ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті Алакөл ауданы бойынша шекара басқармасы ұйымдастыруымен «Көктем-2026» шақырылым сарбаздарының қатысуымен психологиялық тренинг өтті.
Іс-шара жеке құрам арасындағы бірлікті нығайту, өзара сенімді қалыптастыру және қызмет барысында туындайтын психологиялық жүктемелерді еңсеру дағдыларын дамыту мақсатында өткізілді. Тренинг барысында сарбаздар түрлі жаттығулар орындап, командалық өзара әрекет пен тиімді қарым-қатынас тәсілдерін меңгерді.
Кездесу сарбаздардың моральдық-психологиялық ахуалын жақсартуға және ұжымдық рухты арттыруға бағытталды.
ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті





