Талдықорған: +15°C
$ 469.52
€ 553.75
₽ 6.15
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Премьер-министрдің ВАК отырысында көші-қон жағдайы қаралды

20.04.2026
КҮНДЕРЕК
Премьер-министрдің ВАК отырысында көші-қон жағдайы қаралды

primeminister.kz

WhatsAppTelegramFacebook

Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысын өткізді. Жиын барысында еліміздегі көші-қон жағдайы және оны реттеу шаралары қаралды. Шетелдіктердің келуін бақылау және заңсыз көші-қонға қарсы іс-қимыл бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы ішкі істер министрі Ержан Сәденов, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаев көші-қон саясатын жетілдіру және көші-қон процестерін реттеудің жаңа тетіктерін енгізу туралы ақпарат берді.

Кеңес барысында Премьер-министр көші-қон мәселелері нақты әрі түсінікті реттеуді талап ететінін атап өтті.

«Қазақстан шетелдік жұмыс күші үшін тартымды ел бола түсуде. Сонымен қатар Мемлекет басшысы Қазақстанды талантты адамдарды тартатын, яғни білімді әрі ауқатты адамдар жұмыс істеуге, бизнес жасау үшін келетін орынға айналдыру міндетін қойып отыр. Бұл көші-қон саясаты мәселелеріне жаңа көзқараспен қарауды талап етеді. Біз бұл салада тәртіп орнатып, барлық мүдделі тараптарға түсінікті нақты «ойын ережелерін» орнатуымыз керек», – деп атап өтті Премьер-министр.

Еңбек министрлігіне Экономика, Ішкі істер, Сыртқы істер министрліктері, Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі және басқа да мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, Қазақстанға сұранысқа ие мамандарды тарту жөніндегі шаралар кешенін әзірлеу тапсырылды. Мәдениет және ақпарат министрлігіне Сыртқы істер министрлігі және басқа да мемлекеттік органдармен бірлесіп, осы бағытта белсенді үгіт-насихат науқанын жүргізу тапсырылды.

Көші-қон саласында тәртіп орнату мақсатында бірқатар шара қабылдануда. Атап айтқанда, қызмет көрсету үшін де, құқық бұзушылықтарды анықтау үшін де қолданылатын ЖИ технологиялары арқылы заманауи цифрлық шешімдер енгізілуде. Тұрақты тұруға рұқсат алуға қойылатын талаптар күшейтілді. Заңға бағыну мінез-құлық қағидаты енгізілді, оған сәйкес әкімшілік құқық бұзушылықтардың, оның ішінде жол қозғалысы ережелерін бірнеше рет бұзу және қылмыстық теріс әрекеттердің болуы тұрақты тұруға рұқсат алуда бас тартуға негіз болады. Сонымен бірге өтініш берушілердің қаржылық тұрақтылығына және олардың қоғамға интеграциялануына қойылатын талаптар күшейтілді. Ішкі істер министрлігінің деректері бойынша, биыл елімізде шетелдіктерді заңдастырылған 5 заңсыз көші-қон арнасы жойылды.

Сонымен қатар жеңілдетілген тәртіппен азаматтыққа өтініш беру кезінде қос азаматтық алуға байланысты тәуекелдер мәселесін шешу үшін Ішкі істер министрлігі мүдделі органдармен бірлесіп, реттеудің қосымша тетіктерін, оның ішінде скоринг, тестілеу және өңірлік бөлу элементтерін сынақтан өткізуде. Жұмыспен қамтудың цифрлық платформалары қызметін реттеу қажеттігіне ерекше назар аударылды.

Премьер-министр әкімдіктер «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп, жұмыс берушілер арасында шетелдік жұмыс күшін тартуға өтініштерді уақтылы беру мәселелері бойынша тұрақты түсіндіру жұмыстарын жүргізуі қажет екенін атап өтті. Еңбек министрлігіне мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, платформалық жұмыспен қамту саласындағы агрегаторларды шетелдік жұмыс күшін тарту қағидаларын сақтауға міндеттейтін шаралар қабылдау тапсырылды.

