Талдықорған: +22°C
$ 464.86
€ 544.03
₽ 6.14
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Ақыл сататын коучтар ақылды ма?

26.04.2026
КҮНДЕРЕК
Ақыл сататын коучтар ақылды ма?

holdyou.net/ru

WhatsAppTelegramFacebook

Әлеуметтік желілерде өмірдің мәнін түсіндіріп, табысқа жетудің жолын үйрететін, бай болудың құпиясын айтып беретін «ақылды коучтар» көбейді. Олар семинар өткізіп, онлайн курстар сатып, адамдарға «ақыл» үйретіп жүр. Бірақ ақыл сататын коучтардың өзі расында ақылды ма, әлде бұл жай ғана табыс табудың жолы ма?

Коучтар «30 күнде бай болудың жолы», «Сәттіліктің құпиясы», «Миллион табудың формуласы» деп жарнама жасап, адамдардың назарын аударып, курс сатады. Бағасы да арзан емес. Коучингтер адамға мақсат қоюға, өзін дамытуға көмектеседі. Дамыған елдерде коучинг кәсіби сала ретінде қалыптасқан. Онда арнайы білім, сертификат және тәжірибе талап етіледі. Ал бізде бұл саланың нақты талаптары мен бақылауы әлі толық қалыптаспаған. Соның салдарынан өзін коуч деп таныстыратындардың арасында кәсіби мамандардан қарағанда тәжірибесі аз адамдар да кездеседі.

Көпшілік тез жетістікке жетіп, қысқа уақыт ішінде бай болуды армандайды. Осындай үміт пен сенім кейде коучтардың негізгі «құралына» айналып кетеді. Олар адамдардың психологиялық әлсіз тұстарын пайдаланып, мотивациялық сөздер арқылы сенім қалыптастырады. Нәтижесінде адамдар курстарға қатысып, уақыт пен қаржысын жұмсайды. Кейбір коучтардың өздері айтқан жетістіктері де күмән тудырады. Олар өзін миллионер, кәсіпкер немесе табысты адам ретінде көрсетеді. Бірақ нақты қандай кәсіппен айналысатынын, қалай жетістікке жеткенін анық айтпайды. Қысқасы, коучинг – тәжірибеге емес, әдемі сөзге негізделген кәсіпке айналып бара жатқанын аңғару қиын емес.

Коучтың бәрі бірдей психология немесе педагогика саласында білім алмаған. Ал адамның психологиясына әсер ету – үлкен жауапкершілік. Дұрыс бағыт берілмесе, адамның өміріне кері әсер етуі де мүмкін. Сондықтан бұл саланың кәсіби деңгейде реттелуі маңызды. Біз барлық коучтың жұмысын жоққа шығарып, топырақ шашудан аулақпыз. Шынымен адамдарға пайдалы кеңес беріп, кәсіби түрде жұмыс істейтін мамандар да бар. Олар білім алып, тәжірибе жинақтап, адамдардың жеке дамуына көмектеседі. Мұндай мамандардың жұмысы қоғамға пайдалы екені сөзсіз.

Ақыл сататын коучтардың кез келген тренингіне немесе курсқа қатыспас бұрын оның мазмұны мен авторының тәжірибесін мұқият зерттеген жөн. Бұл мәселе қоғамда жиі талқыланып жүргендіктен оған қатысты депутат Асхат Аймағамбетов те өз пікірін білдірді. Ол әлеуметтік желідегі парақшасында жалған психологтар мен біліксіз коучтардың көбейгенін айтып, бұл саланы заң жүзінде реттеу қажеттігін жеткізді. Оның айтуынша, жаңа заң жобасы аясында психологтардың нақты реестрі жасалып, диплом талап етіліп, жауапкершілік күшейтіледі. Сондай-ақ, психолог пен психиатр мамандарының аражігі ажыратылып, кәсіби құпияны сақтау міндеті енгізіледі.

Ақыл сатып байып кетеміз деп жүріп өз-өзімізді жоғалтып алмайық. Ақыл сататын коучтар ақылды ма? Сіз қалай ойлайсыз, құрметті оқырман?

Айдана АМАНЖОЛҚЫЗЫ
ЖУ студенті

Қатысты жаңалықтар

«Жетісу» жартылай финалда

«Жетісу» жартылай финалда

26.04.2026
Дәстүрлі медицина дәруіш пе?

Дәстүрлі медицина дәруіш пе?

26.04.2026
Сән мен болмыс

Сән мен болмыс

26.04.2026
Ақыл сататын коучтар ақылды ма?

Ақыл сататын коучтар ақылды ма?

26.04.2026
Болашаққа бала шақтың қандай әсері бар?

Болашаққа бала шақтың қандай әсері бар?

25.04.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.