет нәтиже көрсетті. Спортшы өзіне жүктелген міндетті жоғары деңгейде ақтады. Оның жеңіске жететініне еш күмәнім болмады. Ендігі басты мақсат – Азия ойындарында керемет өнер көрсетіп, жазда өткен дайындықты ақтау», – деді. 

Ал тарихи алтынның алдында Анастасия Городко параллель могулда топ жарды. Ұлттық құрама барлық жарыс күні жүлдеге қол жеткізді. Атап айтар болсақ, турнирдің алғашқы күнінде Анастасия Городко өзін көрсете білді. Ол могулдан күміс жүлдеге ие болса, жарыстың екінші күні параллельді могулда алтыннан алқа тақты. Бұл оның алғашқы алтыны емес, ол осыған дейін екі рет жарыс жеңімпазы атанған еді. Городко 2022 жылғы Италияда өткен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатындағы нәтижесін қайталады. Сондай-ақ, аталмыш жарыста Федор Бугаковпен бірге аралас командалар арасында күміс жүлдеге ие болған. Одан кейін жас спортшы ауыр жарақатына байланысты бір маусым сынға түспеді. Анастасия 2024 жылы Кьеза-ин-Вальмаленкода өткен жастар арасындағы әлем чемпионатында жүлдеге ие болды. Сол жылы отандасымыз Могулда 1-орынға ие болса, параллельді могулда екінші нәтиже көрсетті. Осындай нәтиже көрсете білген Анастасия Городко бүгінде үш дүркін әлем чемпионы атанды.

Анастасия суперфиналда америкалық спортшы Рис Чэпделейнмен жарысып, мәреге бірінші келді (1. Анастасия Городко — 21.00 ұпай; 2.Рис Чэпделейн (АҚШ) — 14.00 ұпай; 3. Эбби Макларнон). Қазақстандықтың әлем чемпионатындағы нәтижесі туралы фристайл-могулдан ұлттық құраманың бас бапкері Елена Круглыхина: «Анастасияны екі алтын медаль алуға дайындаған едім. Бірақ қателік жіберіп алдық. Бұл бізді бір алтын медальдан айырды. Дей тұрғанмен, Анастасия сөзсіз дарынды спортшы. Ол өзінің көрсеткіштерін жақсартуға әрдайым тырысады. Спортшы ретінде оның болашағы керемет боларына еш күмәнім жоқ. Ал ұлттық құрамаға келер болсақ, барлығы бірдей дайындалды. Әрине, біз Анастасияның 2022 жылғы жарақатынан кейінгі жағдайы мен физикалық мүмкіндіктерін ескердік. Дегенмен, барлығы жоспар бойынша өтті», – деді.

Серік ҚАНТАЙ
Фото: Спортты дамыту дирекциясы

Қатысты жаңалықтар

Текеліде интернет алаяқтықтың алдын алу шаралары күшейтілді

Текеліде интернет алаяқтықтың алдын алу шаралары күшейтілді

Бүгін, 12:00
Шөп жинау кезіндегі өрт қауіпсіздігі

Шөп жинау кезіндегі өрт қауіпсіздігі

Бүгін, 11:30
Жайпақ вокзалы толығымен жаңартылды

Жайпақ вокзалы толығымен жаңартылды

Бүгін, 11:03
Текеліде автобус жүргізушісі мас күйінде ұсталды

Текеліде автобус жүргізушісі мас күйінде ұсталды

Бүгін, 10:53
Су үнемдеу технологиялары: 4.6 мың шақырым канал қайта жаңғыртылуда

Су үнемдеу технологиялары: 4.6 мың шақырым канал қайта жаңғыртылуда

Бүгін, 10:30

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.