Премьер-министр еңбек көші-қонын реттеудегі экономикалық кедергілерді жою қажеттігін айта келе, алымдар мен айыппұлдар арасындағы теңгерімсіздікке байланысты жұмыс берушілерге жұмысшыларды заңды түрде рәсімдегеннен гөрі айыппұл төлеу тиімдірек екенін атап өтті.

Сонымен қатар жұмыспен қамтудың жеке агенттіктері қызметін реттеу, оның ішінде Бірыңғай мемлекеттік тізілім құру және нарыққа қолжетімділік өлшемшарттарын енгізу жөніндегі шаралар қосымша пысықталуда. Сондай-ақ шетелге шығатын Қазақстан азаматтарын бақылау жүйесі енгізілуде, бұл алдын алу шараларының тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

Пәтерлерде нақты тұрмаса да адамдарды жаппай тіркеу мәселелері көтерілді. Астана қаласында тіркеу нормасы бойынша шектеу енгізілген – отбасы мүшелерін қоспағанда, бір адамға кемінде 15 шаршыметрден келуі тиіс. Ішкі істер министрлігіне мұндай тәсілдерді өңірлерде де енгізу ұсынылды. Уәкілетті органдарға үшінші тұлғаларды жалған тіркеуден бас тарту құқығын беру ұсынылады. Жыл сайын 8 мыңға жуық жылжымайтын мүлік иесі азаматтарды жалған тіркегені үшін ұсталады.

Мекенжайларды тіркеу кодтарының (МТК) дұрыс берілмеу мәселесі атап өтілді, яғни іс жүзінде тұтас тұрғын кварталдарына бір ғана код берілуі салдарынан халықты есепке алу деректері бұрмаланып, бұзушылықтарды анықтау қиынға соғуда.

Сондай-ақ барақ үлгісіндегі жалға берілетін тұрғын үйлердің бақылаусыз жұмыс істеуі мәселесі көтерілді. Мұндай нысандар ресми түрде тіркелгенімен, іс жүзінде жатақхана ретінде пайдаланылып, бұл құқықтық тәртіп тұрғысынан да, инфрақұрылымға да жүктеме түсіруде.

Ішкі істер министрлігіне Әділет және Жасанды интеллект министрліктерімен бірлесіп, «көлеңкелі» қызмет көрсететін тұрғын үй иелерінің құқықтарын шектеу үшін цифрлық тосқауылдар белгілеу бойынша ұсыныстар қарастыру тапсырылды. Өңірлер әкімдері жалға беру үшін тұрғын үйдің барак үлгісіндегі объектілерді ретке келтіру және жылжымайтын мүлік объектілерінің тіркеу кодтарына ревизия жүргізу тапсырылды.

Қатысты жаңалықтар

Премьер-министрдің ВАК отырысында көші-қон жағдайы қаралды

Премьер-министрдің ВАК отырысында көші-қон жағдайы қаралды

20.04.2026
«Заң мен Тәртіп» – жаңа Конституцияның негізгі қағидаты: Олжас Бектенов ВАК отырысын өткізді

«Заң мен Тәртіп» – жаңа Конституцияның негізгі қағидаты: Олжас Бектенов ВАК отырысын өткізді

20.04.2026
Мемлекет басшысы Анталия дипломатиялық форумының ашылу рәсіміне қатысты

Мемлекет басшысы Анталия дипломатиялық форумының ашылу рәсіміне қатысты

20.04.2026
Мемлекет басшысы Мұхтар Шахановтың қайтыс болуына байланысты көңіл айтты

Мемлекет басшысы Мұхтар Шахановтың қайтыс болуына байланысты көңіл айтты

20.04.2026
Әскери ортадағы қазақ тілінің өрісі

Әскери ортадағы қазақ тілінің өрісі

20.04.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.