Алакөл ауданында көктемгі дала жұмыстарының барысын бағамдау мақсатында бірқатар шаруашылық нысандары араланды. Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімінің басшысы Манатбек Рысбеков пен бас маман Әли Сембаев егіс алқаптарындағы ахуалмен танысты, – деп хабарлайды 7-su.kz ақпараттық порталы.
Ақтұма шаруа қожалығында қант қызылшасы алқабында жұмыстар межеге сай өрбіп жатыр. Диқандар науқанға тыңғылықты әзірлікпен кіріскені байқалады. Ал Байгужанов қожалығы майлы дақылдардың НУТ сұрпын егуге ден қойып, 500 гектар жерге тұқым сіңіру ісін бастаған.
Жазылбек КК серіктестігі агротехникалық талаптарды толық сақтай отырып, арпа себу жұмысын жүйелі жүргізуде. Беков шаруашылығында жаңа технологияның игілігі кеңінен қолданылып, «Класс» тракторы тіркемелерімен бірге іске қосылған. Сондай-ақ, Самат Агро құрылымы негізгі дақыл қант қызылшасын егуге белсенді кірісіп, Көлбай ауылдық округінде қарқынды еңбек етуде.
Жалпы, аудан көлемінде көктемгі егіс жұмыстары белгіленген жоспар аясында ұйымдастырылып, шаруалар заманауи техника мен озық тәсілдерді тиімді пайдаланып отыр.





