Талдықорған: +19°C
$ 462.87
€ 540.72
₽ 6.16
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Жетісуда челлендж, буккроссинг, саяхат сабағы, дефиле және басқа да заманауи форматта өтуде

24.04.2026
КҮНДЕРЕК
Жетісуда челлендж, буккроссинг, саяхат сабағы, дефиле және басқа да заманауи форматта өтуде

gov.kz

WhatsAppTelegramFacebook

Жетісу облысында Ұлттық кітап күні мерекесіне орай түрлі форматта іс-шаралар өткізілуде. Соның ішінде челлендждер, буккроссинг акциясы, композиция кештері, конференция, саяхат сабағы, кездесулер, кітап көрмелері мен жәрмеңкелер және басқаларын атап өтуге болады, – деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.

– Ұлттық кітап күні Мемлекет басшысының бастамасымен 2024 жылдан бері аталып өтілуде. Облыста жалпы саны 150 кітапхана болса, кітап күніне арналған іс-шаралар солардың барлығында белсенді өткізіліп жатыр. Біз тек басқосулармен шектелмей, қазіргі заманғы жаңа форматтарды да кеңінен қолданамыз. Бұл ретте әсіресе жастардың қызығушылығы үлкен екені байқалады, оған біз қуанамыз. Жастардың кітапқа деген сүйіспеншілігін ояту арқылы оларды мәдени-рухани, ағартушылық-танымдық тұрғыда дамытуға, ой көкжиегін кеңейтуге ықпал етуге болады, – деді облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Қуаныш Сүлейменов.

Мәселен, Сәкен Сейфуллин атындағы орталық кітапхана «Кітап және пікір алаңы» атты талқылау кешін, «Өлке авторлары – әлем тілінде» атты әдеби подкаст, «Кім тапқыр?» зияткерлік ойынын ұйымдастырса, Көксу аудандық кітапханасында «Бүгінгі тренд – кітап оқу» кітап көрмесі, «Тапқыр болсаң, тауып көр» викториналық ойыны, «Жаңа кітаптар» дефилесі, «Ғасырлар тартысы: кітап пен смартфон» атты сахналық көрініс ұсынылды.

Мұнда қазақ және шетел әдебиеті классиктерінің шығармаларындағы кейіпкерлер, кітапқа қатысты басқа да сауалдар қойылып, өзара пікір алмасылды. Жаңа кітаптар мен сирек кездесетін кітаптардың даналары таныстырылып, көрсеілді, кітап пен заманауи гаджеттердің артықшылығы мен кемшілігі талқыланды.

Аталған іс-шараларға жергілікті мектеп оқушылары, кітапхана оқырмандары, қаламгерлер, жалпы кітапсүйер қауым қатысты.

– «Кітап және пікір алаңы» кеші өте мазмұнды әрі қызықты өтті. Кітапқа байланысты сөздердің орындары ауыстырылып жазылған әріптерден дұрыс сөз құрастырып жарыстық, жасырған сан түрлі кейіпкерлерді таптық, өз ойымызды еркін жеткізіп, кітапқа қатысты түрлі көзқарастармен таныстық. Мен Сейфуллин атындағы кітапханаға тұрақты келемін. Осындай қызықты кештерден кейін кітап оқуға деген қызығушылығымыз арта түсті,  – дейді жас оқырман, Талдықорған қаласындағы № 15 мектептің 7-сынып оқушысы Аяжан Сәбитқызы.

Осы шараларға белсенді қатысып жүрген «Мизам» жылжымалы әдеби мектептің өкілдері де пікір білдірді.

– Біз құрған «Мизам» мектебі кітап оқытудың түрлі әдістерін барынша қамтып, осындай іс-шаралардың басы-қасынан үнемі табылады. «Мизам» мектебі – жай ғана әдеби орта емес, ол – кітап арқылы тұлға қалыптастыратын рухани алаң. Біздің мақсатымыз — оқуды міндет емес, өмір салтына айналдыру. Кітап оқу – тек мәтінді түсіну ғана емес, кейіпкермен бірге ой кешу, автордың әлеміне ену, өз болмысыңды тану. Осындай тәсілдің арқасында оқушылардың сөздік қоры байып, ойлау қабілеті тереңдеп, рухани көкжиегі кеңейеді, – дейді «Мизам» әдеби жылжымалы мектебінің дәріскері, ақын Мұхтар Күмісбек.

Ұлттық кітап күнінің маңызын арттыру, сол арқылы қоғамда кітап оқу мәдениетін қалыптастыру мақсатында қолға алынған мұндай іс-шаралар барлық аудан-қалаларды қамтыды.

Қатысты жаңалықтар

Достықтың бастауы

Достықтың бастауы

24.04.2026
Мемлекет басшысы күзде халықаралық маңызды іс-шара өтетінін айтты

Мемлекет басшысы күзде халықаралық маңызды іс-шара өтетінін айтты

24.04.2026
Жалақы кешіктірілсе, өтемақы төлеу міндетті – заңгер

Жалақы кешіктірілсе, өтемақы төлеу міндетті – заңгер

24.04.2026
«AMANAT» көмегі: Талдықорғанда тұрғын үйге газ тартылды

«AMANAT» көмегі: Талдықорғанда тұрғын үйге газ тартылды

24.04.2026
Сайлаушылармен кездесу: Сарыбұлақтағы маңызды мәселелер көтерілді

Сайлаушылармен кездесу: Сарыбұлақтағы маңызды мәселелер көтерілді

24.04.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.